Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.


Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.
Сабақ
4- сабақ Сабақ өтілетін күн: 29.09.2014
Орны: информатика кабинеті Барлық оқушы саны: 10
Қатысқаны: 10
Сілтеме Оқу жоспары, оқулық, күнтізбелік жоспар.
Сабақ тақырыбы Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.
Жалпы мақсаттар Компьютердің даму кезеңдерімен танысады. Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады
Түйінді идеялар ЭЕМ буындары және олардың сипаттамасы, дербес компьютердің даму кезеңдері, әр буын компьютерлерінің элементтік базасы.
Әдіс-тәсілдер Топпен, жекелей, кубизм әдісі, миға шабуыл, сұрақты қағып ал, сиқырлы конверт, ойлан жауап бер, сиқырлы қорап, өзін-өзі бағалау, кері байланыс
Көрнекіліктер Үлестірмелі тапсырма мен конверттер, түрлі түсті кубик, проектілі тақта, постерлер
Дереккөз
дер Оқулық, дидактикалық материалдар
Оқыту нәтижелері • Есептеу техникасының даму тарихы, компьютердің буындарымен танысады.
• Достарымен еркін қарым-қатынасқа түседі
• Өз ойын қорғай алады
• Шығармашылықпен жұмыс істей алады
Сабақ барысы Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері

1-кезең.
Қызығушылықты ояту:
3 мин

7 мин

5 мин

Шаттық шеңберіне шығару

Аң, құс, жануар суреттері бойынша топқа бөлу

Топ басшысын
Баяндамашы
Хатшы
Таймспикер тағайындау

Топ ережесін еске түсіру. Сабақ барысынды бағынуға шақыру.

Әр топқа бағалау парақшаларын тарату.

1- тапсырма.
Кубизм әдісі. Әр топқа кубикте шыққан түс бойынша конверттегі тапсырманы беру.
1) Компьютердің вируспен зақымданғанын қалай анықтайсыңдар? Қалай ойлайсың компьютер қалай зақымдануы мүмкін?
2) Заманауи вирусқа қарсы программалардың мүмкіндіктері туралы айтып беріңдер.
3) Зақымданудың алдын алу ережелері туралы айтып беріңдер.
2. «Серпілісті сауал» ойыны. Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесе алады.
1) Вирус дегеніміз не?
2) Вирусқа қарсы программа қалай аталады?
3) Антивирустардың қандай мүмкіндіктері бар?
4) Қалай ойлайсың вирустар қайдан жұғады?
5) Қандай антивирустық программаларды білесің?
6) Компьютеріңе вирустың жұққанын қалай білесің?
7) Зақымданудың алдын алу ережелері қандай? Оқушыларкөңіл күйлерінің қандай екенін іс- қимыл арқылы білдіреді.
Оқушылар өздеріне түскен суреттердегі аң, құс, жануардың дауысын келтіре отырып топқа бөлінеді.

Әр топ бірлесіп, топ басшы, баяндамашы, хатшы, таймспикер тағайындайды.

Ережені бір оқушы тақтадан оқиды, естеріне түсіреді

Сабақ барысында топ басшысы өзін және топ мүшелерін сабақтың әр этапы бойынша бағалап отырады.

Кубикті лақтырады, қай түс келеді, сол түсті конверттегі тапсырманы орындайды. Топпен ақылдасып жауап береді.

Оқушылар допты қағып алып, сұраққа шапшаң жауап береді. Жауап беруге қиналса, басқа топ мүшелеріне допты лақтырады.

2-кезең. Мағынаны ажырату:


20 мин

2 мин 3. Жаңа сабақтың мақсаты. Оқушыларға «Сендердің ата- әжелерің компьютерді пайдалана ала ма?», «Ерте кезде компьютер болды ма?» деген сұрақтар қояды.

4. Жаңа тақырып. Әр топқа тақырыпты оқып, түсініп, топ ішінде пікір алмасу үшін бөлініп беріледі.Постер құру ұсынылады.

5.Сергіту сәті. «Физминутка» би билету Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, жаңа сабақты оқып, үйренуге өз мақсаттарын қояды.

Әркім жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Постер қорғайды. Топ ішінде пікір алмасады.
Әр топ постер арқылы тақырыпты қорғайды.

Жаттығуды орындап көңілдері көтеріледі.
3-кезең. Ой- толғаныс:
5 мин 6. Сиқырлы қорап. Оқушылардың назарын интерактивті тақтадағы тапсырмаға аударады.
1)Төмендегі суретте бейнеленген құрылғыны тауып,атқаратын қызметін сипаттаңдар.(Сканер)
2) Құрылғы қалай аталады? (Перенетақта)
3) Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар.(Тышқан)
4)Есептеу құралы қалай аталады? (Есеп шот)
5) Есептеу құралы қалай аталады?(Арифмометр)
6) Есептеу құралы қалай аталады? (Абак)
7) 1642 жылы «Паскалин» деп аталатын
есептеуіш машинаны жасаған кім?(Блез Паскаль)
8)Есептеу құралы қалай аталады? (Паскалин)
9) Алдын ала берілген программа бойынша жұмыс істейтін аналитикалық машинаның авторы кім?

10) Ұзын тұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын пернесі)

7. «Жас техник» шығармашылық жұмыс.
Егер сенің қолыңда болса, 5- буынды компьютерді сен қандай етіп жасар едің?
Әр оқушы интерактивті тақтадағы нөмірленген қорапты таңдай отырып, жасырын сұраққа жауап береді.

Әр топ бірлесе ойланып, 5 буынды компьютердің жобасын құрып, мүмкіндіктерін сипаттайды.
Келесі оқуға арналған тапсырмалар. 1 мин 4 – тақырып, бақылау сұрақтарына жауап беру. Үйден 2 сұрақтан құрап келу.
Бағалау 2мин Бағалау парақшасы арқылы бағалау, сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтадағы смайликтерге іледі, алған формативті бағалары бойынша жиынтық бағалау Өзін-өзі бағалайды. Сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтаға іледі.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Компьютердің қосымша құрылғылары
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.
Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары.
Компьютердің программалық жабдығы
Есептеу техникасының даму тарихы.
Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды –есептеуіш машиналардың кезеңдері.
Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.
Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Кестелер. Кестелерді құру
Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буындары.

Автор Чакетаева Айкерім Алибекқызы

ШҚО Глубокое ауданы Перевальное ауылы "Переваловка орта мектебі" КММ

Бөлім: Материалы / Информатикадан ашық сабақтар | Көрсетілім: 2921 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар