Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / География |
Көрсетілім: 3510 |
|
|
|
Шар өзені
Тақырыбы: Шар өзені
Сабақтың мақсаттары:
Оқыту - Шар өзенінің тарихымен, физикалық-географиялық орнымен, басты ерекшеліктерімен және шаруашылықтағы маңызымен таныстыру.
Тәрбиелік - Оқушылардың табиғатқа қызығушылығын арттыру және экологиялық тәрбие беру.
Дамытушылық- Дүниетанымын кеңейту, өз бетімен білім жинауға дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, Атластар, Кескін карталар, Интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру әредігі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Қайталау . Елімізде неше өзен бар? Неше өзеннің ұзындығы он километрден ғана асады? Ұзындығы мың километрден асатын өзендер? Өзеннің су шығыны деген не? Өзеннің су айырығы ? Өзендердің маңызы? Ішкі алап өзендері?
Солтүстік Мұзды мұхиты алабының өзендері? Канал және бөген деген не?
4. Жаңа сабақты түсіндіру:
Шар өзені ежелден қайнаған өмірдің көзі, халықтың аузындағы сөзі болғаны даусыз. Оның куәсіндей өзен бастауында кездесетін тастағы таңбалар(петроглифтер), тарихы тереңде жатқан алтын кен орындары және Балажал алтын кен орнынан табылған тасқа терең ойылған адам алақанының таңбасы. Шар өзені Жарма ауданының территориясын екіге бөліп батыстан шығысқа қарай ағады. «Шар»-қазақтың «Сары» деген сөзінен шықса керек. Ауданымыздың солтүстігінде онымен қатарласа (параллель) ағатын Қызыл су өзені бар. Екі өзеннің аттары да егіз қозыдай сын есімнен тұруы әбден ықтимал. Біріншіден айналасындағы Балажал, Сынтас, Бөке, Ақжал сияқты алтынды кен орындарының қызғылт сары топырағы өзен суының таулы бөлігіне рең беріп тұрады. Екіншіден сөз бұрмалаудан «Сары өзен» сөзі «Шар өзен» болып кеткенге ұқсайды. Үшіншіден Ер-Жәнібек Батырға ескерткіш ашылуына байланысты семинарда оралман бауырларымыздың бірі ежелден сақталған «Қызыл су мен Сары өзен арасында»деп басталатын өлеңді оқыды. Яғни өзеннің бұрынғы атын кері қайыру болашақтың ісі.
Шар өзені Сарыарқа мен Қалба жотасының табиғи шекарасы болып есептеледі. Ол Қалба жотасынан басталып 253 километр аққаннан соң Ертіс өзеніне құяды. Су жинау алабының ауданы 2,1 мың шарша километрді құрайды. Шардың Ағынықатты, Былқылдақ, Жанама , Жіңішке, Ханым, Жарма, Кеңтарлау сияқты салалары бар. Оның су мөлшері негізінен аудан территориясына түсетін жауын-шашынға байланысты. Яғни қар, жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Кеңтарлау ауылынан төмен қарай кәдімгі жазықтың өзеніне айналады. Көктемде тасиды (көлденең қимасынан тәулігіне бір миллион тоннаға дейін су ағып өтеді) және жазда сабасына түседі. Орташа су шығыны секундына бес тоннаға тең. Шар Жарма ауданының негізгі өзені болғандықтан шаруашылыққа кеңінен пайдаланылады. 1975 жылы өзенге бөгет салынып, беткі ауданы 12 шаршы километр, ұзындығы 7 км, ені 2,5 км, жағалауының ұзындығы 22км, сиымдылығы 80 миллион текше метрлік Шар су қоймасы пайда болды. Бұл су қоймасының көмегімен біріншіден көктемгі жойқын су тасқыны реттеледі, екіншіден 30-35 мың гектар егіс алқабын суландыруға болады. Шар су қоймасынан жан-жаққа бытырай күн талабына сай ірілі-ұсақты каналдар тартылған. Терек, үйеңкі, тал, қарақат, ит мұрын, сиыр бүлдірген өскен өзен жағалауы аудан тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған. Үкі, жапалақ және үйрек, қаз, шағала қасқалдақ, сары шымшық сияқты көшпелі құстар өзенге ерекше көрік береді. Ал, қоян, түлкі, жағалауында ойнаса, ондатра, америкалық қара күзен және шабақ, нәлім, алабұға, шортан балықтары суында ойнайды. Шар өзенінің мөлдір суын жағасында орналасқан елді мекендермен қоса Қалбатау ауылы мен Шар қаласы құбыр арқылы алып пайдаланады.
Ауданымыздағы халықтың әлеуметтік жағдайының артуымен және мал шаруашылығының дамуымен қатар өзеннің экологиялық жағдайы нашарлап келеді. Атап айтқанда жағалауының мал иірімдеріне айналуы, демалушылардың өзен жағасын қалдықтармен ластауы, өсімдіктерінің өртке шалынуы, бақылаусыз балық аулануы, әуелі отын дайындаудың орын алуы өзен табиғатына кері әсерін тигізбей қоймайды.
6. Үйге тапсырма: Шар өзені
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |