Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 2-ге көбейту және бөлу кестесін қайталау


2-ге көбейту және бөлу кестесін қайталау

Сабақтың тақырыбы: 2-ге көбейту және бөлу кестесін қайталау

Сабақтың мақсаттары: 1) Білімділік: Практикалық амалдар негізінде 2 санын көбейту және бөлу кестелерін есеп шығару кезінде пайдалану, 2-ге көбейту және бөлу кестелері туралы білімдерін бекіту; 2) Дамытушылық: Кестелік есептеу дағдыларын қалыптастыру, түрлі есептер шешуге үйрету, есте сақтау, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін, тілдерін дамыту; 3) Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ойын еркін айта білуге тәрбиелеу.
  Сабақтың көрінісі: Сызбалар, кестелер, қорап, шарлар.
  Сабақтың тәсілі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, іздену, түсіндіру, ой қорытындылау.
  САБАҚ БАРЫСЫ
  І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Құрал - жабдықтарын тексеру. Сабаққа назарларын аудару. Оқушыларды 4 топқа бөлу. Топ жетекшілерін сайлау.
  Топ жетекшілерінің міндеттерін түсіндіру. Сабақтың жарыс түрінде өтетінін және топтың жұмысы бағаланатынын ескерту.
  ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 
  Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
  Үйге № 5 тапсырма берілді.
  Тапсырманы қалай орындау керек?  
  Теңдеулерді шешу.
  Тапсырманы әр топқа ауызша оқыту арқылы тексеру.
  Үй тапсырмасын қорытындылау.
  Белгісіз көбейткішті қалай табуға болады?
  Екінші көбейткішті қалай табуға болады?
  Бөлінгішті қалай табуға болады?
  Бөлгішті қалай табуға болады?
  Сұраққа толық, дұрыс жауап берген топ шаршы алады.
  ІІІ. Білімдерін жан - жақты тексеру. Топтар бір - біріне сұрақтар қояды. Көбейту кестелерін жатқа айту.
  IV. Тіл дамыту. «Логоритмика». 
Ру-ру-ру - есепті шығару, 
Ту-ту-ту - 3-ті 5-ке көбейту.
Ер-ер-ер үлкен шеңбер,
Ша-ша-ша - есепті шығару ауызша.
Ыс-ыс-ыс - оқулықпен жұмыс,
Ау-ау-ау - жаттығуды орындау.
V. Жаңа сабақ:   2-ге көбейту және бөлу кестесін қайталау.
     1-топ                 2-топ                   3-топ                4-топ
1. Көбейту амалымен тексер: (№1 слайд) 
       6 : 2                   10 : 2                    14 : 2                20 : 2
       8 : 2                   12 : 2                    16 : 2                18 : 2
Дәптермен жұмыс
2. Амалдарды орында. Тексер: (№2 слайд)
1-топ                                       2-топ                                3-топ                        4-топ 
400 : 2                                      600 : 2                               400 : 400                   400 : 200
1 х 500                                     0 : 400                                600 : 300                    8 х 50    
0 : 500                                    300 : 300                                 50 : 50                     0 : 600
3. Есепті шығар. Ойын: “ Кім жылдам? ” (№3 слайд)
18 кг алма 2 жәшікке тең бөлініп салынды. Әр жәшікке неше килограмм  алма  салынды? 
4. Теңдеулерді  шеш: (№4 слайд)
     1-топ                                           2-топ                                  3-топ                       4-топ
10 : Х = 5                                        а х 2 = 10                              2 х а = 10                  а : 2 = 5
2 х а = 18                                         12 : а = 6                               а : 2 = 7                   5 х а = 10
5. Сөзжұмбақты шешу.  (№5 слайд)
Сұрақтар:
1. Мектептегі 45 минут қалай аталады?
2. Сүттен жасалатын тағам.
3. Еліміздің патриоты, жазушы, “Невада-Семей” полигонын жабуға еңбегі сіңген азамат?
4. Оқушының ұнатпайтын бағасы?
5. Білім беретін мекеме. 
6. Логикалық есептер      (№6 слайд)
1. Кеше  Серіктің туған күні болды. Ертең бейсенбі. Серіктің туған күні аптаның қай күні болды? 
2. Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км шабады?
3. Қорада тауық пен қозылар бар. Олардың аяқтары - 18, басы – 6. Сонда тауық нешеу, қозы нешеу?
4. Тұрар 12 жаста, інісі 7 жаста. Екеуі неше жыл бірге тұрды?
5. 36-ты 6-дан неше есе артық?
6. 5-тен 25 неше есе артық?
VІ. Сабақты қорытындылау.
VII. Үйге тапсырма беру. Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Разрядтан аттап жазбаша көбейту, бөлу.
Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау
Көбейтудің жазбаша тәсілдері. Жазбаша көбейту алгоритмі. 43х3, 143х3
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Өткенді пысықтау.
10-ға, 100-ге көбейту және бөлу
Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу
Ойынмен өткізілген үлгі сабақ
3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
Бөлу амалына берілген бір амалмен шығарылатын есептер
8 ге көбейту және бөлу
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4065 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык