Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жер бедері мен пайдалы қазбалары


Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды жер бедерімен таныстыра отырып, пайдалы қазбалардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2. Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру арқылы   шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, картамен жұмысты жандандыру

3. Тәрбиелік Басқа елдердің мемлекеттің жерімен таныса отырып, өз еліне, Отанына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты сүюге, аялауға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:   

Африканың жер бедерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Материктің көпшілік бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Платформаның экватордан солтүстік-батысқа қарай орналасқан бөлігі аласа, оңтүстік-шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан материкте абсолюттік биіктігі 200-ден 1000м-ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер мен таулы үстірттер басым болады.

Африка платформасының түрлі бөліктерде ұзақ уақыт бойы бірде баяу көтерілу, бірде төмен түсу қозғалыстары болып отырған.  Соның нәтижесінде платформаның негізін құрайтын ежелгі кристалды жыныстар жоғары көтеріліп, жақпарлы-қатпарлы қалдық таулар мен Аир, Дарфур тәрізді үстірттер қалыптасыт. Олардың кейбіреулері жақпарлы, ірі тік жарлы Сахарадағы Ахаггар және Тибести сияқты таулы қыраттарға айналған. Платформаның майысып, төмен түскен бөліктерін ұзақ уақыт теңіз басып жатқан. Сондықтан мұндай ойыстарда теңіздік және континенттік шөгінділер жиналып, беті тегіс ірі қазаншұңқырларды (Чад, Конго, Калахари) қалыптапстырған. Материктің шығысындағы ірі Мадагаскар аралы Африка платформасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді.

Кайнозой эрасында Африка-Арабия біртұтас литосфералық плитасының Еуразия плиасымен ығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан бөлініп, қазіргі Қызыл теңіздің табаны жалаңаштанған.  Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі Ұлы Шығыс Африка жарылыстары деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай Замбезия өзенінің сағасына дейін 6500 км-ге созылған. Африканың ең биік нүктесі- Килиманджаро жанартауы. Жер қыртысындағы жарылыстарда орналасқан көл қазаншұңқырлары Африканың ең терең, ірі көлдерінің жүйесін құрайды. Ал ертеректе жанартау атқылаудың ірі орталығы болған Айдаһар таулары Үнді мұхит жағалауына қарай сатыланып, биіктейді.

Таулы жер бедері платформа шеттеріндегі әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдарға тән. Африканың  оңтүстігіндегі палеозой эрасында көтерілген Кап таулары кейіннен үгілу нәтижесінде аласарып, бірнеше үстірттерге айналған. Ал материктің солтүстік-батысында орналасқан Атлас таулары Африкадағы бірден-бір жас, қатпарлы таулы аймақ болып табылады. Ол Еуразиядағы Альпі, Гималай тауларымен бір мезгілде көтерілген тау жүйесі.

Африка пайдалы қазбаларға аса бай. Пайдалы қазбалардың көпшілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының қатарына жатады. Олардың пайда болуы және орналасуы жер қыртысының құрылымы мен даму тарихына байланысты. Магмалық жыныстардың кең таралған аудандарына қара және түсті металдар (мыс, мырыш, қалайы), уран, алтын, алмастың ірі кен орындары бар. Кобальт пен мыстың ірі қоры материктің орталық бөлігінде платина, алтын мен алмастың аса ірі қоры Оңтүстік Африкада, уран Сахараның орталық бөлігі мен Намиб шөлінде шоғырланған. Шөгінді жыныстар қалың жиналған бөліктерде тас көмір, мұнай, табиғи газ, әр түрлі тұздар және шөгінді жолмен қалыптасатын темір, фосфорит, боксит, марганецтің ірі кен орындары таралған. Жерорта теңізі жағалауы мен Гвинея шығанағы мұнайға бай. Фосфориттің дүние жүзіндегі аса ірі кен орындары Атлас тауларында шоғырланған. Оңтүстік африкада көмірдің мол қоры бар.

Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойыөз қажеттеріне аяусыз пайдаланды. Африка елдерінің азаттық алуымен байланысты шетелдердің ықпалы азайып келеді.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Африка жер бедерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
  2. Материктің жер бедерінде таулы үстірттер неге басым, олар қандай тектоникалық құрылымдарға сәйкес келеді?
  3. Шығыс Африканың көтеріңкі болуы неге байланысты?
  4. Егер Шығыс Африканың жарықтары одан әрі кеңейе беретін болса, Африка платформасында қандай өзгерістер болуы мүмкін?
  5. Африка қандай пайдалы қазбалар бар? Олардың қалыптасу жолдарын түсіндіріңдер.

Қорытынды: Қорыта келгенде,  Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойыөз қажеттеріне аяусыз пайдаланды. Африка елдерінің азаттық алуымен байланысты шетелдердің ықпалы азайып келеді.

Үйге тапсырма: §45-оқу. Кескін картаға Африка материгінің пайдалы   қазбаларын түсіріп келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еуразияның жер бедері
Еуразия материгінің пайдалы қазбалары
Солтүстік Американың жер бедері, пайдалы қазбалары
Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Африка материгі. Географиялық орны
Өзендері мен көлдері
Халқы және елдері. Солтүстік Африка елдері
Батыс, Шығыс және Оңтүстік Африка елдері
Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Африкаға саяхат
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 10110 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык