Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Координаталық түзудегі екі нүктенің ара қашықтығына есептер шығару


Координаталық түзудегі екі нүктенің ара қашықтығына есептер шығару

Координаталық түзудегі екі нүктенің ара қашықтығына есептер шығару

Математика

Мерзімі: 25.11.2014

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Координаталық түзудегі екі нүктенің ара қашықтығына есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға берілген координатасы бойынша екі нүктенің ара қашықтығын табуды есептер шығарғанда пайдалана білуге дағдыландыру

Сабақтың міндеттері:

- Координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандардың кескінделуін көрсету.

- Оқушыларды екі нүктенің арақашықтығын таба білуге үйрету және білім дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

- Әр оқушының өздігінен еңбектенуге, ұлтжандылыққа, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

-  Оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, формулаларды пайдалану арқылы жүйелілікке, нақтылыққа, жетістігін бағалай білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: «Интервью», «Менің суретім», есептер шығару, «Графикалфқ диктант», «Шешендік өнер»

Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.

Сабақтың түрі:Ойын сабақ

Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, карташалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

1. Шаттық шеңбері «Біз бақытты баламыз!»

Біз бақытты баламыз!

Айтқан тілді аламыз.

Оқу оқып әрдайым,

Кілең бестік аламыз!

2. Топқа бөлу

         Стол үстіндегі кеспе қағаздарда сандар жазылған, соларды алып, топқа болінеді.

«Теріс сандар»

«Оң сандар»

«Қарама-қарсы сандар»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ертеде бір патшалықта «Рационал сан» атты патша өмір сүріпті, ол патшаның «Оң сан», «Теріс сан», «Қарама-қарсы сандар» атты үш ұлы болыпты. Ұлдарының ақылы көркіне сай болса да, өздерінің патшалықта алатын орны мен маңыздылығы жөніндегі даулары бітпепті. Үш ұлының дауынан шаршаған патша оларды шақырып:

-Үшеуіңе үлкен сынақ беремін, қайсың содан сүрінбей өтсең, патшалықтың мұрагері атанып, бар байлықты иеленесіңдер депті. «Оң сан», «Теріс сан» мен «Қарама-қарсы сан» нөкерлерін жинап сайысқа кірісіп те кетеді.

Мен сіздердң топ басшыларыңызға бағалау парағын таратамын, бүгінгі ертегілер әлеміне саяхатымызды осы парақ арқылы бағалайтын боламыз.

Қызығушылықты ояту

«Интервью» әдісі бойынша әр топ өзінің атын қорғайды

üТеріс сан деген не?

üОң сан деген не?

üҚарама-қарсысандардепқандайсандардыайтады?

üТаңбаларережесіқалайайтылады?

üТаңбалары әртүрлі екі сан қалай қосылады?

üТеріс сандарды қосу ережесіқалайайтылады?

üКоординаталық түзудің көмегімен кесіндінің ұзындығын қалай табамыз?

Мағынаны ажырату

№1. Ойын “Менің суретім” (топтық жұмыс)

Координаталық түзуде қосуды орындаңдар:

« Теріс сандар»                     «Оң сандар»                «Қарама-қарсы сандар»

-6 + (-2)                                  -7 + (-3)                                   -4 + (-3)

-3 + (-3)-4 + (-4)                          -3 + (-6)-3+ (-8)                  -2 + (-5)-1 + (-7)

№2.  Координаталық түзуде А(-5) және В(3) нүктелері берілген. С, D және Е нүктелері АВ кесіндісін өзара тең АС, СD, DЕ және ЕВ кесінділеріне бөледі. Координаталық түзуде АВ кесіндісін салып, С, D және Е нүктелерінің координаталарын табыңдар

Сегріту сті:

№3. «Графикалық диктант» (жеке жұмыс)

         Оқушыларға 10 тапсырма беріледі. Егер тапсырманың жауабы дұрыс болса кесінді, қате болса бұрыш салу керек. Тапсырма орындалғаннан кейін тақтадағы сурет бойынша суреттері тексеріледі. Неше сурет дұрыс болса, сонша ұпай қойылады.

  1. -13+29=-16                       6.      -5-8-15-12=-40
  2. -=-1                               7.      18+(-3)=15
  3. 3-5,8=-2,8                              8.      +(-2)=-1
  4. 2-(-9)=-7                                  9.      (-2)+(-6)=-8
  5. 0-19=19                                  10.     -7-( -14) =0,2     

Оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындаған болса, төмендегідей сурет шығады.

Баяндама:«Оң сандар мен теріс сандар тарихынан»

Математика –ғылымдардыңішіндееңертешыққаны, оныңтарихығасырлартүкпіріндежазу мен сызужоқкездебасталған.Күнкөрісқамыүшінжүргізілгенкүресертезаманныңадамдарынайналасындағызаттардысанауға, нәрселердіңмөлшерінөзарасалыстыруға, жылмезгілдерінайыруғамәжбүреткен. Заттардысанаудан 1, 2 , 3, 4, 5, … т.с.с. натурал сандарұғымықалыптасқан. «Нәрселердісанағандақолданылатынсандар натурал сандардепаталады.» Кезкелген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылыжазыпкөрсетугеболады. Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады. Натурал сандар жиыны ең қарапайым сандар жиынының бірі болып табылады. 

Теріс сандар математикаға XVII ғасырда толық кірді және кең қолданылды. Теріс сандар Грек математигі Диофант еңбектерінде көрінді, бірақ ол өзі оны мойындамады. Ол еңбектерінде «теріс» сан шықса, «мүмкін емес» деп тастап кетті. Ал Индиялық математик Брамагупта (VII ғасыр) өзінің есептеулерінде кең қолданып дұрыс түсінік берді. Ол мүлікті оң, ал қарызды теріс сандармен белгіледі. Ал оның жерлесі Бхаскара (XII ғасыр) теріс сан дәрежесінен пайдаланып өзінің «Венец системалары»  еңбегінде (+5)²=25  (-5)²=25 деп көрсетті.

Европа математиктері XVI ғасырда теріс сандарды пайдаланды. Олар теріс сандарды: «өтірік», «түсініксіз», «жоқтан кіші» тағы басқа деп атады. Тек Голландиялық математик Жирар (XVI-XVII ғасыр) теріс сан мен оң сандарды теңдей пайдаланды. XVII ғасырдан бастап теріс сандар математикаға жақсылап кірді және практикада қолдануға ие болды.

Франциялық  философ және математик Декарт координаталық түзу түсінігін берді. Әр түрлі құбылыстарды және математикалық өрнектерді график арқылы көрсету үшін ол теріс сандарды пайдаланды. Барлық натурал сандар жиынын барлық бүтін сандар жиынына дейін кеңейту нәтижесінде азайту амалы да әр уақытта орындалатын болды. Бөлу амалы барлық жағдайда орындалу үшін барлық бүтін сандар жиынын да кеңейту қажет болды. Нәтижеде  рационал сандар жиыны пайда болды.

Ой толғаныс

«Шешендік өнер»

Топтарға карташалар таратылады. Оның жартысында ережелердің басы, қалған жартысында соңы жазылған. Оқушылар сәйкес ережелерді құрып, ауызша айту керек.

№1

Екі теріс санды қосу үшін:

алдына минус таңбасын қойып, қосылғыштардың модульдерін қосу керек.       

№2

Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санды қосу үшін:

алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қойып, үлкен модульден кіші модульді азайту керек.

Мұғалімнің сөзі:

Патша ұлдарының өнерлеріне тәнті болып, үшеуін де мұрагер етіп, тату – тәтті өмір сүрулерін өсиет етіп айтып кетіпті. Ағайындылар да қателіктерін түсініп «Рационал сандар» патшалығының көркеюіне өз үлестерін қосқан екен.

Бағалау

Бағалау парағы

Топтың аты:                                   

Оқушының аты

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар

Сұрақ-жауап

 

 

 

 

 

 

№1

 

 

 

 

 

 

№2

 

 

 

 

 

 

№3

 

 

 

 

 

 

Ережелерді құрастыру

 

 

 

 

 

 

Барлық ұпай саны

 

 

 

 

 

 

Бағасы:

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі:

0– 1 Ұпай аралығында– «2»

2-4 ұпай аралығында – «3»

5-6 ұпай аралығында – «4»

6-дан жоғары -       «5»

Үйге тапсырма

Ертең болатын бақылау жұмысына дайындық ретінде «Рационал сандар» тарауын қайталау

Кері әсер парағы

  1. Сабаққа қандай баға қояр едіңіз?
  1. Ұсынысыңыз, пікіріңіз
  2. Келесі сабақ қалай өткенін қалар едіңіз?

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қатынас және пропорция
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарды салыстыру
Рационал сандарды қосуды қайталауға арналған жаттығулар
Теріс сандарды қосуға есептер шығару
Рационал сандарды салыстыру
Оң және теріс сандар тарауын қайталауға арналған практикалық сабақ
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Рационал сандарды бөлу
Рационал сандарға амалдар қолдану.
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 8888 | Қосты: Сулейменкулова Сабира Куанышбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык