|
|
ВЬЕТНАМ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Вьетнам Демократиялық Республикасының табиғат жағдайлары, ресурстары, шаруашылығы, тарихы мен экономикасының негізгі салалары туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Вьетнам Демократиялық Республикасы
Вьетнам Демократиялық Республикасы -Оңт.-Шы¬ғыс Азияда орналасқан мемлекет.
Жерінің аум. 330 мың км2.
Халқы 83,1 млн. адам (2005).
Астанасы - Ханой қ.
Халқының 85-90%-і - вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қал¬ғандары қытай(3%), кхмер, таи, т.б. халықтар.
Рес¬ми тілі - вьетнам тілі.
Тұр¬ғындары негізінен буддизм¬ді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады.
Мемлекет басшысы - прези¬дент.
Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс.
Жерінің 4/5 бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссон¬дық. Қаңтар айының орташа темп-расы 150С, шілдедегі орташа темп-ра 260с. Жауын¬шашынның орташа мөлш. 1500 - 3000 мм. Тропикалық ормандарда піл, жолбарыс, антилопа, буйвол т.б. жа¬нуарлар кездеседі.
В. жерін адам баласы көне тас дәуірі¬нен бастап қоныстана баста¬ған. Ең ежелгі мемл. құры¬лым Ванланг деп аталады. Кейіннен оның орнында пай¬да болған Аулак пен Намвь¬ет мемлекеттерін б. з. б. 2 ғ¬-да Қытай жаулап алды да, 10 ғ-ға дейін бодандықта ұста¬ды. 11 ғ-дың ортасында бір орталыққа бағынған мемлекет құрылып, ол Дайковьет (Ежелгі Ұлы Вьет) деп атал¬ды, 1069 жылдан Дайвьет (Ұлы Вьет) деген атауымен белгілі болды. 12 - 13 ғ-ларда ел билеушілері көрші мемлекет¬термен, соның ішінде Kaм¬боджамен үздіксіз соғыс жүр¬гізді. В. халқы 1257 -1288 ж үш дүркін Шыңғыс хан имl-периясы әскерлеріне тойтарыс берді. 1407 -1427 жылдар ара¬лығында қытай армиясына да қарсы күрес жүргізіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 17 ¬ғ-дың бас кезінен бастап ел өзара қырқысқан екі мемле¬кетке бөлініп кетті. 1804 жыл¬дан бастап Зя Лонг Оңт. Вьетнамда күшті армияға арқа сүйеген монархия орнатты. Оған қарсы Франция 1858 - 62 ж. соғыс ашып, оңт-тегі 3 про¬винцияны өздеріне қаратты. 1884 жылдан бастап В. толықтай Францияның отары¬на айналды. Франция В-ға Лаос пен Камбоджаны қо¬сып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады. Мың¬даған тұрғындар Францияға қара жұмысқа алынды. 20 ғ-¬дың бас кезінде елде ұлт¬-азаттық қозғалыс өрістеді. 1920 жылдан бастап Фран¬циядағы вьетнамдықтар ара-сында әр түрлі саяси партия¬ларға бірігу орын алды. 1930 жылдың бас кезінде Қытай¬да Үнді қытай компартиясы (ҮҚКП) құрылды. 2-дүние¬жүз. соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалы¬сына осы партия басшылық жүргізді. Ол 1954 ж. француз армиясының жеңілуімен аяқталды. Женева келісіміне сәйкес, Вьетнам 17-ендіктің бойы¬мен екі мемлекетке бөлініп, солт-нде 1959 ж. 31 желтоқ¬санда Вьетнам Демократия¬лық Республикасы құрылды, ал. оңт-нде 1955 ж. 26 қазан¬да Вьетнам Республикасы жарияланған болатын. Елдің екіге бөлінуі, бірінің КСРО мен Қытай, екіншісінің АҚШ және оның серіктесте¬рінің ықпалында болуы соғысқа алып келді (қ. Вьетнам соғысы). 1975 жылдың ба¬сында Вьетнам Республикасындағы Сайгон режимі құ¬лап, 1976 ж. екі Вьетнамның бірі¬гуі аяқталды. 20 ғ-дың 90-¬жылдарынан бастап Вьетнамда сая¬си және экон. реформалар жүзеге аса бастады.
Эконо¬микасының негізгі салалары: мұнай, көмір, электр энер¬гиясын өндіру және ауыл шаруашылығы (кү¬ріш, тропиктік жеміс-жидек¬тер өсіру). Ұлттық табыс жан басына шаққанда 200 АҚШ доллары көлемінде. Алайда соңғы жылдары шетелдік ин¬весторлар көптеп тартылып, ел экономикасы жедел да¬мып келеді (жылдық өсім 9%). Елге ең көп инвестиция бөлушілер әрі негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Тай¬вань, Жапония, Оңт. Корея.
Вьетнам - БҰҰ-ның мүшесі, оның 160 елмен дипломатиялық қа¬рым-қатынасы бар. 1995 ж. АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |