Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Интернет. Ауқымды желі


Интернет. Ауқымды желі

Интернет. Ауқымды желі

Сабақтың  тақырыбы: Интернет. Ауқымды желі

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың интернет туралы білімдерін қалыптастыру, интернеттен ақпаратты іздеуді үйрету, интернетті қолдануды практикада  пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Интенеттің  пайдасы мен зиянын талдау.

Күтілетін нәтиже :   

1.Компакт – дискідегі бағдарламаны орната біледі.
2. Бағдарламаны орнатудағы кемшіліктер мен артықшылықтарды талдайды.

Оқыту технологиясы:  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқудағы басқару және көшбасшылық

Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, «Х және О» ойыны, «Білген сайын келеді біле бергің...»,  «Іздеген жетер мұратқа...»,  «Академиялық дау - дамай» ,  «Т» стратегиясы, «Таланттыға нұр жауар»

Сабаққа қажетті құралдар: Флиртчат, стикер, фламастер, компьютер.

Сабақтың жоспары:

Уақыты

Сабақты ұйымдастыру формасы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу .Оқушыларды түгелдеу

Амандасады Кезекші жоқ оқушыны баяндайды

3 мин

Топтасу

Компьютерлік желінің түрлеріне байланысты топқа бөлу. Топтық ережемен таныстыру

Стикерлер алады

4   мин

Білім.

«Х және О» ойыны

Интерактивті тақтада берілген ойын шарттары бойынша сұрақтар қою.

Сұрақтар белгішесін таңдап,  сұрақтарға жауап береді. Жауап қате болған жағдайда «Х» , дұрыс болса «О» белгішесі шығады.

Жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы дарынды оқушылар анықталады.

3 мин

Түсіну.

Ой қозғау

Жаңа тақырыпқа сәйкес интерактивті тақтадан суреттер көрсету,  сұрақтар қою.

Суреттерді көреді, қойылған сұрақтарға дәлелді пікірлер арқылы жауап береді.

8 мин

Топтық жұмыс:

«Галерея»

Әр топқа тақырыпқа байланысты мәлімет жазылғын парақтар тарату. Топтық жұмыс: «Интернет желісі» тақырыбын талқылауды тапсыру

 Берілген мәліметті жеке оқып түсінеді, топта талқылайды,   топпен ортақ шешімге келеді,      топ басшылары сыныптың кез-келген бұрышына іліп қорғайды қорғайды

3 мин

Мағынаны тану

«Білген сайын келеді біле бергің»

Электронды оқулықтан «Интернет» тақырыбына байланысты деректер көрсету.

Элктронды оқулықтан түсінгендерін дәптерге жазып алады.

5  мин

Қолдану.

«Іздеген жетер мұратқа»

Топтық жұмыс.                        Топтарға тапсырма беру.  Интернеттен ақпарат іздеу.

І топ: «Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырлары» тақырыбында мәлімет іздеу.

ІІ топ: Ұлы Отан соғысына байланысты ән жүктеу.

Әр топ өзіне берілген тапсырманы   интернеттен іздейді, іздестіру барысындағы кедергілерді анықтайды, дәптерге жазып алады.

2 мин

Сергіту сәті

Бойсергіту  жаттығуын орындату.

Бейнефильмнен көрген жаттығуларды бірге қосылып орындайды.

5  мин

Талдау.

Академиялық

дау - дамай

Интернеттің пайдасы мен  зияны туралы суреттер көрсету. Топтық пікір талас:

«Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталастыруды ұсыну.

Интернеттің пайдасы мен зияны туралы суреттер көреді, мәлімет оқиды, топта талқылайды.

«Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталастырады.

3 мин

Жинақтау.

«Т» стратегиясы

Интернеттің пайдасы мен зияны туралы жинақталған ойларын тақтадағы «Т» стратегиясы көрсетілген плакатқа жазуды ұсыну.

Әрбір оқушы өз ойларын плакат бетіне түсіреді, қалыс қалушылар қалыс қалу себебін түсіндіреді.

3  мин

«Таланттыға нұр жауар»

Интернет тақырыбына қатысты  өлең шумақтарын құрастыру,  эссе жазуды тапсыру.

Интернет тақырыбында бір  шумақ өлең және эссе жазу арқылы шығармашылық қабілеттерін танытады.

2 мин

Сабақты бағалау

Блум таксономиясы бойынша бағалау. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мен топтар мұғалім тарапынан қол шапалақтау арқылы марапаттау.

Оқушылар әрбір жауабын бағалау парағына белгілеп отырады.  Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мен топтарға аудитория тарапынан қол шапалақтау марапатты көрсетіледі. Сыныптағы оқушылар тізімі көрсетілген плакатқа сынып көшбасшыларын анықтап, Сол оқушылардың тұсына стикерге жеке пікірлерін жазып іледі. 

1 мин

Кері байланыс парағы

Стикерлер тарату

Өз пікірлерін жазады

1 мин

Үйге тапсырма:

Интернет. Ауқымды желі.

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Мен соғысты жек көрем"
Интернеттің пайдасы мен зияны
Интернет туралы түсінік
PowerPoint программасы мен интернет, тақырыбын қорытындылау
Интернет. Электрондық пошта
Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы.
Интернет тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Интернет тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Интернет маған не үшін керек?
Графикалық және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3683 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык