Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар.


Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар.
10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар.
Сабақтың мақсаты: 1) Азоттың (II), (IV) оксидтерінің алыну тәсілдері, қасиеттері және азот қышқылын өндіргенде олардың атқаратын рөлімен таныстыру, сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының қасиеттерін оқу.
2) Оқушыларға әр түрлі металдардың нитраттары қыздырғанда өзгеретіндігі туралы алған білімдерін тәжірибе барысында нитрат – ионды анықтау қабілеттерін дамыту.
3) Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, есептер шығару
Керекті құралдар: периодтық кесте, азот қышқылы, мыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқуылармен сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгендеу.
б) оқу құралдарының, бөлменің ішкі жағдайының талапқа сай болуы;
в) оқушыларды үш топқа бөлу.
2. Үй жұмысын тексеру.
1) Аммоний тұздары түзілетін химиялық реакцияларына мысал.
NH3 + H2SO4 = (NH4)2SO4 3NH3 + H3PO4 = (NH4)3PO4
NH3 + НCl = NH4Cl
2) Аммоний катионына қандай реакция сапалық реакция болып табылады?
NH4Cl + NaOH = NH3↑ + H2O + NaCl
Аммоний тұздарына сілті қоссақ, NH3 бөлініп шығады, бұл NH4+ ионына сапалық реакция.
3) Аммиактың физикалық және химиялық қасиеттері?
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Азот әр түрлі оксидтер түзеді: N2O, NO, N2O3, NO2, N2O5
I – топ. Азот оксиді NO – түссіз, иіссіз, оңай тотығып, NO2 айналатын газ.
Алынуы: өндірісте: 4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O
зертханада: 3Cu+ 8HNO3© = 3Cu(NO3)2 + 2NO + 4H2O
N2 + O2 = 2NO
Химиялық қасиеттері: 2NO  NO2 + Q
II – топ. Азоттың (IV) оксиді NO2 – улы, қоңыр түсті, оңай димерленіп кететін газ.
2NO2  N2O4 + Q
Алынуы: өндірісте: 2NO + O2 = 2NO2
зертханада: Cu+ 4HNO3(k) = Cu(NO3)2 + 2NO2 + H2O
Химиялық қасиеттері: а) 3 NO2 + Н2О = 2HNO3 + NO
ә) 4NO2 + O2 + 2H2O = 4HNO3
b) 2NO2 + H2O = HNO3 + HNO2
c) 2NO2 + 2NaOH = NaNO3 + NaNO2 + H2O
III – топ. Азот қышқылы және нитраттар.
Азот қышқылы HNO3 – бір негізді, тұрақсыз, күшті тотықтырғыш, өткір иісті, түссіз, ылғал тартқыш, ρ = 1.52г/мл, tқ = 86ºC сұйықтық.
Алынуы: зертханада : 2NaNO3 + H2SO4 = Na2SO4 + 2HNO3
NH3 → NO → NO2 → HNO3
өндірісте: 2NO + O2 = 2NO2
4NO2 + O2 + 2H2O = 4HNO3
Химиялық қасиеттері: а) 2HNO3 + CaO = Ca(NO3)2 + H2O
ә) 2HNO3 Cu(OH)2 = Cu(NO3)2 + H2O
б) 2HNO3 + CaCO3 = Ca(NO3)2 + H2O + CO2
в) Ag + HNO3(k) = AgNO3 + NO2 + H2O
3Ag + 4HNO3© = 3AgNO3 + NO + 2H2O
г) 4Zn + 10HNO3© = 4Zn(NO3)2 + NH4NO3 + 3H2O
4Mg + 10HNO3© = 4Mg(NO3)2 + N2O + 5H2O
д) 2HNO3 + 6HCl = 3Cl2 + 2NO + 4H2O
Азот қышқылы мен тұз қышқылының HNO3 : 3HCl = 1: 3 болса, «патша сұйықтығы» деп аталады, себебі онда металдардың патшасы – алтын ериді.
Au + HNO3 + 3HCl = AuCl3 + NO + 2H2O
Азот қышқылының тұздарын – нитраттар деп атайды, ал суда жақсы еритін Na, К, Са, аммоний нитраттарын – селитра д.а.
Нитраттар – қатты, кристалды, суда жақсы еритін тұздар.
Химиялық қасиеттері: Mg – ге дейін → MeNO2 + O2↑
MeNO3 Mg- ден Cu дейін → MeO + NO2↑ + O2↑
Cu- тан кейін → Me + NO2↑ + O2↑
Мысалы: 2KNO3 = 2KNO2 + O2
2Pb(NO3)2 = 2PbO + 4NO2 + O2
Hg(NO3)2 = Hg + 2NO2 + O2
NH4NO3 = N2O + 2H2O
4. Бекіту кезеңі.
Зертханалық жұмыс № 16
Cu+ 4HNO3(k) = Cu(NO3)2 + 2NO2 + H2O
3Cu+ 8HNO3© = 3Cu(NO3)2 + 2NO + 4H2O
№ 1. N2 + 3H2 = 2NH3 4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O
2NO + O2 = 2NO2 4NO2 + O2 + 2H2O = 4HNO3
4Zn + 10HNO3© = 4Zn(NO3)2 + NH4NO3 + 3H2O
NH4NO3 = N2O + 2H2O
№ 2. Азот → аммиак → аммоний хлориді → аммоний нитраты → азот
N2 + 3H2 = 2NH3
NH3 + HCl = NH4Cl
5. Жаңа сабақты қорытындылау.
1) Азоттың қандай қосылыстарын білесіңдер?
2) Концентрлі азот қышқылы темірді, хромды, алюминийді енжарлайды. Бұл нені білдіреді және қалай трүсіндіріледі?
3) Нитриттер тотығу – тотықсыздану реакциясында қандай қасиет көрсетеді?
(әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш)
6. Үйге тапсырма.
§ 8.12 № 1 – 8 (246 – 247 бет)
7. Оқушылар білімін бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Фосфор және оның қосылыстары.
Азот оксидтері. Азот қышқылы
Аммиак, аммоний тұздары
Азот қышқылы және оның тұздары
Фосфор және оның қосылыстары
Азот оксидтері
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы
Азот қышқылы
Оксидтердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Азот қышқылы презентация
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 15291 | Қосты: Иманбаева Жанель Бахытжановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык