Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Файлдармен жұмыс


Файлдармен жұмыс

Файлдармен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік       Оқушылардың Операциялық жүйе және онын түрлерін, WINDOWS типті

операциялык жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қашпыктарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік:    Жан-жақты болуға, өз бетімен жүзшс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:   Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту,

                               пәнге деген қызығушылығьш арттыру.

 

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, окулык. практикум. тақта.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Үйгетапсырма

 

 Үй тапсырмасын сұрау.

«Топтастыру»

 

 
   

 

 

 

 

 

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

«Мағынаны тану»

 

 

Қапшықтарды құру оның құрылымы:

        Қапшық элементтері: тақырып,меню,терезені басқару батырмалары,айналдыру жолағы,құрал саймандар тақтасы,қалып күй жолы.Қажет элементтер жиынын Бұл мына жолмен тандауға болады:Түр- Құрал -Саймандар және Түр Қалып күй жолы.

Танбаша- бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиетібар пиктограмма,Объектінің тамғасы,компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл,ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол  Windows98-дегі қандай да бір объектіге:файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т.б сәйкес келеді.

Танбаша жеке бір обьект емес,ол файлға сілтымы ғана.Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Танбашада мауспен екі рет шерту,файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей.

 

Тәжірибелік жұмыс

Тапсырма №1

Терезеде жаңа қапшық құру:

      Қапшықты Файл®Создать®Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі болады.Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады.Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.

Тапсырма №2

Жұмыс үстелінде жаңа  қапшық құру:

     Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу-контексті меню пайда болады.

Создать®Папка комадасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда болады.

Қапшықтың атын енгізіп,енгізу пернесін басу.

Тапсырма №3

Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру

Windows  объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.

       Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады. Қанша көшірмеқажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орыннан жоқ болып кетеді.

      Объектілердіжылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайық:

  1. Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.

Объектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағыш объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орын жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады . Онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копировать, жылжыту қажет болса, Переместить, таңбаша қажет болса, Создать ярлык командаларының бірін таңдауға болады.

  1. Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.

Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Ctrl немесе Shift  пернелер қолдануға болады.

  1. Жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда таңдалған объектілер файлдың типі және оның тағайындалған орнына қарамастан көшіріледі.
  2. Shift пернесі басулы болса, Windows объектіні жылжытады.

 

Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту

     Объектілерді басқа қапшықтарға бұл  қапшықтарды ашпай-ақ көшіруге немесе  жылжытуға (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек. 

Тапсырма №4

Меню командалары арқылы көшіру және жылжыту

Объектілерді жылжытуда ’’апарып қою’’ әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің  Көшіру (Копировать), Қию (Вырезать) деп аталатын кандаларын пайдалануға болады. Бұл командаларды пайдаланғанда, ақпарат  алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі Windows’98-дің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.

Алмасу буфері –жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.

  Алмасу буферінің көмегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың  арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиыпалып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.

Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.

Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.

Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады. 

   Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай-ақ Windows-тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.

Тапсырма №5

Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту

Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:

  1. Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименовать командасын орындау
  2. Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюдегі Файл –Переименовать командасын орындау
  3. Объектіні делгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу
  4. Объеектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңаат жазу

Қапшықтарды, файлдар мен таңдашаларды жою

Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:

1.Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу

2.Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл  командасын басу

3. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл - Удалить командасын басу

4.Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылы Себет (Корзина) белгішесіне апару

       Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл – Востановить командасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюден Востановить командасын орындаймыз.

 

Бекіту

Компьютерде орындалған тапсырманы талқылау

 

ББҮ

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

Үйге тапсырма беру. Файлдардармен жұмыс


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру. Алмасу буфері
Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Алмасу буферін қолдану
Excel-де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен мәліметтерді енгізу
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Файлдар мен қапшықтар
Файлдар мен қапшықтар. Қапшық құру. Таңбашалар
Windows типті ОЖ. Қапшық, файл, дискілермен жұмыс істеу бұйрықтары
Файлдар, қапшықтар және таңбашалар
Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаны жою. Корзинаны қалай тазалайды.
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 5505 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык