Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » МАЛАЙЗИЯ



МАЛАЙЗИЯ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Малайзияның мемлекеттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:               МАЛАЙЗИЯ
    МАЛАЙЗИЯ (Malaysia), Малайзия Ф е д е р а ц и я с ы (Federation оІ Ма-laysia) - Оңт.-Шығ. Азиядағы мемле¬кет. Ол Оңт. Қытай теңізімен бөлінген екі бөліктен құралады. Б а т. М а лай¬з и я (Малайя) - Малакка түбегінің оңтүстігінде; 
Ш ы ғ. М а лай з и я (Саравак және Сабах) - Калимантан (Борнео) аралының солтүстігі мен солт. батысында. Ынтымақ (Британ) құрамына кіреді. 
Жері 332,8 мың км . (Бат. М.-131,8 мың км2, Саравак - ¬124,9 мың км2, Сабах - 76,1 мың км2). 
Халқы - 24,9 млн-ға жуық (2005). 
Астанасы - Куала-Лумпур қ-сы. 
Әкімш. жағынан 13 штатқа (9-ын сұлтан,  4-ін король 4 жылға тағайындайтын губернаторлар басқарады) бөлінген. 
     Мемлекеттік құрылысы. Малайзия -конституциялы монархия. Қазіргі консти¬туциясы 1957 ж. қабылданған. Оған түзету 1963 ж. акт бойынша енгізіл¬ген. Мемлекет басшысы - Билеушілер Советі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы билеуші (оны сайлауға тек сұлтанат билеушілері ғана қатынаса алады). Жоғарғы билеуші федерация жоғары лауазым иелерін тағайындайды, пар¬ламентті шақырады және таратып жі¬бере алады, заң жобаларын бекітеді, қарулы күштердің жоғарғы бас қол¬басшысы да сол. Ол бұл праволарын үкіметтің ұсынысы бойынша ғана жү¬зеге асырып отырады. Заң шығарушы жоғары өкімет органы екі палаталы парламент-сенат пен өкілдер палатасынан құралады. Сенаттың 58 мүшесі бар. Оның 26-сы штаттардың заң шы¬ғарушы жиналыстарында сайланады, 32 мүшені премьер-министрдің ұсыны¬сы бойынша Жоғарғы билеуші тағай¬ындайды. Сенаторлар өкілдігінің мер¬зімі 6 жыл. Өкілдер палатасының 144 депутаты 5 жылдық мерзімге сайлана¬ды. 21 жасқа толған барлық азамат¬тарға сайлау правосы беріледі. Жоға¬ры атқарушы органы премьер-министр басқаратын үкімет - министрлер ка¬бинеті. Әрбір штатта өзінің конститу¬циясы, өкімет және басқару органда¬ры бар. Әрбір монархиялық штатты мұрагерлікпен тағайындалған немесе сайланып қойылатын билеуші (сұлтан, раджа), ал монархиялық емес штат¬тарды Жоғарғы билеуші 4 жылға та¬ғайындайтын губернаторлар басқа¬рады. 
Сот жүйесі федералдық сот және екі жоғары сот, округтық соттар мен магистрат соттарынан құралады. Әр¬бір штатта мұсылмандық және әдет право соттары бар. 
     Табиғаты. Малайзия экваторлық белдеу¬де орналасқан. Жағалауы аз тілімделген, көбінесе аласа, батпақты келеді.Калимантан аралын солт/шығысынан маржан рифтері қоршайды. Малайзия жерінің көпшілік бөлігін Малакка түбегі¬нің төбешіктері, аласа және орташа таулары (1000-2000 м, ең биігі - Та¬хан тауы, 2190 м) алып жатыр. Оңт.¬бат. және солт.-шығ. жағалаулар, Ма¬лакканың оңтүстігі мен Калимантан¬ның жағалаулары да - аллювиалдық ойпат. Малайзияның ең биік жері - Кина¬бану тауы (4101 м). Малакка мен Са¬равактың оңтүстігінде экваторлық, солтүстікке қарай субэкваторлық, мус¬сондық климат. Ауаның айлық орта¬ша температурасы жыл бойына азғана өз¬гереді (жазықтықтарда 250 С-тан 280 С-¬қа дейін). Жағалаулық өңірлеріне жы¬лына 2000-2500 мм, тауда 4000 мм-ге дейін, Кинабану массивінің беткейле¬рінде 5000 мм-ден астам жауын-ша¬шын түседі. Өзен торы жиі. Ұзын өзендері Калимантан аралында (Рад¬жанг, Барам, Кинабатанган). Малакка түбегінің өзендері қысқа келеді (ең ұзын Паханг өзені 320 км). Ірі өзен¬дердің саға тұсы кеме қатынасына жарамды. Жері көбінесе күлгін лате¬рит топырақты, ойпаттар аллювиал топырақты. Малайзия жерінің ¾-не жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік, көп ярусты биік діңді ағаш (пальма, панданус, бамбук, мәңгі жасыл емен, лавр, рододендрон) өскен орман алып жатыр. Жануарлары Үнді-Малайя зоо-геогр. облысына жатады. Түр-түрі өте көп: піл, мүйіз тұмсық, гималай аюы, жолбарыс, жабайы өгіз, маймылдар (орангутан, гиббон) крокодил, айдаҺар жылан кездеседі. Орман сүт қоректілерінен тупай, тиін, сусар, жартылай маймыл мекендейді. 
    Халқының этникалық құрамы күр¬делі. 54%-тен астамы малайя полине-зиялық семья тілдерінде сөйлейтін ха¬лықтар, 37%-тейі қытайлар, 8,6%-і үн-дістер. Малайялықтар бүкіл ел бойынша, әсіресе солт/бат. және шығ. бө-ліктерінде тығыз қоныстанған. Қытай¬лар мен үндістердің көбісі бат. жаға-лауда, сонымен бірге ірі қалаларда тұ¬рады. Мемл. тілі - малайя тілі, Meмле-кеттік діні-исламның сунниттік бағыты, сонымен қатар индуизм, сикхизм, буддизм, христиандық және даосизм де таралған. Ресми календары¬ григорьев календары. Табиғи өсім (жылына 3%-тей) және Үндістан, Ин-донезиядан т. б. елдерден иммиграция есебінен Малайзияның халқы тез өсуде. 1995 ¬жылғы санақ бойынша, еңбекке жа¬рамды халықтың 57,6%-ы ауыл шаруашылығында, 6,3%-ы өңдеу өнеркәсібінде істейді. Ха¬лықтың орташа тығыздығы 1км2-ге 75,5 адамнан асады. Ірі қалалары: Куала – Лумпур, Пинанг, Ипох, Джорджтаун, Петалинг-Джая, Малакка.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИРАК
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ
БРУНЕЙ
ТАЙЛАНД
КАМБОДЖА
БУТАН КОРОЛЬДІГІ
ШВЕЙЦАРИЯ
ИСЛАНДИЯ
НОРВЕГИЯ КОРОЛЬДІГІ
ШВЕЦИЯ КОРОЛЬДІГІ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2480 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык