Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Экология және біз


Экология және біз
Сабақтың тақырыбы: «Экология және біз». 10 «А» сыныбы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың ізденіс жұмыстарында кездескен жаңа өндірістік жәйін талдағанда биологиядан алған білімдерін іс жүзінде қолдану біліктілігін қалыптастыру;2. Оқушылардың ой — өрісін, экологиялық білімдерін кеңейтіп, дамыту; 3.Оқушыларды өзінің туған өлкесін сүюге, табиғи ортасын аялауға, туған өлкесіне жанашырлық сезіммен қарауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: тірек- сызбалар, кестелер, экологиялық суреттер, бейнефильімдер т.б.
Сабақ түрі: конференция.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікір-талас.
Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)
ΙΙ. Конференция жоспары: 1.Мұғалімнің кіріспе баяндамасы.
2.Оқушылардың әр түрлі экологиялық тақырыпқа дайындап келген баяндамаларын қорғауы.
3.Ой – бөлісу: « Егер сіз табиғат қорғау министрі болсаңыз, онда...»
4.Қорытынды.
5. Конференцияға жақсы қатысқан оқушыларды марапаттау.
1.Мұғалімнің баяндамасы: — Құрметті оқушылар! Қазіргі таңда Жер бетіндегі бүкіл адам баласын ерекше толғандырып отырған ең басты мәселе – ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселелер болып отыр. Сондықтан да, әрбір мемлекет бұл мәселелерді негізгі мемлекеттік міндеттердің бірі деп қарастырады. Осыған орай, елімізде қордаланған экологиялық жағдайларды жақсарту шараларына айрықша мән беріліп, 2007 жылдың барысында Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы Заң қабылданды. Кодекс ұғымы бір жүйеге келтірілген заңдар мен ережелер жүйесінің біртұтас заңдастырылған жүйесі деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде елімізде қабылданған бұл экологиялық кодекстің 7 бөлімі «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық » деп аталып, оның 25 – тарауы түгелімен «Экологиялық білім беру мен ағарту мамандарының біліктілігін арттыру» мәселесіне арналған. Бұл аталған нақты міндеттерді жүзеге асыру ісі мектеп мұғалімдеріне жүктелетіні белгілі. Міне, осы аталған мәселелерді жүзеге асыру мақсатында бүгін біз – экологияға арнап конференция өткізгелі отырмыз. Бейнекөрсетілім: «Қазақстан және экология»Атап айтар болсам, қазіргі кездегі өнеркәсіптің өркендеуі, халық санының артуы, тұрғындардың ірі қалалардың маңына шоғырлануы – экологиялық жағдайлардың күннен-күнге шиеленісе түсуіне әсер етуде. Әсіресе, ауа райының ғаламдық деңгейде жылынуы, озон қабатының жұқаруы, әлемдік мұхиттардың ластануы, тропикалық ормандардың қарқынды түрде қырқылуы, тірі организмдердің түр санының азаюы және тағы басқа жағдайлар бүкіл адамзатты алаңдатып отырғаны да ақиқат. Жер шарының көп аймақтарында ауыз судың тапшылығы шектен тыс құрғақшылық, өте күшті су тасқындары, сұрапыл дауылдар, орасан көлемдегі өрттердің бәрі де ғаламшардың ғаламдық деңгейде жылынуының әсерінен болуда деген пікір қалыптасып отыр. Ғалымдардың деректері бойынша 1990 жылдан бері 100 жыл ішінде Жер бетінің орташа жылдық температурасы 0,5 0 С- қа көтерілген болса, ал соңғы әрбір 10 жылда бұл көрсеткіш 0,30 С көтерілгені анықталды. Жер бетінде ғаламдық жылынуы дәл қазіргідей жалғаса беретін болса, осы ғасырдың ішінде ғаламшардағы орташа температуралық жағдай + 1 +50 с көтерілуі мүмкін деген деректер бар. Жер бетінің ғаламдық деңгейде жылынуына негізінен, өнеркәсіп орындарынан, жанармайды пайдаланатын көліктерден бөлінетін су буларының, көмірқышқыл газының, азот оксидінің, күкірт ангидридтерінің, метанның және тағы басқа улы қоспалардың әсері мол. Мұндай улы қоспалар жер бетінің атмосфера қабатында жылу энергиясының жинақталып, жер бетінің жаппай жылынуына әсер ететіні де белгілі. Жер бетінің ғаламдық жылынуы Антарктидадағы, Арктикадағы мұздың және биік таулы аймақтардағы мұздықтардың жаппай еруіне әсер етеді деген пікірлер де бар. Қазіргі ғылыми деректер бойынша соңғы әрбір 10 жылда әлемдік мұхит деңгейі орта есеппен 6 см-ге көтерілетіні анықталған.
Су – тіршілік көзі (бейнекөрсетілім). Жер бетіндегі ғаламдық өзгерістердің бәріне де адамның шаруашылық іс — әрекетінің әсері айқын байқалуда. Соның ішінде табиғатқа зиян келтіретін келеңсіз әрекеттер баршылық… Олар ауаның, судың ластануы, өсімдіктер санының азаюы, топырақ құрамының өзгеруі, т.б. Осы өзгерістердің бәрі адам өміріне, денсаулығына әсер етеді. Табиғат пен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеліп соқтырады. Үздіксіз экологиялық тәрбие беруде мемлекеттік деңгейде мән беріліп, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында республика халқына жолдауында ерекше экологиялық саясат ұстанымдарын көрсетіп, жастарға мемлекетімізді көркейту жолында «Жасыл ел» бағдарламасына бел шешіп кірісудің қажеттілігін ерекше атап көрсетті. Қорыта келгенде, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері — оқушылардың табиғи ортадағы адам әрекетінен болып жатқан өзгерістерді көре білуі, сол табиғи ортаны қалпына келтіруге атсалысуы, оның сапалы болуын қамтамасыз етуін, оқушылардың табиғи ортаға жауапкершілік сезімдерін қалыптастырды. «Экологиялық тәрбие» қоршаған ортаға саналы түрде қарайтын, оның байлықтарын парасаттылықпен игеретін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын жастарды тәрбиелеу. «Табиғатты қорғайық, аялайық Барды — жоқты пайымдай баяндайық. Болашақта қызығын көру үшін Қатысса деп ойлаймыз барша халық! »
Оқушылардың экологиялық тақырыптарға дайындап келген баяндамаларын қорғауы.
1-тақырып: Экология ғылымы және оның құрылымы.
2-тақырып: Су экологиясы
3-тақырып: Ауыл экологиясы.
4-тақырып: Табиғаттағы адамның іс-әрекеттері.

1-тақырып бойынша баяндамашы Орашова Ұлболсын:
а) Экология ғылымы нені зерттейді?
ә) Экология ғылымының негізгі мақсаты неде?

2-тақырып Қайрошова Жазира: а) Судың ластануы қандай ауруларға әкеп соқтырады?
ә) Қазақстандағы өзен-көлдердің экологиялық жағдайы қандай?

3- баяндамашы Орынжанов Нұрбек: а) Өзіміздің Бейнеу ауданының экологиясы туралы не білесің?
ә) Ауылымыздың экологиясын қалай жақсар туға болады?

4- баяндамашы Шамханов Қанағат:
а) Қоршаған ортаға қауіпті заттарды ата.
ә) Өндірістік қалдықтарды жоюдың қандай жолдары бар?

ΙΙΙ бөлім: Шығармашылықпен жұмыс. (ой-бөлісу).

1. « Егер сіз табиғат қорғау министрі болсаңыз, онда...»

2. « Егер сіз аудан әкімі болсаңыз, онда...»

3. « Егер сіз ақын болсаңыз, онда...»

4. « Егер сіз суретші болсаңыз, онда… »

5. «Егер сіз жазушы болсаңыз, онда...»

«Ауыл экологиясы» туралы шығарма жазып келген оқушыларға сөз беру; Ысмағұлова Салтанат, Қамысова Айсауле

1-сұрақ: Біздің ауылымызда қоршаған орта, ауа қандай көздер арқылы ластанады деп ойлайсың?
Жауап: Мысалы, үй айналасындағы неше жылғы жиналған керексіз қоқыстар, тамақ қалдықтары түрлі ылғалдық, микробтардың әсерінен шіріп, зиянды заттар, ұнамсыз иістер ауаға таралады. Мұржалардан шығатын түтін, машинадан шығатын жағымсыз иістер де ауаға қосылады.
2-сұрақ Қазсқстанның және ауылдың экологиясын жақсарту үшін қандай шаралар жасауға болады? Осы жайында ұсыныс, пікірлерің болса, ортаға салуларыңа болады. Хасанова Несібелі: Ауыл экологиясын көркейту үшін үйдің айналасын таза ұстап, ауылымыздағы су көздерінің ластануына жол бермеуіміз керек.
2- оқушы: Үй маңының жанына ағаштар отырғызып, көгалдандыру жүргізіп-ақ республикамызды көркейтуге өз үлесімізді қоса аламыз.
3-оқушы: Ол үшін халықта бірлік болу керек. Бірлік болса ғана көп нәрседен нәтиже шығады.

ΙV.Қорытынды: Құрметті оқушылар! Міне, бүгінгі сабақта өздеріңмен «Экология және біз»» тақырыбында қазір заманымыздағы өзекті мәселелердің бірі — экология жайында біршама сөз қозғап, өз ойымызды ортаға салдық. «Табиғат, Табиғат-Ана» деген сөз асқақтаған ұғым. Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса, экологияландырылған білімді ұрпақ қажет. «Экология және біз» деген тақырыпта өткен конференция сабағымыз осымен аяқталды.

Конференцияның соңында мынандай қаулының жобасы бар:
1. Ауыл экологиясын қорғауға бүкіл мектеп оқушылары болып атсалысу;
2. Ауылды көркейту мақсатында «Жасыл патруль» экологиялық ұйымын құрып, оған мүшелер қабылдап, жоспар бойынша жұмыс жүргізу.
3. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша мектеп ауласын,әр оқушы өз үйінің жанын көгалдандыру.

«Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ-і

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Экология және біз
Сыныбы: 10 «А»

Сынып жетекшісі: Л.Оразалиева

2014-2015 оқу жылы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Экология – ел тағдыры
Экология ғылымының зерттеу әдістері
Табиғатым-тағдырым
Экологиялық білім беру
Адамның іс-әрекеті- аса маңызды экологиялық фактор
Адам және қоршаған орта
Экология негіздері
Экология негіздері
Табиғатты қорғау негіздері
Биоэкология қолданбалы курсы
Бөлім: Статьи / Оқушыларға | Көрсетілім: 5384 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз