|
|
Сабын және синтетикалық жуғыш заттар
Сабақтың тақырыбы: Сабын және синтетикалық жуғыш заттар
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: оқушыларға сабын ,СЖЗ туралы білімді қалыптастыру
Дамытушылығы:сабын ,СЖЗ құрылысы,қасиеттері туралы алған білімдерін жетілдіру, химиялық қасиеттерін, алыну әдістерін сипаттайтын химиялық реакциялардың теңдеулерін құру дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту, талдау,қорытындылау біліктіліктерін дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту;
Тәрбиелігі:сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Типі:жаңа сабақ.
Әдісі:аралас, СТО.
Көрнекілігі: реактивтер, сабын, спирт шамы т.б.
Пәнаралық байланысы: биология.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасы.
Жаңа сабақ.
Үйге тапсырма.
Бекіту.
Жай және күрделі эфирлер,майлар туралы білімді жаңғырту.
1.Жай эфирлер.
2.Күрделі эфирлер.
3.Майлар.
4.Қасиеттері.
5.Алынуы.
6.Қолданылуы.
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Зерттеу бөлімі
2.1. Сабын сөзінің шығу тарихы
2.2. Сабынның адам өміріндегі маңызы
2.3. Сабын және синтетикалық жуғыш заттар
2.4. Сабынның жасалуы
а) Кәсіби сабынның жасалу жолдары
ә) Өндірістік сабынның жасалу жолдары
2.5. Қазақстандағы сабын өнеркәсібі
2.6. Сабын және синтетикалық жуғыш заттардың пайдасы мен зияны
Сабынның қолданылуы
Кір сабындар Иіс сабындар
Сабынннан алынатын өнімдер
Сусабындар
Кір жұғыш
Ұнтақтар
Су өткізбейтін брезенттер
Солидол майы және т.б . майлар
Түрлі бояулар алуда
Жоғары карбон қышқылдарының тұздарын сабын деп атаймыз.Сабын өндірісінде майлар өте көп жұмсалады.Сонымен бірге майлар өте бағалы азық-түлік,сондықтан сабын өндіру үшін басқа шикізат көзін іздеу қажет болды.Қазіргі заманға сай химияның жеткен жетістігіне синтетикалық жуғыш заттардың алынуын жатқызуға болады.Шикізат ретінде тағамдық майлар емес, мұнайдан алынатын өнімдер қолданылады.
Мұнай өнімдерінен алынған майлардан жасалатын сабындар:
Техникалық майларды сумен араластырып автоклавта 170 С температура, жоғары қысымда, катализатор қатысында қыздырады. Глицеринмен карбон қышқылдары түзіледі.
Қыздыруды сілті немесе сода қатысында жүргізсе ,онда сабын алуға болады.Сабынды ерітіндіден бөлу үшін ас тұзын қосады, сонда сабын ерітіндінің бетіне қалқып шығады.Бұндай сабынды кір сабын деп атайды. Химияның негізгі жетістігі майлардан өндірілмейтін СЖЗ алынуы.
Өндірісте мұнай құрамына кіретін көмірсутектерді тотықтырып,жоғары карбон қышқылдарын алады. Бұл жағдайда көмірсутектердің молекуласының (крекинг) айырылады және соңғы топтары карбоксил тобына дейін тотығады.Нәтижесінде әртүрлі карбон қышқылдарының қоспасы және басқа оттекті қосылыстар түзіледі,сондықтан оны тотықтырады.Қышқылдарды бейтараптап сабын алу өндірісіне жұмсалатын тұз алады.
2 СН3-(СН2)14---СН2---СН2(СН2)14---СН2-4СН3---(СН2)14---СООН +2Н2О
2C15H31CООН + Na2CO3 -----2C15H31CОО Na+ Н2О +CO2
Бұндай әдіспен алынған сабын кермек суда нашар көпіреді,яғни олар нашар еритін магний және кальций пальмиаттар мен стеараттарға айналады. Қазіргі уақытта СЖЗ басқа түрлерін өндіру әдістері іздестірілуде.
Сабынның бұл кемшілігін жою үшінСЖЗ жоғары спирттердің күрделі эфирлерінен күкірт қышқылы қатысында алады.СЖЗ құрамында ПАВ, фосфор түұздары, силикаттар, сода, хош иісті заттар,заттарды ағартқыштар кіреді.
Оларды қолданғанда өте баяу айырылады,сондықтан табиғатқа ,қоршаған ортаға тірі организмдерге зияны тиуі мүмкін.Сондықтан жаңа жуғыш заттар жасағанда тек жоғары сортты жуғыш заттар ғана емес, қоршаған ортаға зияны тимейтін заттар жасауға ұмтылу қажет.
1. Сабын алу. Сабындану реакциясын майды натрий гидроксидімен немесе натрий карбонатымен қыздыру арқылы жүргізеді. Реакция нәтижесінде глицерин мен жоғары карбон қышқылының натрий тұзы (сабын) түзіледі:
май + NaOH → глицерин + сабын
Түзілген сабынды бөліп алу үшін реакция өнімдеріне натрий хлоридін қосады, сонда сабын қоспаның бетіне қалқып шығып, глицерин астында қалады. Сабынды жинап алады және пішін береді. Сабын жасағанда жоғары май қышқылы тұзынан (RCOOMe) басқа оған — хош иісті заттар, бояулар, антисептиктер және т.б. заттар қосады.
2. Соңғы кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алады:
2С36Н74 + 5O2 → 4С17Н35СООН + 2Н2О
Түзілген қышқылдарды бейтараптау арқылы сабын алынады:
С17Н35СООН + NaOH → C17H35COONa + Н2O (натрий стеараты (қатты сабын))
С17Н35СООН + Na2CO3 → C17H35COONa + Н2O + СO2 (натрий стеараты)Карбон қышқылы тұздарының (сабынның) гидролизі кезінде сілті түзіледі:
С17Н35СОО- + Na+ + НОН → С17Н35СООН + Na++ ОН-
Сілті майлы заттарды ыдыратады, ал карбон қышқылы — беттік белсенді зат (ББЗ) (43-сурет). Ол екі сұйықтың немесе сұйық пен газ шекарасында беттік керілуді төмендететін зат. ББЗ болу үшін оның құрамындағы топтар әр түрлі затпен әрекеттесуі керек. Карбон қышқылы молекуласының беттік белсенді заты су мен органикалық сұйықтық шекарасында. Карбон қышқылында гидрофобты (гр. hydro — су және phobos — қорқады) көміртек қалдығы және гидрофильді (гр. hydro — су және рһіlіо — сүйеді, ұнатады) карбоксил тобы бар. 44-суретте сабынның жуғыш қасиеті көрсетілген. Сабын молекуласы екі бөліктен тұрады, көмірсутек тізбегі майдың құрамында, ал —COONa+ тобы суда болады.
Сабындардың жуғыш қасиеті — жуылатын беткейлердегі жабысқан кір бөлшектерін эмульсия, суспензия түріне ауыстыра алатын мүмкіндігіне байланысты.
Кермек суда сабын "іріп кетеді" де, кір ашылмайды. Себебі кермек суда карбон қышқылының кальций, магний тұздары тұнбаға түседі:
2C17H35COONa + СаСl2 → (С17Н35СОО)2Са↓ + 2NaCl
Сабынның суда еруі кезінде жоғары қышқылдармен сілті түзе гидролиздену процесі бірге жүреді. Бұл жағдай матаға зиянды әсерін тигізеді:
C17H35COONa + Н2O → С17Н35СООН +NaOH
Оқулық бойынша жаттығулар орындап, жаңа сабақты бекіту.Зертханалық жұмыс орындалады.
Бағалау. Үйге тапсырма. Сабынның жасалу технологиясына мәнжазба жазып келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |