Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Глобус – Жер шарының моделі


Глобус – Жер шарының моделі

Сабақтың тақырыбы Глобус – Жер шарының моделі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды глобустың түрлерімен таныстыру, олардың негізгі ерекшелігін көрсете отырып, қалай пайдалану керектігін түсіндіру.

Дамытушылық: «Экватор», «параллель», «меридиан», «градус торы» ұғымдарын қалыптастыру.  Ғаламшардың жартышарлары мен полюстері туралы аяқталған түсінік қалыптастыру. Градус торы бойынша көкжиек тұстарын анықтау икемділігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, достық қарым-қатынасқа білімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: глобустар, жер шарының жарты шарлар картасы, флипчарт, тұсбағар, атлас, кескін карта, үлестірмелі кескін.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих

Сабақтың түрі: Аралас

Күтетін нәтиже: «параллель», «экватор», «меридиан», «градус торы» ұғымдарының анықтамасын; экваторды, параллельдерді, 0° және 180° меридиандарды, географиялық полюстерді атап, көрсетуді; көкжиек тұстарын анықтауды, градус торының мақсатын білуі/түсінуі тиіс

Негізгі терминдері мен ұғымдары: параллель, меридиан, бастапқы (Гринвич) меридианы, градус торы, жердің жарты шарлары.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақ беру әдісі: Ауызша баяндау, жеке, жұппен практикалық жұмыс, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару: Аида Мажитқызының видеохаты (1 слайд)

Ә). Оқушыларды түгелдеу.

Б)Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Жаңа сабақ:

(Жаңа сабақ түсіндіру барысында оқушылардың үй жұмысының тапсырмасы тексеріледі.)

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін біз Вена қаласына виртуалды саяхат жасаймыз. (2 слайд)

- Вена қаласы Қостанай қаласынан қандай бағытта жатыр? (батыс)

- Азимут бойынша неге градус? (270)

- Көк жиек тұстары бойынша жіру: 1 бағдарша-1қадам (3 слайд)

1. батыс

2 батыс

3. Оңтүстік

4. Оңтүстік

5. Шығыс

6. Шығыс

7. Оңтүстік

8. Оңтүстік

9. Батыс

10. Батыс

- Барлық оқушыларға осындай баға алуға тілектеспін.

-Вена қаласында бір мұражай бар. Мұражай экспонаттарына қарап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз. (глобутардың суреттерін) (4 слайд)

Бұл ненің мұражайы? 5 слайд)

Мұғалім: әлемдегі жалғыз глобустар мұражай Австрия еліндегі Вена қаласындағы Ұлттық кітапханасында орналасқан. Бұл мұражай 1956 жылы ашылған. Қазір мұражайда 590 экспонат бар.

Мұна екі суреттің сипаттаңдар. (6 слайд)

Мұғалім сабақ тақырыбын айқындайды: Глобус-жер шарының моделі.

(оқушылар тақырыпты дәптеріне жазады)

  • Бүгінгі сабақта қандай мақсат қоясыңдар?

(Мұғалім сабақ мақсатын айқындайды)

2.Бірінші экспонатымызбен танысайық. (7 слайд)

- 1492 жылы атақты неміс картографы Мартин Бехайм глобус жасайды. Бұл алғашқы сақталған глобустардың бірі. Бұл глобуста Еуропа, Азия, Африка бейнеленген. Онда Америка туралы түсінік жоқ. Оның орнын, яғни Еуропадан Шығыс Азияға дейінгі аралықты мұхит алып жатыр.

Екінші  экспонат:  – «Nordkapp» (8 слайд)

  • Қандай бөліктерден тұрады? (глобуспен жұмыс жасау: танысу 2 мин)

Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар.Олар солтүстік және оңтүстік полюстер.Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай,орында қалады.Полюстер глобуста және жарты шарлар картасында нүкте түрінде белгіленеді.

Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргізіледі (латынша экватор-теңейткіш деген сөз). Экватор сызығы Жерді тең екі жарты шарға-солтүстік және оңтүстік жарты шарға бөледі.Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллелдер деп аталады (грекше параллель-қатар жүруші деген сөз).Олар батыс-шығыс бағытын көрсетеді.Параллел шеңберінің ұзындығы экватордан полюстерге қарай жүрген сайын қысқара береді.

Бұл айтылғандардан басқа,глобуста солтүстік және оңтүстік полюстердің арасын қосатын шеңбер түріндегі сызықтар бар.Олар меридиандар. Латын тілінен аударғанда меридиан түскілік деген мағынаны береді. Өйткені тал түстегі көлеңке сол жердегі жергілікті меридиан бағытына сәйкес келеді. Меридиан солтүстік-оңтүстік бағытты көрсетеді.Жер шарының кез келген нүктесі арқылы сансыз көп меридиан жүргізуге болады. Солардың бірі халықаралық келісім бойынша бастапқы меридиан ретінде қабылданған.Ол Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласының маңымен өтеді.Бастапқы меридиан шеңбері Жерді батыс және шығыс жарты шарларға бөліп тұрады. Белгілі бір градус сайын жүргізілген параллелдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі. Оны глобустың градус торы деп атайды.

Халықаралық меридиан ретінде нөлдік меридиан 1884 жылы қабылданды. Ол Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласының маңымен өтеді. Бастапқы меридиан шеңбері Жерді батыс және шығыс жарты шарларға бөліп тұрады.

Үшінші  экспонат: (9 слайд)

Герхард Меркатор-фламанд картографы, географы аспан глобусын жасайды. Бүгінгі күнге глобус сақталмаған, тек суреттері ғана.

Суреттер нені білдіреді

  • Шартты белгі деген не? Оларды қайда пайдаланады?
  • Қазір спутпиктан мектептің суретін түсіреміз. (10 слайд)
  • Осындай сурет арқылы не жасауға болады?
  • Мынау Қостанай қаласының планы. Тапсырма: шартты белгілерді (11 слайд) анықтау (жеке жұмыс). Жұппен жұмыс жасау: Қостанай, Аманкелді, Дружба, Қонай, Қостанай бағытының ұзындығын есептеу.
  • Қостанай-Аманкелді-9,2 см
  • Аманкелді-Дружба-7 см
  • Дружба-Қонай-11,5 см
  • Қостанай-Қонай-19,7 см
  • 9,2+7+11,5+19,7=47,4 см (+-4 см)
  • М 1:100000 1см-1000 м-1 км
  • 47,4 см*1000 м=47400 м=47,4 км

Оқулықпен жұмыс: 34 бет

2.Глобустан қашықтықтарды өлшеу. Өзбетінше оқу. (12 слайд)

Глобуста масштаб оңтүстік жарты шарда болады. Мектепте оқу мақсатында 1:30000000 (ең ірі) пен 1:83000000 арасындағы масштабтардағы глобустар пайдаланады.

Тапсырма: Астана мен Мадагаскар аралығын өлшеу.125см*300км=37500 км

3.Глобус түрлері: физикалық, саяси, бедерлі. (13 слайд)

Сөздікпен жұмыс. (14 слайд)

  • Латынша экватор-теңейткіш деген сөз
  • Грекше параллель-қатар жүруші деген сөз
  • Латын тілінен аударғанда меридиан-түскілік деген мағынаны білдіреді.
  • Латынша глобус-шар
  • Латынша план-жалпақ.

V.Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

«Кім жылдам?»

  • 1.Глобустан және жарты шарлар картасынан полюстерді,экватор,параллель және меридиан сызықтарын тауып көрсет.

VІ.Жаңа сабақты бекіту.

«Дұрыс-бұрыс ойыны (егер дұрыс болса шапалақ ұрамыз)

  • 1.Жер шарында 2 полюс бар. (дұрыс)
  • 2.Жер өз білігін айналғанда оның полюстері айналмайды. (дұрыс)
  • 3.Экватор сөзі  «түскілік» мағынаны білдіреді. (бұрыс)
  • 4.Жерді тең екі жарты шарға  меридиан бөледі. (бұрыс)
  • 5.Жер экваторының ұзындығы 40000 километр. (дұрыс)
  • 6.Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллель деп аталады. (дұрыс)
  • 7.Оңтүстік,солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтарды экватор деп атайды (дұрыс)
  • 8. Алғашқы глобусты жасаған М. Бехайм. (дұрыс)
  • 9.Гринвич абсерваториясы Вена қаласында орналасқан. (бұрыс)
  • 10. ҚР солтүстік шарты шарда орналасқан (дұрыс)
  • VІІ.Бағалау
  • VІІІ.Үйге тапсырма.  (16 слайд)
  • §11 оқып келу
  • Дүние жүзі саяси картасы бойынша Қостанай мен 10  қаланың   ара қашықтығын өлшеу.
  • Мұражайға саяхат-видео (17 слайд)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Глобус – Жер шарының моделі
Глобустың градус торы
Глобус. Географиялық координата
Географиялық карталар, олардың жіктелуі
Глобус
Глобус. Глобустан картаға көшу
Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік
Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы
Глобус – Жердің моделі ашық сабақ
Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 6422 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык