Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сутектің қасиеттері, алынуы.


Сутектің қасиеттері, алынуы.

 Сутектің қасиеттері, алынуы.

 Сабақтың тақыры: Сутектің қасиеттері, алынуы.
ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға суттек туралы жалпы сипаттама беру, жер бетіндегі ең маңызды қосылыстардың бірі екенін айта отырып, физикалық қасиеті және сутекті алудың бірнеше тәсілдерімен таныстыру. Жаңа ұғымдарға тоқталу. Оқыту кезінде қойылған талаптарды орындау үшін білімді одан әрі қарай дамыту.
А) дамытушылық мақсаты: оқушыларды саналы ойлау мен тәжірибелік жағынан дамуын жетілдіру. Өзі бақылаған тәжірибеден дұрыс қорытынды жасап, реакция теңдеуін жазып, типін анықтай білуі үйрету.
Ә) тәрбиелік мақсаты: жүйелі ойланып, саналы түрде жауап беру үшін химия тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу. Шығармашылық деңгейлерін дамыту.
ІІІ. Сабақтың түрі: бақылау, зерттеу және сұрақ – жауап түрінде.
ІҮ. Керекті реактивтер мен құралдар: Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, тұрғы, сынауық, тұз қышқылы, мырыш түйіршігі, стақандағы су, Кипп аппараты.
Ү. Қолданылған материалдар: видео көрсетілімдер, слайдтар.
ҮІ Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру:

2. Пысықтау сұрақтары: үй тапсырмасын сұрау)
- Оттектің жалпы сипаттамасы.
- Оттектің физикалық қасиетін сипатта.
- Оксидтер дегеніміз не?
- Мына оксидтерді: MnO2; MnO3; NO; NO2; Cr2O3; CrO3; CuO; Cu2O; Na2O; P2O3; P2O5; SO2; SO3 халықаралық атаулары бойынша екі түрлі тәсілмен атаңдар.
- Оттектің химиялық қасиеттерін сипаттап, тиісті реакция теңдеулерін жазып көрсетіңдер.
- Оттектің қолданылуы /O2/, табиғаттағы айналымын айтып беріңдер.
- Оттектің түр өзгер өзгерісін ата.
- Жану реакциясы дегеніміз не?
- Термохимиялық теңдеу дегеніміз не? Түрлерін ата.
- Реакцияның жылу эффекті деген не?::
Сабақ барысы: Сутек Д. И. Менделеев жасаған периодтық кестеде бірінші орында тұр.
Таңбасы - Н /оқылады аш деп/
Салыстырмалы атомдық массасы - 1, 008 жуықтап алғанда 1 тең
Жай зат күйінде - Н2
Сутектің судағы массалық үлесі - 11%
Жер қыртысында сутектің массалық үлесі - 1%
Сутекті 1776 жылы ағылшын ғалымы Г. Кавиндиш алды, сутекке жай зат екенін анықтап оған «гидрогениум» деп ат берген француз ғалымы А. Лавуазье болды.
Жер бетінде сутек көп қолданылатындықтан, оны алудың түрлі тәсілдері бар. Өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі - суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.
2H2O =2H2+O2
Метанның су буымен әрекеттесуі. Бұл реакция өте жоғары температурада жүреді.
CH4+2H2O=CO2+4H2 --- 165кДж
Бұл процесте бірден таза сутек бөлінбейді, оның көмірқышқыл газбен қоспасы алынады.
Ал зертханада сутекті белсенді металдардан: магний, мырыш, темірді сұйытылған тұз HCl немесе күкірт H2SO4 қышқылымен әрекеттестіріп алуға болады.
Сынауыққа бірненше мырыш түйіршігін салып оған сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды, төмендегідей реакция теңдеуін көрсетеді:
Zn+2HCl=ZnCl2+H2
Zn+H2SO4=ZnSO4+H2
Сынауыққа ақ сұр түсті металл күйіндегі натрий немесе кальций 1 - 2 түйіршігін салып оған су құйғанда реакция шабытты жүреді.
Ca+2H2O=Ca(OH) 2+H2
2Na+2H2O=2NaOH+H2
Сынауыққа жинап алған сутектің тазалығын тексеру үшін жанып тұрған спиртшамына апарса, таза сутек шабытты түрде реакцияға түсіп, «па» деген дыбыс шығарады. Егер сынауықта сутекпен бірге оттектің не ауаның қоспасы болса, ащы ысқырған дыбыс шығады.
Зертханада сутек алу үшін арнайы аппарат қолданылады, ол аппаратты Кипп аппараты деп атайды. Кипп аппараты екі бөліктен тұрады. Ол ұзын тұмсықты үлкен құйғыдан және бір - бірімен қатынасып тұратын шар мен жарты шардан құралған. Оның жоғарғы бөлігінің төменгі жарты шармен жалғасатын жерінде арнайы қышқылға төзімді кеуек сақиналар болады.. Төменгі жағы шүмекпен жалғасқан.
І - топ
1. Массасы 4г кальций сумен әректтескенде неше грамм сутек газы бөлінетінін есептеңдер.
2. Реакция теңдеуін аяқтаңдар:
Fe+H2SO4=
ІІ - топ
1. Массасы 2, 4 г магний суытылған тұз қышқылымен әрекеттескенде қанша грамм магний хлориді түзілетінін есептеңдер
2. Реакция теңдеуін аяқтаңдар:
Al+HCl=
ІІІ - топ
1. Мөлшері 0, 1 моль алюминий қанша моль тұз қышқылымен әрекеттесетінін есептеңдер.
2. Реакция теңдеуін аяқтаңдар:
Ba+H2O=
Қорытындылау: Сонымен сутектің жер бетіндегі ең маңызды қосылысы – су. Оны бірнеше тәсілдермен алуға болады екен. Оған өздеріңіз көз жеткіздіңіздер. Біз сутек газын белсенді металдармен қышқылдарды әрекеттестіру арқылы алдық. Сонымен бірге бірнеше жаңа ұғымдармен таныстық./кипп аппараты, гидроксидтер/
Бекіту сұрақтары:
- сутекке жалпы сипаттама
- сутектің табиғатта қалай таралған екен?
- сутекті алғаш зерттеген ғалымдар?
- Сутекті қалай алдық?
- Сутекті алатын аппарат қалай аталады?
Үйге тапсырма: § 30. .
Бағалау:/сабаққа қатысқан оқушылар бағаланады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Химиялық реакциялардың жылу эффекті.Термохимиялық реакция теңдеулері бойынша жылу эффектісін есептеу.
Оксидтер
Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар.
Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептер
Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу
ІІ-тарау бойынша тексеру жұмыстары
№1 бақылау жұмысы
Сутек-химиялық элемент және жай зат.Сутектің изотоптары.
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы
Қышқылдардың құрамы, алу жолдары
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 5362 | Қосты: Вакпаева Майгуль Еркеболатовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык