Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Файлдар, қапшықтар және таңбашалар


Файлдар, қапшықтар және таңбашалар

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, қапшықтар және таңбашалар

Сабақтың мақсаты :  «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Дербес компьютерде қапшық, файл құру, обьектілермен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  Жаңа материалды меңгеру сабағы.

Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.

Сабақтың көрнектілері:  тесттер, таратпа материалдар.

Сабақтың құрал – жабдықтары:   Дербес компьютер, ИТ, СИН бағдарламасы.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты  «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Ал, енді бұны бастамас бұрын үй тапсырмасын қайталайық.

II. Өткенді пысықтау.
Ауызша сұрақтар:
Терезе дегеніміз не? Неше түрі бар? 
Windows қандай ож?
Жұмыс столы дегеніміз не?
Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыздар?
Компьютердің енгізу құрылғылары?
Компьютердің шығару құрылғылары?

Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар.
1 Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы А Ақпарат 
2 Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ В Жұмыс аймағы
3 Бұл – объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы С Терезе 
4 Сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан Д Интерфейс 
5 Адам мен компьютер арасындағы байланыс Е Сканер 
Жауабы: 1 2 3 4 5
Е С В А Д

Дұрыс жауапты тауып, жауабы өрісіне сәйкес жауапты тышқан нұсқағышы арқылы апарып қойыңыз.
«... – компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдаоламалар жүйесі»

А)ОЖ*  В) Интерфей   С)Драйвер  D)Терезе     E)  Объект

«...европалықтар «Абак», қытайлықтар «Суанпан», жапондықтар «Серобян» деп атаған алғашқы құрылғы 
Аналитикалық машина
Есепшот
Паскаль машинасы
Арифмометр
Дербес компьютер

Жауабы: Есепшот

 

III. Жаңа сабақ
1. Сен Windows-тың қандай объектілерін білесің?
Windows объектілері
Негізгі Арнайы
Қапшықтар
Бағдарламалар
Құжаттар
Таңбашалар Бас меню
Басқару тақтасы
Менің компьютерім
Себет

Файл-бұл аты бар байттар тізбегі. 

 


Файлдың аты

Сол жақ бөлігі                                                                                                      Оң жақ бөлігі

 

Windovs 98 жүйесінде файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек:
Файлдың аты мен кеңейтілу болады.
Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін. Бірақ басқа үйелермен жұмыс істегенде, мысалы, МS-DOS жүйесінде файлдың аты 8 таңбадан аспауы керек екенін есте сақтау керек.
Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды:
      дефис (-), астын сызу (____), леп белгісі (!) және мына символдарды:                                              @, #, $, %, &, (,), {,} қолдануға болады.
Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (<), кіші (>), тырнақша («»), нүкте (.) қолдануға болмайды.


1.Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:
doc - мәтіндік файлдар;
bmp-графикалық файл;
htm-Web-Internet беті;
TXT–блокнот бағдарламасының құжаты
ppt– қолданбасының кеңейтілуі
Файлдың атын оның мазмұнына сай беру дұрыс болады.
Файлдардың арасынан мәтіні, графикалық және дыбыс ақпараты, бағдарламалар мәтіні, бағдарламалар жұмысы туралы деректер және т.б. бар бағдарламалар (қолданбалар) мен құжаттарды ерекшелеу керек.

Жаңа қапшықтар құру
Қапшықтар - бұл қандай да 6ip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: 6ip ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық — бұл аты аталған файлдар тобы.
Қапшықтар жүйелік және жұмыс қапшықтар болып екіге бөлінеді. Windovs –тің объектілері жүйелік қапшықта сақталады. Жүйелік қапшықтарға қандайда бір өзгерту енгізілсе, жүйе жұмысының дұрыс істемеуі  немесе жұмыс барысында тұрып қалуы мүмкін.
Жүйелік қапшықтар: Windovs, Program Files және бағдарламалар арқылы құрылған қапшықтар жатады.
Жұмыс жасайтын негізгі қапшықтар:
Менің компьютерім - ДК ресурстарына қатынау; Логикалық дискілер; Себет; Принтерлер; Файлдары бар кәдімгі қапшықтар (каталогтар).

ТАҢБАШАЛАР
Таңбаша – бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің таңбасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows 98-дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т.б. сәйкес келеді.Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды. Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады және т.б.)
III. 2)Практикум
1. «Мои документы » терезеде  жаңа қапшық құру.
Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде "Жаңа файл"  меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру.
Жұмыс үстелінің жаңа қапшық,ты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу — контексті меню пайда болады.
Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық, белгішесі пайда болады.
Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу.
2. Ағымдағы  терезеде таңбаша құру.
1. Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл => Создать => Ярлык, файл => Создать ярлык немесе контексті  менюдің Создать -Ярлык командасының  көмегімен жасауға болады.
Таңбашаны жасағаннанкейін оны қажетті орынға орналастыруға болады.
Ол үшін таңбаша кұрылатын объектіні іздеуді таңбаша жасау процесін іске қосканнан соң жүргізуге болады немесе алдымен объектіні тауып алып, содан кейін таңбашаны құруды бастауға болады.
Жұмыс үстелінде таңбаша құру.
Жұмыс үстелінің  бос жеріне меңзерді орналастырып, маустың
он жақ  батырмасын басса, контексті меню пайда болады.
Создать => Ярлык опциясын таңдағанда, "Создание ярлыка"
("Таңбашаны ҚҰРУ") диалог терезесі пайда болады.
"Шолу" (Обзор) батырмасын басу, "Шолу" диалог терезесін ашады. Файлдармен қапшықтар арасынан объект табу.
"Ашу" батырмасын басу арқылы "Таңбаша жасау терезесі"
ашылады. Онда, файлға жол толық көрсетпеген.
"Далее" ("Одан әpi") батырмасын басу - "Таңбашаның атын
таңдау" (Выбор названия ярлыка) диалог терезесін ашады.
Мұнда объектінің жүйелік  атын өзгертуге болады.
"Дайын" (Готово) батырмасын басу - Жұмыс үстелінде жаңа
таңбаша пайда болады.
Таңбашаға жылдам шақыру пернесін тағайындау.
Қажетті таңбашада маустың оң жақ батырмасын басып, «Қасиеттері: таңбашаның аты» диалог терезесін ашады. «Таңбаша» (Ярлык) қосымшасын ашу
Быстрый вызов енгізу өрісінде меңзерді жылжыту (пернелер тағайындалмай тұрып, енгізу өрісінде «Нет» жазуы көрінеді).
Пернені таңдап, оны басу. Быстрый вызов енгізу өрісінде Ctrl+Alt+таңдалған перненің символы бейнеленеді.
Пернелердің үйлесуін пайдалану таңбашаға мауспен баспай-ақ, бағдарламаны шақыруға мүмкіндік береді. Пернелер үйлесуі (нақты соңғы таңдалатын символ) бірегей болуы керек.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту
CИН оқулығындағы тапсырмаларды орындау. 
Ойын «Жартымды тап»
Жүйелік коды Блок
Перне Pad Тақта
Жұмыс блок Үстелі
ASCII ROM Коды
Морзе тақта Әліппесі
Фото үстелі Аппарат
Қатты аппарат Диск
СD әліппесі ROM
Word құжаттарым Pad
Тест тапсырмалары: 
1. Ақпаратты өлшеудің ең үлкені бірлігі: 
A) Байт B) Бит  C) Мбайт   D) Кбайт  Е) Гбайт
2. Ересек адам компьютер алдында күніне неше сағат жұмыс істеуге болады?
A) 5 сағаттан артық емес B) 10 сағаттан артық емес 
C) 5 сағаттан кем емес D) 10 сағаттан кем емес E) 8 сағаттан артық емес
3. Кеңейтілген файлдар .TXT – бұл:
A) Атқарылатын файлдар.
B) Командалық файлдар.
C) Паскальда жазылған программа.
D) Мәтіндік файлдар.
E) блокнот бағдарламасының құжаты
3. «Файл» дегеніміз не?
A) Түсіндіру, баяндау, мәлімет.
B) Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым.
C) Аты бар байттар тізбегі.
D) Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал.
E) Әртүрлі мақсаттарға арналған программалар жиынтығы.
4. Компьютер дегеніміз не? 
A) Түсіндіру, баяндау, мәлімет. B) Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым. 
C) Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі.
D) Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал.
E) Әртүрлі мақсаттарға арналған программалар жиынтығы.
5. Курсордың сол жағындағы символдың жойылуы:
A) Delete. B) Home. C) Backspace. D) Insert. E) End.

V. Қорытындылау
1) Үйге тапсырма  3.4 - Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтарды құру. Таңбашалар жасау.
2) Оқушыларды бағалау
3) Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Объектілерді іздеу. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.
Файлдар мен қапшықтар
Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Файлдар мен қапшықтар
Windows операциялық жүйе
Объектілермен жұмыс
Файлдар мен қапшықтар. Қапшық құру. Таңбашалар
Windows типті ОЖ. Қапшық, файл, дискілермен жұмыс істеу бұйрықтары
Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаны жою. Корзинаны қалай тазалайды.
Файлдармен жұмыс
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 7840 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык