Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Компьютердің құрылымы.


Компьютердің құрылымы.

Компьютердің құрылымы.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Саурық батыр ауылы

«Көкөзек орта мектеп Бірлік бастауыш мектебімен» мм-нің информатика пәні мұғалімі

 Испанбаева Сандуғаш Қойшибаевна

Пәні: информатика

Сынып: 5

Сабақтың мақсаты: компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсінік қалыптастыру үшін жағдай жасау оның құрамдас бөліктерін анықтау.

Оқыту нәтижелері: компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құралғыларын, пернетақта қызметін біледі. Сыныптастарын тыңдай білуге үйренеді, бірін – бірі бағалай алады.

Ресурстар: оқулық: «Информатика» -5, Е. А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б.Қ. Әбенов, бағалау парақшалары, ұялы телефон, интернет желісі, стикерлер,

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

Амандасу. Сыныпты түстер арқылы топқа бөлу. (қызыл, жасыл, сары). Топ басшысын топпен ақылдасып  сайлау. Әр оқушы өзінің қай деңгейде дайындалып келгендеріне орай бағдаршаммен бағалау. (жасыл-жақсы, сары-орташа, қызыл-нашар)

Амандасады. Түстер арқылы топқа бөлінеді. Топпен ақылдасып топ басшысын сайлайды. Әр оқушы өздерін бағдаршам көмегімен дайындық деңгейлерін бағалайды.

 

2. Білу. (3 мин)

Миға шабуыл

Сұрақтар

1.      Ақапарат дегеніміз не?

2.      Ақпаратпен адам не істей алады?

3.      Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті құрылғы қалай аталады?

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Бағалау парақашасы

1 сұрақ 1 балл

3. Түсіну.

Оқу

Талдау

Постер жасау

Қорғау

Бағалау

Топтарға оқулықты пайдаланып тапсырма беру.

- берілген бөлімді оқу

- топта талқылау

- постер жасап қорғау.

І. компьютер – 31 бет

ІІ. компьютерді қолдану. -32 бет

ІІІ. компьютер түрлері – 33-34 бет

 

Топтар берілген бөлімдерді оқып танысады, топта талқылайды, оны постерге салып, постерді қорғайды.

 

Топтар бірін бірі бағалау криттерилері бойынша бағалайды.

- тақырыбы

- безендірілуі

- сөздік қоры

0,5-1 балл қою.

4. Қолдану.

* Барлық топ 35-36 беттегі «Заманауи компьютерлердің қолдану салалары» деген қызықты ақпаратты оқып шығу.

Тапсырма. «Компьютерді үйде қалай қолданамын» деген тақырыпты

І топ – ертегі, ІІ топ – комедия, ІІІ топ – трагедия түрінде жеткізуі керек.

 

 

Барлық топтар 35-36 беттегі «Заманауи компьютерлердің қолдану салалары» деген қызықты ақпаратты оқып шығады. Берілген тапсырма бойынша қойылымдар қояды.

Топтар бір-бірін саусақтар арқылы бағалайды.

5. Талдау, жинақтау.

Компьютерде деңгейлік  тәжірибелік жұмыс жасау.

А деңгейі

Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып беріңдер.

В деңгейі

Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазу. «Компьютерді қолдану», «Компьютердің түрлері»

С деңгейі

Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.

 

Компьютерде өздері таңдап алаған деңгейлік  тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.

Бағалау парақшасына қою.

А – 1 балл

В  - 2 балл

С – 3 балл

Сергіту.

Тақтадан көз және дене жаттығуларын жасау

Дене және көз жаттығуларын жасайды.

 

Бағалау.

Бағалау парақшалары бойынша жинаған балдарын санау.

Топ басшысы бағалау парақшасындағы балдарын санап, қорытындысын шығарады.

Бағалау парағы

Кері байланыс

Стикерлер тарату. Бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңды жазыңдар да тақтаға іліп кетеміз.

Стикерлерге бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазып, тақтаға іледі.

 

Үйге тапсырма

  • 37-38 беттегі 8 тест сұрақтары
  • 31-47 беттерді оқу

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Компьютердің қосымша құрылғылары
Компьютердің қосымша құрылғылары
Компьютердің программалық жабдығы
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.
Алгоритмдер және оны орындаушылар
Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі
Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Кестелер. Кестелерді құру
Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.
Графикалық және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2781 | Қосты: Испанбаева Сандуғаш Қойшибаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык