Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика әлемі


Математика әлемі

                                     Математика әлемі   

   Түсінік хат

          Жеткіншек ұрпаққа сапалы да тиянақты білім беріп, адамгешілікке,ізгілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу және оларды белгілі бір пән саласына икемдеу қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтау емес, осы материалды шығармашылықпен өмірде қолдану шеберлігін қалыптастыурға көп көңіл бөлінеді.

         Баланың шығармашылық шеберлігін бірден дамыту мүмкін емес. Сол себептен танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру керек. Оқушыны ізденімпаз-дыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыратын ақыл-ой деңгейін ұштау үшін «Математика әлемі» бағдарламасын ұсынып отырмын.

    Бағдарламаның мақсаты:

 

-  математикалық білімді игеру;

-  танымдық іс-әрекетке, өздігінен ізденуге бейімдеу;

-  пәнге қызығушылығын арттыру;

-  қисынды ойлауын дамытып, тұлға ретінде    қалыптастыру;

-  игерілген білімдерін өмірде іс-әрекет барысында   қолдана білуге дайындау;

-есептің шығару жолын ауызша талқылау ойлау мен тіл қабілетін дамыту

 

Бағдарламаның міндеті:

- мемлекеттік стандарттан тыс нақты математикалық білімді меңгерту

ақыл ой іс әрекетінің мән мағынасын түсіндіре отырып тұлғаның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;

кеңістік пен уақытты бағдарлай білу біліктерін жетілдіру;

практикалық әрекеттерді орындау машықтарын арттыру;

-есептерді шешудің дәстүрлі емес тәсілдерін таба білу, стандарт емес есептерді шешу тәсілдерін таба білу іскерліктерін дамыту;

 

 

Күтілетін нәтиже:

-оқушылардың еркін ойлауына жол ашады;

-есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттері дамиды, іскерлік білімдері мен дағдылары қалыптасады;

-құрбы-құрдастарымен еркін пікір бөлісетін болады;

-енжарлықты жоюға көмектеседі:

 

 

     Оқу материалының мазмұны:

 

Математика пәні бойынша сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті (дарынды) оқшылармен жұмысты жандандыруға болады.

     Берілген тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды. Тапсырмалар баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа , ойын дәлелдеуге де үйретеді. Әрі оны жалықтырмайды.

      Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша әдістемелік құрал бола алады.

 

 

             3- сынып   Жылдық сағат саны-34

 

             Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны

1

Екі таңбалы сандарды ауызша және жазбаша қосу мен азайту тәсілдері

1

2

Үш таңбалы сандарды ауызша және жазбаша қосу мен азайту тәсілдері

2

3

Қызықты пирамидалар

2

4

Арифметикалық домино       

1

5

Арифметикалық тримино

1

6

Арифметикалық үшбұрыштар

1

7

№1 сынақ

1

8

Санның үлесін табу

2

9

Арифметикалық спортшылар

2

10

Ауызша көбейту тәсілдері

1

11

Ауызша бөлу тәсілдері

1

12

№2 сынақ

1

13

Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайту

1

14

Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайту

1

15

Қызықты дөңгелектер

1

16

Сан тізбектері

1

17

Сан кестелері

1

18

Математикалық жұмбақтар

1

19

Амалдардың орындалу тәртібі

2

20

 Қызықты көпбұрыштар

2

21

№3 сынақ

1

22

Математикалық викторина

1

23

Рим цифрын білеміз бе?

1

24

Киелі сандар сыры

1

25

Микрокалькулятормен жұмыс

1

26

«Математика—ғылымдар патшасы» сайыс

1

27

№4 қорытынды сынақ

1

28

Тест тапсырмалары. Білімді қорытындылау

1

 

 

Пайдаланылғын әдебиеттер:

  1. Математика еліне саяхат  Б.М.Қосанов  Алматы-2012ж
  2. Математика оқулығы 3-сынып, Т.Қ.Оспанов, Ш.Қ.Құрманалиева, Ж.Т.Қайыңбаев Атамұра-2014ж
  3. Логикалық  есеппен математикалық олимпиадаға З.Ш.Ерназарова , П.А.Құсеинова,М.З.Ермағанбетова  Қызылорда – 2010ж

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
Қайталау
Қосу және азайту
Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері
Математикалық логика негіздері
Қызықты математика әлеміне саяхат
Қысқаша көбейту әдістері
Математикалық сандықша
Мың көлемінде ауызша есептеу тәсілдері. 100 көлеміндегі амалдарға дейін апаратын қосу және азайту
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4547 | Қосты: Берженбаева Асемкул Райқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык