Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сабақтағы кері байланыс


Сабақтағы кері байланыс

Сабақтағы кері байланыс

Қарағанды облысы

Жезқазған қаласы

Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі

«Сабақтағы кері байланыс» тақырыбы бойынша

ІІ деңгей бойынша сертификатталушы математика пәнінің мұғалімі  Ташенова Гулмира Абдиманаповнаның  қысқа мерзімді коучинг жоспары

7.10.2014

2 апта

2-күн

Тақырыбы:

Сабақтағы кері байланыс

Жалпы мақсат:

Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушылардың көңіл- күйіне, сабақтағы іс -әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 105-бет

Үлестірмелі нұсқаулық

 Оқу нәтижесі

Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.

Түйінді идеялар:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері.

Сабақта қолданылатын материалдар:

 А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, бағалау парақтары.

Оқыту әдістері:

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық

Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері /А.Әлімов/

Мұғалімге арналған нұсқаулық  Power Point

Тапсырмалар:

«Кері байланыс ұйымдастыр» топтық жұмыс, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(3 минут)

 

«Комплименттердің бұрқасыны» (бір сөйлем) тренингін ұйымдастыру. Шарға тілектер  жазады. (тұтас сөйлем жазу)

Сессияға қатысушы мұғалімдер орындарында отырып, шарға комплименттер жазады, шарларды басқаларға лақтырады. Тілектерді оқиды.

Топқа бөліну

(1 минут)

 Шар түстері арқылы топқа бөлу. (қызылдар, көктер, жасылдар)

 Шар түстерін таңдау арқылы

үштопқа бөлінеді . 

 «Миға шабуыл» (7 минут)

(жеке, жұптық, топтық жұмыс)


 

 

 

 

Бастапқы кері байланыс. Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау.
 Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды. (бұдан көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады)

 

 

Мұғалімдер сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетеді. (қызыл, көк)  Бірлескен талдау. 
- Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?
- Кері байланыстың (рефлексияның мақсаты) мақсаты не?
- Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?
- Қандай әдіс - тәсілдері бар? (ойларын флипчартқа түсіреді, топ мүшесі қорғайды)

Қызығушылықты  ояту (2 минут)

 «Данышпан мен адам» Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай баланың өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен

Мұғалімдер тыңдайды.

Шағын дәріс

 (5 минут)

 

Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері  туралы  қысқаша мәлімет беру.  (слайд бойынша)

Мұғалімдер түртіп алады.

Сергіту сәті

(2 минут)

 

Әуенге билеу ұсынылады.

Тақтадан көрсетілген «Көңілді күн» биіне  билейді.

Топтық жұмыс  (8 минут)

Мұғалімдерге сабақ панорамасы бейнежазба көрсетіледі. Осы сабақтарға кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіздер?

Топтар ақылдасып осы сабаққа кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды.
 

Сұрақ-жауап

(3 минут)

 Оқушылардан алынатын топтық кері байланыс сұрақтарын талқылау.
- Оқушылардан топтық кері байланыс алуға да болады екен. Осы сұрақтарды оқып талқылап көрейік.


Топта талқылап,топтың  бір мүшесі жауап береді.
 

Қорытынды кезең Рефлексия

(3 минут)

 Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: шабадан, қоқыс жәшіг,  еттартқыш.

 Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді.

Бағалау   (1 минут) 

2 жұлдыз, 1 тілек әдісімен бағалау

Әр топ бір-бірін бағалайды.

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс - тәсілдің түрлері»
Диалогті оқыту. Зерттеушілік әңгімеге тартуда ашық сұрақтар қою.
ARE YOU FIT?
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері
Lesson Study әдісі
Дарынды және талантты балаларға тән қабілеттер
Бөлім: Уроки / Коучинг | Көрсетілім: 36248 | Қосты: Гулмира Ташенова | Ілмек сөздер:
avatar
• 5 ноября 2015 17:28
Гулмира Абдиманапқызының "Сабақтағы кері байланыс" атты коучинг жоспарынан менің өз жоспарымды танып отырмын. Яғни көшіріп алған. Мен мұны "Білімділер " сайтына жариялағанмын. Тіпті "Данышпан мен аңыз " атты тәмсілді орыс тілінен өзім аударған болатынмын, Тура түпнұсқамен бірдей.
avatar
• 13 ноября 2015 19:20
өте керемет
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык