Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы


Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы
Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы
 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды  судың сапалық, сандық құрамын  анықтау әдістерімен, судың  химиялық  қасиетін қарастыра отырып, бейорганикалық  қосылыстардың жаңа  класы – негіздермен таныстыру, табиғаттағы  айналымын,судың тіршілік үшін  маңызын  түсіндіру, реакция теңдеулерін   сауатты жазуға  үйрету. Кластар  арасындағы  байланыстарды    мысалдармен көрсету,  негіздердің, қышқылдық  және негіздік  оксидтердің  құрамын салыстыра  отырып, негізге  ұқсастықтары мен  айырмашылықтарын  анықтау.  
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, іскерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.Табиғат  байлығын        қорғауға,туған  жерге  дегенсүйіспеншіліккебаули  отырып экологиялық тәрбие  беру 
Дамытушылық: сұрақ –жауап, есеп шығарту, Ойын элеметтерінқолдану арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой – өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру. 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тесттер, су, стакан, әк, сынауық. 
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен оқу құралдарының әзірлігі тексеріліп, назарын сабаққа аударамын. 
         ІІ. Үй тапсырмасы  “Сен білесің бе ?
1.   Ерітінді  дегеніміз  не?
2. Сутегі  жанғанда  алынатын  зат?
3. Заттар ерігіштігіне байланысты нешеге бөлінеді?
4. Еріткіш дегеніміз не ? 
5. Сұйықтықтардың және газдардың суда еруінің айырмашылығы қандай?
(Газдардың суда ерігіштігі температура төмендегенде және қысым жоғарылағанда артады)
«Кедергілермен  көтерілу»
Химиялық сатымен көтеріле отырып, оксидтер формуласынқұрып жаз. Оларды ата.
 
 
 
 
 
S (VI)
 
Тест 
1). Суда жақсы еритин заттарды көрсет?
А)өсімдік майы, қант, тұз                 Б) спирт,глицерин, аммиак              В)бензин, спирт,сутек
2) Оттегіні өнеркәсіпте қандай ыдыста сақтайды? 
А) газометрде                                   Б) болат баллонда                             В) дьюар ыдысында
3) Лабораторияда оттегіні қалай аламыз?
А) сұйық ауаны айдау арқылы          Б)  KMnO4 қыздыру арқылы             В) екеуі де емес 
4)Мөлшері 3 моль оттек газы қ.ж-да қанша көлем алады?
А) 22,4                       б) 44,8 л             в) 67,2 л
5) Мына қосылыстағы KMnO4 марганецтің тотығу дәрежесі нешеге тең?
А) +5                         б) +6                  в)+7
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларға  судың сапалық құрамын  білетінін ескере  отырып,  оны еске түсіру  мақсатында  төмендегі сұрақтар  қойылады.  
1. Сутегін  судан алу  әдістерін  және  олардың  реакция теңдеулерін жаз. 
Нәтижесінде  су түзілетін  реакция  теңдеулерін  жазып,  қай типке жататынын  ата.
                                       2H2  +   О2 =  2Н2О
Реакция  теңдеулерін  жазғаннан  кейін судың  құрамында  сутегі және оттегі  элементтері   бар екендігіне, су  осы  жай заттардың  қосылуы  нәтижесінде  түзілетіндігіне оқушылардың  назарын аудара отырып, осы заттар  қандай  көлемдік  қатынаста болатынын  қарастыру  қажет.
Судың химиялық формуласы- Н2О                    Құрылымдық формуласы: Н-О-Н 
 
Салыстырмалы молекулалық массасы:         Mr(H2O)= 18 
 Физикалық қасиеті  Таза су- түссіз,иіссіз,дәмі жоқ сұйықтық.Табиғатта су үш түрлі агрегаттық күйде кездеседі: қатты,сұйық,газ.Қалыпты жағдайдағы судың қатуы 0 градус С және қайнауы 100 градус С белгіленеді.Себебі:мұз судың бетінде қалқып жүреді.Егер мұз судан ауыр болса,барлық өзен-көлдер түбіне дейін қатып,ал жаз айларында тек беті ғана еріген болар еді.Су жайлап қызады және жайлап суиды.Осы судың қасиетінің нәтижесінде су бассейндері Жер шарындағы температураны күрт өзгертпей,реттеп отырады.Су электр тоғын нашар өткізеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Химиялық қасиеттері
Судың жай заттармен әрекеттесуі
Актив металл + су    →сілті  +  сутек 
2Na + 2H2O→ 2NaOH  +    H2↑
                            натрий       сутегі
                       гидроксиді  (сілті) орын басу реак. 
• Суда еритін негіздерді – сілтілер деп атайды.
• Сумен әрекеттесіп сілті түзетін металл оксидтерін – негіздік оксидтер деп атайды.
Актив. төмен  металл + су  →MeO +  сутек
Zn+H2O→ZnO +H2
Судың күрделі заттармен әрекеттесуі.  Белсенді металл оксидтері сумен тікелей әрекеттесіп, металл гидроксидтері негіздерді түзеді: 
2Na2 O+ 2H2O  → 2NaOH 
   Белсенді металл  оксиді + су  →сілті
Ca O + H2O → Ca(OH)2  кальций гидроксиді
• Сумен әрекеттесіп қышқыл түзетін бейметалл оксидтерін қышқылдық оксидтер деп атайды. 
Бейметалл  оксиді + су →қышқыл
SO2+H2O →H2SO3
№1 Зертханалық тәжірибе
Молекулалық қозғалысты бақылауға  қажетті құрал жабдықтар: суы бар ыдыс, бояу.
Орындау: банкідегі суға бояу салып, бақылау жүргіземіз. Бояу бірінші төмен түседі, біраздан соң біркелкі тарайды. Неге?
(Жауабы:
Заттарды құрап тұрған молекула мен атомдар үнемі қозғалыста болады. Олай болса су молекулалары да қозғалып, бояу бөлшектерін итермелейді. Еріген бояу су молекуланың арасында біркелкі таралады.Бұл құбылысты диффузия деп атайды)
№2 Зертханалық тәжірибе
1. Су бетінде безектеп, ең соңында жоқ болып, металл Na жүзеді. Қандай қосылыс түзеді?
2Na+ 2Н 2О = 2 NaOH +Н 2ꜛ
                         Сілті 
№3 Зертханалық тәжірибе
Денесіне су тисе бұрқырап, ашуланар .
Әркім оны өз үйінде пайдаланар.
СаО+ Н 2О =Са(ОН)2
Биологиялық рөлі  Жасушаның 80% судан тұрады.Су-еріткіш.Ағзадағы бүкіл зат алмасу қатысында жүреді.Су тасымалданады. Адам ағзасының ішкі ортасындағы қан 91,5% судан құралады.Ас қорыту жүйесіндегі астың сіңірілуі ащы ішекте иондарға ыдырауына ықпал береді.Ыдырау өнімдері 3 жолмен өтетін болса,оның бәрі су қатысында жүреді.
                            1) тер бөлінуі          2) Зәр шығару            3) тыныс алу 
Өсімдіктер әлемінде фотосинтез процесі су процесі арқылы жүреді.
Қолданылуы
Судың өндірістегі, ауыл шаруашылығындағы және күнделікті тұрмыстағы маңызы зор. Су химия өнеркәсібінің негізгі шикізат көзі болып табылады.
Судың  қолданылуы 1. Сутекті  алуда 
2. Негіздер алуда 
3. Қышқылдар  алуда 
4. Жануарлар, өсімдік тіршілігінде 
5. Халық шаруашылығында 
6. Тұрмыста
7. Органикалық заттар  алуда 
Халықтық педагогика
Суға байланысты мақал – мәтелдер, тыйым сөздер айту, жұмбақтар шешу. 
1. Суға түкірме, қоқыс  тастап,  бүлдірме.
2. Өзің  ішетін  суға  өлген  ит  тастама.
3. Су  ішкен  құдығыңа  түкірме.
4. Судың  да  сұрауы  бар.
5. Сумен ойнама,батарсың, отпен ойнама,күйерсің.
   Мақал – мәтелдер       
 1.Су  анасы – бұлақ.
2.Сулы  жер   -  нулы  жер.
3.Ердің  құты-белеңде,
4. Ағынды  су - бал  татыр,
Ақшабағы  май  татыр.
5.Су  дүниенің  - басы.
6. Наурызда  су  болмаса, сәуірде  ну  болмайды.
    Жұмбақтар:  1. Жылт-жылт  еткен, жылғадан  өткен.
2. Аяғы  жоқ  жүреді,сылқ-сылқ  күледі.
3. Шыдасаң  да  алты  күн  ассыз  мүлде,
  Шыдау  қиын  бұл затсыз  екі  күнге.
«Ой - толғаныс»  шығармашылық жұмыс. 
1. «Су –тіршілік нәрі».
2. «Су-тазалық кепілі»
Сабақты бекіту 
1- тапсырма  Судың металдармен әрекетесу  реакциясынын мәнін  түсіндіргеннен кейін  оның теңдеуін  жаза  -білуге  жаттықтыру  үшін  төмендегі тапсырманы ұсынған  жөн. 
Сабақты бекіту мақсатында мына заттар әрекеттескенде  түзілетін реакция өнімдерін  жазып,   атын атаңдар:  а) натрий мен су;   ә) барий мен су;  б)  кальций мен су;  в) калий мен су;  г) литий мен су;  
2- тапсырма  Оксидтер дегеніміз не?  олардың құрамына қандай  заттар кіреді? Оксидтерге мысалдар келтіріледі. Бұл  берілген  жауапты  төмендегі  кестеге  жазыңдар.
 
              Металдар оксидтері           Бейметалдар окидтері
 
  3 – тапсырма Қышқылдық оксид дегеніміз не? Реакция  теңдеуді белгіленген  кестені  оқушылар  бейметалл оксидтері  мен судың  арасында  жүретін реакция теңдеуін  жазады: 
                    а) SO2+H2O=                  ә) CO2+H2O=                         б) N2O5+H2O=
         Реакция теңдеулерін  дұрыс  жаза білу үшін  оқушыларға  мынадай нұсқаулар беріледі. Бейметалл оксидтері  сумен  әрекеттескенде  қышқыл  түзіледі. 
   4 – тапсырма  Негіздік оксид дегеніміз не?    Төмендегі  теңдеуін  аяқтап,  түзілген  заттардың  атын ата  және  жоғарыда  берілген  кестенің  бөлігін жаз.                  
   1.Na2O+H2O=                                 2.K2O+H2O=
  3.BaO+H2O=                                   4.MgO+H2O=
 
Бағалау парағы
Р/с Оқушылардың аты-жөні Сен 
білесің
 бе?
Кедергі лермен көтерілу
тест Жаңа сабақ (оқушы
белсенділігі) Сабақты бекіту Қорытынды
 баға 
1-тап 2-тап 3 – 
тапс. 4-тапс
 
1 Амиржанова. А
2 Алшынғазиев А
3 Байғалиева А
4 Мұқтарұлы Ш
5 Нұржанова. Е
6 Сарсенов. Ж
7 Төкенов. Н
8 Тоқтаров. Д
9 Шакенов. Н
Үйге тапсырма беру:  §39,40,  107б – 4,5жаттығу,

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Негіздер
НЕГІЗДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ, АЛЫНУЫ, ҚАСИЕТТЕРІ
Көміртектің қосылыстары
Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы.
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы
Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Оксидтердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Қышқылдар, олардың жіктелуі және қасиеттері
Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы.
Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы.
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 16026 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык