Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жер бедері мен пайдалы қазбалары


Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбаларымен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2. Дамытушылық Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елін, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, бірін-бірі тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Оңтүстік Америка жер бедерінің сипаты жөнінен айқын екі бөлікке ажыратылады. Батыс бөлігін бойлай созылып ежелгі инктер «мысты таулар» деп атаған Анд таулары орналасқан. Одан шығысқа қарай бөлікте жазықтар басым.

Жазықтар гондваналық ежелгі платформада жатыр. Платформалық бөлік ұзақ уақытқа созылған дамуы барысында бірнеше рет көтерілуге ұшырап, кей бөліктері керісінше қатты майысқан. Майысып, төмен түскен жерлер қалың теңіздік және континенттік шөгінді жыныстар жиналуы нәтижесінде тегіс жазықтарға айналған. Олардың қатарына Жер шарындағы аса ірі ойпаттардың бірі Амазонка ойпаты, Ла-Плата, Ориноко жазықтары жатады.

Ал жазықтар аралығында платформа қалқандарына сәйкес келетін Гвиана, Бразилия таулы үстірттері орналасқан. Кейінгі көтерілулер нәтижесінде  жарылыстар арқылы жердің ішкі қойнауынан балқыған жыныстар жер бетіне жайылып, лавалық жамылғыларды қалыптастырған. Гвиана таулы үстірттерінің орталық бөліктерінің, Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығысының биік болуы осы жамылғы қабаттың болуымен байланысты. Жер қыртысының терең жарылыстары арқылы таулы үстірртер жеке бөліктерге бөлінген, олар өзен аңғарлары мен қатты тілімденіп, үгілу мен мүжілуге ұшыраған. Осындай жер бедері оңтүстіктегі Патагония үстіртіне де тән.

Оңтүсті Америка платформасының Анд қатпарлы белдеуі мен жалғасқан бөлігінде Анд тауларына қарай биіктейтін ішкі жазықтар – Гран-Чако, Маморе, Пантанал орналасқан.

Оңтүстік Америкадағы  ең күрделі жер бедері Анд тау жүйесіне тән. Тау жүйесі бір-бірінен бірде алшақтап, бірде түйісіп, тау түйіндерін құрайтын бірнеше жоталар тізбегінен турады. Тау түйіндері сөнген және сөнбеген жанартаулар болып табылатын өте биік шыңдарға сәйкес келеді. Батыс жарты шардың ең биік нүктесі – Аконкагуа осында орналасқан.

Анд тауларының орталық бөлігінде тауаралық үстірттер тән болады, оларды жергілікті халық пуна деп атайды. Үстірттердің бетін қиыршық тастар мен қорымдар, тұзды батпақтар алып жатыр. Анд тау жүйесі екі литосфералық плитаның түйісу аймағында орналасқандықтан жас қатпарлы тауға жатады. Мұнда тау түзілу алі де күшті жүріп жатыр, оған күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары, терең жарылыстардың болуы дәлел болады. 1970 жылы Перуде болған жер сілкінкде 70 мың адам қаза тауып, 600 мыңнан астам адам баспанасыз қалған. Мұндай апатты құбылыстар әр-бір 10-15 жылда қайталанады.

Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай. Шығыстағы таулы үстірттердің қойнауларында темір, марганец, уран кендері никель, алмас пен алтынның алюминий шикізаты – бокситтің, ал ойпаттарда мұнай, табиғи газ, таскөмірдің ірі кен орындары бар. Анд тауларында жарылыстар бойымен магманын сыртқа төгілуінен пайда болған мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, күміс кен орвндары мен асыл тастарының аса бай көздері кездеседі. Валерия жеріндегі әйгілі өалайы белдеуі солтүстіктен оңтүстікке 940 км-ге созылып жатыр.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оңтүстік Американың жер бедерінің қандай басты ерекшеліктері бар?
  2. Физикалық картаны пайдаланып, материктегі ірі жазықтықтар мен таулы үстірттердің биіктіктерін анықтаңдар.
  3. Анд тауларында қандай табиғат апаттары болып тұрады?
  4. Анд таулары неге «мысты тау» деп аталады?

Қорытынды: Оңтүстік Американың қазба байлықтарын ұзақ уақыт бойын Еуропа елдері мен АҚШ жыртқыштықпен пайдаланып келди. Қазіргі кезде материктин тәуелсіздік алған елдері табиғат байлақтарын экономиканы дамыту мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында игеруде.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Еуразияның жер бедері
Еуразия материгінің пайдалы қазбалары
Солтүстік Американың жер бедері, пайдалы қазбалары
Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Батыс, Шығыс және Оңтүстік Африка елдері
Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Америка материгі
Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5943 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык