Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы


Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы

Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы

    

  Кіріктірілу – бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен етене араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша  белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді  пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді. 8 сыныпта «Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы» тақырыбын кіріктіре оқыту оқушыларға оттексіз өмір жоқ екендігі туралы  мол мағлұмат береді.

 

Сабақ тақырыбы: §24. Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

 

  1. Білімділік – оттектің физикалық және химиялық қасиеттері бойынша қолданылуы және тіршілік үшін маңызы туралы білім беру;
  2. Дамытушылық – оттектің табиғаттағы айналымы туралы мәліметтер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту;
  3. Тәрбиелік: қоршаған орта және ауаның тазалығы туралы экологиялық білім беру;

 

Сабақ мақсаты: Оттектің табиғаттағы айналымы, қолданылуы туралы мағлұмат беру, өмірмен байланыстыра отырып, проблемалық жағдаяттан шығу жолында оқушылардың іскерлігін, ой-өрісін дамыту, өзіндік ой қорытуға, шапшаңдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу;

 

Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ;

 

Әдіс-тәсілі: деңгейлік тапсырмалар орындау.

 

Пән аралық байланыс: физика, биология, география;

 

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, презентация, флипчарт, химиялық реактивтер, ыдыстар, буклеттер;

 

Сабақ барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі;
  2. Тақырыпты ашу;
    1. Жұмбақ шешу:    «Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

                                   Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің»

                                                                                                   (ауа)

 

  1. Жұмбақ шешу:    «Екі сөз тіркесінен тұрады, бір адамға қажетті

                                    құбылыс, екіншісі тыйым сөз. Осы екеуі біріксе,

                                    элемент аты шығады»

                                                                                                   (оттек)

        

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

«Еске түсірейік»

Тірек сызбалар көрсетіліп, оқушы өлең оқиды:

 

«Мен оттекпін, ауамын қасиетті.

Ұстап тұрмын қолымда жер мен көкті.

Табиғаттың анасы жалғыз өзім

Кестеден сегізінші орын тептім.

Мен оттекпін, жерде көп таралғанмын

Ұмытпаңдар оттектей анаң барын,

Тыныс алып жүргенің менің арқам

Не дейді мен туралы жарандарым?!

 

І.  Білу – 2 ұпай.

Химиялық диктант «Қане танысайық» «+», «-»  қою керек.

 

  1. Түссіз, иіссіз, дәмсіз газ.
  2. Суда жақсы ериді.
  3. Күрделі зат.
  4. Суда нашар ериді.
  5. Жануды қолдайды.
  6. Ауадан жеңіл.
  7. Тыныс алуға қажет.
  8. Зертханада марганцовкадан алады.
  9. Ауаның құрамына кіреді.
  10. Табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі.
  11. Ыдысты төңкеріп жинайды.
  12. Қалыпты жағдайда сұйық.

 

ІІ. Түсіну – 4 ұпай.

Қандай оксидтердің формулалары валенттілігіне сәйкес дұрыс қойылмаған?

 

    I               IV             II             VI               I             VII              IV            II

Cu2O,         SiO4,        ZnO,         SO3,         NaO,        Cl2O7,        MnO4,       CO.

 

         III. Қолдану – 6 ұпай.

Қандай қосылыста валенттігі дұрыс жазылмаған:

 

 I    II            II  II            II   III           I   II          IV  II         II   II           VII  II

Ag2O,           FeO,           Fe2O3,          N2O,           SO2,          CaO,          Mn2O7.

 

         IV. Талдау – 8 ұпай.

Мына реакция теңдеулерін жазып, оксидтерді атаңыз. Зертханалық жұмыс.

 

S + O2 =                   C + O2 =                   P + O2 =                 Al + O2 =

         V. Жинақтау – 10 ұпай.

Күрделі заттың жану реакциясын жазып, түзілген оксидтердегі әр элементтің массалық үлесін есептеңіз.

 

         VI. Бағалау – 12 ұпай.

Зертханада оттекті қандай заттан алған тиімді? Реакция теңдеуін жазыңыз.

 

4 моль KMnO4 берілсе, қанша грамм оттек түзіледі? Есептеңіз.

 

  1. Жаңа тақырып-слайдтар арқылы көрсетіліп, түсіндіру.
  2. Бекіту тапсырмаларын орындау:

 

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Жер қыртысы неден құралған?
  2. Ауадағы оттек қандай процесс көмегі арқылы толықтырылып отырады?
  3. Оттек қайда қолданылады?
  4. Оттектің қандай бүлдіргіш әсері бар?
  5. Бейнесұраққа жауап беру.
  6. Оқушылар білімін бағалау.
  7. Қорытындылау: Оттек – тіршіліктің тірегі – атмосфера – 21%, гидросфера – 89%, литосфера – 46,8 %, тірі ағзаларда – 65%;

 

Тіршілік үшін ең қажетті өмір өзегі – ауа;

 

«Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы

Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы

Ойлашы, кімге керек боламыз біз.

Жұтудан таза ауаны қалған күні»

 

Үйге тапсырма беру: Экологиялық байқау – «Ауаны ластамаудың тиімді жолдары» - зерттеулер, ұсыныстар, жобалар, шығарма дайындау;

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оксидтер
Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
ІІ-тарау бойынша тексеру жұмыстары
Сутектің қасиеттері, алынуы.
Табиғаттағы, химиялық реакциялар тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
Оттегі -тіршілік көзі
Оттек. Оксидтер. Жану
Оксидтердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Оттегі-химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы.
Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы.
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 5325 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык