Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Информатика |
Көрсетілім: 1796 |
|
|
|
Енгізілген мәліметтерді тексеру режімін баптау
Енгізілген мәліметтерді тексеру режімін баптау
Зертханалық жұмыс №7.8.
Тақырыбы: Енгізілген мәліметтерді тексеру режімін баптау
- Excel программасын іске қосып, ертеде құрылған Кітап.xls жұмыс кібын ашыңыз.
- Жеткізуші туралы мәлеметтер жұмыс парағын ашыңыз.
- Бізде жиһаздар мен жеткізушілердің нақты тізімі бар деп алайық, сондықтан да бұл шамаларды қолмен енгізудің қажеті жоқ. Сондай-ақ кез-келген жиһаздың бір жолғы жеткізілу саны 150-ден аспауы керек деп санайық.
- Келесі тәжірибелерді жүргізу үшін мәліметтер базасына қандай да бір бұрмалаулар енгізіңіз: бір-екі жазбаларды жеткізудің атын қате беріңіз, бір-екі жазбаларда жиһаз атауын қате қолданыңыз, бір-екі жазбаларда жеткізу санын артығымен көрсетіңіз (150-ден артық).
- Мәліметтер базасынан тыс жерде, мысалы F бағанында F2-F6 ұяшықтарына жеткізушілердің аттарын бір-бірден енгізіңіз.
- Сондай әдіспен G2-G6 ұяшықтарына жиһаздардың дұрыс атауларын көрсетіңіз.
- Мәліметтер базасының B бағанындағы барлық ұяшықтарды ерекшелеңіз. Баған тақырыбын қоспай Мәліметтер→Тексеру (Данные→Проверка) командасын беріңіз.
- Ашылған Мәліметтер типі тізімінен Тізім (Список) нұсқасын таңдаңыз. Түптек (Источник) өрісіне көшіп, F2:F6 ауқымын енгізіңіз. Егер ауқым таңдалынса, онда сілтеме шұғыл түрде абсолют сілтеме түрінде алынады. Бұдан соң ОК батырмасын шертіңіз.
- Сондай әдіспен Жиһаз өрісіне енгізуге мүмкін мәндерді таңдаңыз. Түптек (Источник) өрісінде G2:G6 ауқымдарын міндетті түрде көрсетіңіз.
- D бағанындағы барлық ұяшықтарды таңдаңыз. Мәліметтер→Тексеру (Данные→Проверка) командасын орындаңыз. Мәліметтер типі (Тип данных) өрісінде Нақты (Действительное) нұсқасын таңдаңыз. Минимум және Максимум өрістеріне, сәйкесінше 10 және 200 мәндерін енгізіңіз. ОК батырмасын шертіңіз.
- В бағанындағы кез –келген ұяшықты ағымдық етіңіз. Енді тізімде жоқ қате мәнмәндерді енгізу мүмкін емес екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Тізімнен мүмкін болатын мәндерді таңдау үшін ашылған жебелік батырманы шертіңіз.
- Осындай әдіспен D бағанындағы ұяшыққа мәтін немесе берілген интервалда жатпайтын мәнді енгізіп көріңіз. Бұл жасау мүмкін емес екенін байқайсыз.
- Мәліметтер базаға тексеру қосылмай тұрып енгізілгендіктен, оларда қатие болуы мүмкін. Сервис→Тәуелділік→Тәуелділік панелі (Сервис→Зависимость→Панель зависимости) командасын беріңіз.
- Қате мәліметтерді қоршау (Обвести неверные данные) батырмасын шертіңіз. Қатесі бар ұяшық (4-ші бөлімде құрылған) қызыл түспен қоршалғанын байқаңыз.
- Қателерді түзетіп, тағы бір рет Қате мәліметтерді қоршау (Обвести неверные данные) батырмасын шертіңіз. Белгілердің жойылғанына көзіңіз жетсін.
- Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |