Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғатым-тағдырым


Табиғатым-тағдырым

Табиғатым-тағдырым

Мақсаты:

1.     Оқушыларға экологиялық білім беру. Адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын ұғындыру.

2.     Экология мәселелеріне, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.

3.     Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Табиғат және экология туралы қанатты сөздер.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жоспары:

1. Кіріспе.

2. Жүргізушілер 1,2

3. Сен білесің бе?

4. Нақыл сөздер, жұмбақтар.

5. Көрініс-тапсырма.

Кіріспе сөз: «Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті

1-жүргізуші: -ХХІ ғасырда бүкіл дүниежүзін елендеткен екі өзекті мәселе алаңдатып отыр,бірі-ядролық қарусыздандыру да,екіншісі-табиғаттағы болып жатқан дағдарыс. Қазіргі біздің республикамыз атмосфераның ластануы жөнінен бүкіл дүниежүзі бойынша алдыңғы орынға шығып отыр.

     Арал теңізі мен Балхаш көлі суларының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығы мен табиғатына үлкен зиян келтіруде.Бүгінде Арал теңізі мен Балхаш көлінің тағдыры-бүкіл халқымыздың тағдырымен сабақтас болып отыр.

Елу жыл бойы Семей жерінде атом бомбасының жырылып,одан тараған  әр түрлі зиянды радиоактивті заттардың ауаны ластауы және ауа,су,тағамдар арқылы ішкі ағзаға өтіп,адам өміріне әлі де қауіп төндіруде.

     Ірі қалаларда ауаға әр түрлі улы ғаздар бөліп шығаратын түрлі өндіріс орындарының көбеюі.

Атмосфераға зиянды улы ғаздар мен олардың қоспаларын бөліп шығатын жеңіл машиналар мен көліктер санының көбеюі.

 2-жүргізуші:

Табиғаттан оқшау сырт қалам қайтіп,

Анасындай арнасын тастап қашып,

Арал қайтып барады,Арал қайтып

Тебіренші,қарашы таң нұрына,

Шақырамын,құлақ сал,жан-жырыма,

Арал сенің тағдырың әлемдегі-

Ұласып тұр адамзат тағдырына

1-жүргізуші:

Анаға бар адамның жаны ашыған,

Кім безер табиғаттай анасынан?

Аралым,күннен-күнге,жылдан-жылға

Алыстап бара жатыр жағасынан.

Балқаш та жалғызсырап аңыраған.

Кім келіп көрсетті екен жәбір оған,

Күн қайда сол кербездің бір өзіне

Жеті өзен жеті туыстай жамыраған.

Жансұлтан- Қазіргі ғылыми прогрестің шарықтап,дамыған тұсында ауаның шектен 

   тыс ластануы-жер бетіне көптеген аурулар мен дерттерді қоса ала келеді. Осының

   салдарынан адам өмірі мен бүкіл тіршілік атаулығы қауіп төнді,адам өлімі

   жылдан-жылға көбейе түсуде. Климат өзгеріп,ауа-райы бұзыла бастады.

Алтынгүл-Бүгінде табиғатты болып жатқан дағдарыс біздің республикамызға да  

    қауіп төндіріп тұрғаны баршамызға аян. Қазақстан жерінің бүлінбеген бір

    бұрышы,бұзылмаған бір ұясы қалмағаны анықталып,кеш те болса,әлемге жар  

    салынып зерттелуде,алдын алу іс-шаралары қарастырылуда.

  Ернар       Ей замандас! Ең алдымен досыңды ұқ.

                       Досың-жер,мөлдір ауа,өсімдік

                      Ала жүріп осылардың сыйлығын,

                      Осыларды қорлау деген не сұмдық?

                      Жер ешкімге жазбайды деп арыз да,

                     Барын сарқып ала беру парыз ба?

                     Жоқ,замандас,әр ұрпаққа туған жер

                     Не берсе де беретіні-қарызға

Арай       Тіршілікті қорғауға біз жарасақ

                 Қорық жасап,егін егіп,қала сап

                О,азамат,космостық дәуірің

                Талап етер сенен биік парасат.

Әли– Табиғатқа қамқорлық жасау-әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы. Табиғаттың тырылтпайық,мөлдір кәусәр тынысын, Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей,адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың.

Ол –анаң ғой,ал,сен-кенже ұлысын 

ІІІ түр.

1-көрініс:

«Аңшы мен бала» деп аталады.

 

Табиғаттан табар адам керекті

Отын етіп,кесіп емен теректі

Егін егіп,өнімдерін алумен

Малдарына орып жасыл желекті.

Қапқан құрып,бүркіт салып аңына,

Өрт шығарып ну орманның маңына,

Неге біздер жол береміз осындай

Суық қолды адамдардың торына!

О табиғат! Тағдырмысың сен менің

Сенің барлық өзен,тау мен көлдердің,

Ауаң,суың,өсімдігің болмаса

Дүниеде қалай өмір сүремін?

Құдыретті мол табиғат,мен саған

Әрқашанда алғыспен бас иемін!

 Қорытынды сөз: - «Тәрбие-бесіктен басталады» дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл мәдениеті. Ендіше, табиғатты аялай білетін, адамгершіліг мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуымыз керек.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Экология және біз
Экология – ел тағдыры
Ағза және қоршаған орта
Адамның іс-әрекеті- аса маңызды экологиялық фактор
Адам және қоршаған орта
Экология негіздері
Табиғатты қорғау негіздері
Мен табиғаттың бөлшегімін
Табиғат - досымыз
Табиғатты аялай білейік
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 4528 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык