Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика ханшасы сайысы


Математика ханшасы сайысы

Математика ханшасы сайысы

«Математика ханшасы сайысы» сыныптан тыс шара

Мақсаты: Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері:

1.Оқушылардың математика пәні бойынша  білім сапасын арттыру.

2.Логикалық ойлау қабілеттерін ,пәнге қызығушылығын дамыту.

3.Тапқырлыққа , жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Көрнекілігі:плакаттар, шарлар,интербелсенді тақта, т.б.

Сабақ барысы

Құрметті оқушылар ,осы аптада біздің мектебімізде математика апталығы өтіп жатыр. «Математика ханшасы»  атты сыныптан тыс шараны бастауға рұхсат етіңіздер.

Уа, жараңдар,жараңдар,

Мына бізге қараңдар,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз.

Кешіккендерді тоспаймыз,

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында ойын сайысымызды бастаймыз.

Шақырамыз келіңдер жарысуға ,

Күш,  өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық, ортамызға,

Қанеки кім шығады сайысуға. Сонымен ,ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

1-кезең. «Бәйге» деп аталады.

1.Жиырма төрт батыр,

Бірін-бірі жеп жатыр. (шахмат)

2.Доп емес,дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі ,

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)

3.Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар? (натурал сандар)

4.Кері сандардың көбейтіндісі (1-ге тең)

5.Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі(1800)

6.Ең кіші жай сан (2)

7.Алымы мен бөлімі өзара жай сан болатын бөлшектер.(қысқартылмайтын бөлшектер)

8.Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

9.9-ға кері сан (1/9)

10.Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

2-кезең. «Тіл –өнер» Сайысқа қатысушылар құрамында сан кездесетін мақал –мәтелдер жазулары керек.Кім көп мақал –мәтел жазғанын анықтау.

Көрермендермен ойын.

«Даусынан біл» Әр сыныптан үш- үштен алты оқушы ортаға шақырылады.Біреуінің көзі байланып ортада тұрады.Қалған оқушылар оны айналып жүріп математикалық  шамаларды айтады.Ортадағы бала «Тоқта» дегенде тоқтай қалады,қарсы тұрған бала өзінің ақырғы сөзін қайталайды.Қай оқушы екенін дұрыс тапса орындарын ауыстырады.Дұрыс таба алмаса , айыбын өтейді.

3-кезең «Кім қырағы?» сайысы .30 секунд ішінде көрсетілген сөздерден есте қалғанын жазу.

шеңбер

апта

математика

ана

су

тас

перпендикуляр

теңдеу

компьютер

радиус

периметр

мектеп

градус

сынақ

ұя

ауыл

Көрермендермен ойын.

Есте сақтау қабілетің

Қандай сенің ағайын

Жаңылпашты қайта айтшы

Қазір саған айтайын.

1.Рационал сан, иррационал сан

Иррационал сан, рационал сан.

Біріккен сан, болған сан

Нақты сан деп айтылған сан.

2.Шеңбер,шеңбер доп емес

Доп сияқты,  доп емес

Доп деп, доп деп шеңберді

Ойлама шеңбер ол емес.

3.Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш

Тең –тең бұрыш, тұстас бұрыш

Жазыңқы бұрыш, құрған бұрыш. (3 –оқушы шығып қайталау.)

а сынып оқушыларының орындауында ән. «Ақжайнақ» әнімен.

Хош келіпсіз бұл кешке үлкен –кіші а-а-а-ай

Дөп келіпсіз бар жақсы осы кеште –ай, құрбылар,

Білім нәрін есептің сусындатып а-а-а-ай

Тек көңілді қайтарсыз бүгін үйге –ай, құрбылар.

 Қ –сы:

 Бүгінгі кеш көңілді

Оған біздер сенімді

Қошеметпен қол соқса

Көрермендер өнімді

Математика әлемі ғылым биік а-а-а-ай

Мойындарсыз сіздерде осы жерде құрбылар

Атсалысып ,жарысып көрінейік а-а-а-ай

Мадам ,сыйлық аларсыз бәріңізде –ай, құрбылар.

Қ – сы,2 рет.

4-кезең «Логикалық сұрақтар»

1.Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағат 20 минут ұшады да,қайтқанда 80 минут ұшты.Себебін түсіндір.

Жауабы: 1 сағ.20 минут =80 минут екеуі бірдей.

2.Басқа кисең бөрік ,сәнді сұлу көрік бұл не? (конус)

3.Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айында)

4.Кемпірдің үйіне ұрыға түсуге ұрылар келеді.Ұрылардың келетінін кемпір біліп қояды да , кемпір олардың алдарынан тосады.Сонда кемпір былай дейді.

«Сапырып – сапырып Сарманға бер,

Құйып –құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те, маған бер» -деген екен.Мұны естіген ұрылар:-Қой мұнымыз бекер болар.Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты.Кемпір ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу.

Жауабы: 10 адам, 5 ұры.

5.Қаланың шетінен орталыққа қарай келе жатқан тролейбуста кондуктор мен шоферден басқа 23 адам болды.Көпір жанында одан 7 адам шығып , 4 адам кірді.Кинотеатр жанында 5 адам шығып, 3 адам кірді.Келесі 9 рет тоқтаған кезде 17 адам шығып ,19 адам кірді.Вокзал жанында барлық адам түгел шықты және бір адамның билетсіз мінгені анықталды.Сонда тролейбус неше рет тоқтады?(12 рет)

6.Үш әке алты бала серуенге шықты, олар 42 алма сатып алды.Бұлардың әрқайсысына 6-дан алма тиді.Бұл қалай болғаны?

Жауабы: 1 атасы,2 әкесі,4 немересі.

7.Тура теңдік шығар: XXV – XXI =XI         

8.2-ні 5 рет пайдаланып 3 санына теңестір.

  1. 2-ні 5 рет пайдаланып 5 санына теңестір.

10.Бірінші буыным құс аты,

Ал екіншісі –бояу түсі

Екеуін біріктіріп оқысақ

Оңынан да соңынан

Ұлт болып шығамын (қазақ)

5-кезең.Практикалық есеп.Лентадан көз мөлшерімен 20 см кесіп алу,кім дәлдеу, жақындау кессе сол жеңеді.

Сайыс соңында жеңімпаз оқушыны анықтап марапаттау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ғажайып математика»
Тапқыр достар
Тапқыр математик.
Математикадан ойын-сабақ.
Көңілді достар
Талантыңмен таныл
«Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.
«Жас қыран» атты математикалық сайыс
Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі, түрлері
Математика ғылымдар патшасы, информатика ақпараттар ғылымы
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4904 | Қосты: Байжигитова Гулжайна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык