Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика және табиғат қорғау.


Математика және табиғат қорғау.

Математика және табиғат қорғау.

         Педагогикада мектептен тыс уақытта тәрбие жұмысын жүргізу, негізінде екі бағытта өтілетіндігі айтылған. Олар:

  1. Оқушылармен жүргізілетін жалпы мектептік тәрбие жұмыстары.
  2. Мектепте оқылатын әрбір пәнге байланысты жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстар.

         Шәкірт жан дүниесін , іс-әрекетін математиканы пайдалана отырып табиғатты аялаушы етіп қалыптастыру. Олардың жолдары алуан түрлі. Біз солардың бір-екеуіне тоқталайық.

         Мысалы, сыныптан тыс уақытта есеп шығару барасында оқушыларды математикалық сауаттылығын арттыруға, табиғатты қорғау, оны аялау элементтерін енгізуге болады. Жердегі тіршіліктің бірден-бір көзі – ауаны қорғау мәселесіне байланысты есепті қарастырайық.

         Есеп. Ауа бассейінінің былғануының негізгі ошағы, транспорт, жылу энергия көздері, өндіріс орындары. Осылардың ішінде ауаны былғауға транспорт 62 пайыз, жылу энергия көздері 25 пайыз, ал өндіріс орындары 13 пайыз үлестерін тигізетін болса онда бір жылда ауаға барлығы 195,934мың тонна улы газ бөлінеді екен. Сонда осылардың әрқайсысы бір жылда қанша тонна улы газ бөлініп шығаратындығын есептейік. Бұл есептің қорытындысында  оқушыларды ауаны қорғауға шақырып, ауаны ластамай, оны  ластап жатқан транспорттың бұзық тетіктерін жөндеп, жанар майдың басқа түрлерін пайдалану керек екенін, ал өндіріс орындарына сүзгіштер орнатып, олардың қызметін тұрақты бақылап тұру қажеттігін айта кетіп, ауаны уламай ұстауға мектеп оқушыларының да тигізетін пайдасын түсіндіру қажет.

         Жер шарының табиғи ресурстарының бірі – суды қорғауға, оны ластамай тиімді пайдалану сияқты тәрбиелік мәні бар үгіт-насихат жұмысын жүргізу арқылы математикамен байланыстыра отырып, суды қорғауға байланысты есептер шығаруға болады.

         Есеп. Су қоймасына төгілген 100 г. мұнай 8 мың м3 суды былғайды. Мұнай қоспасынан бұл су өздігінен тазарту үшін 200-300 км жерге ағуы керек. Егер суға 1 кг. мұнай төгілсе, онда ол қанша м 3 суды былғайды және судың өздігінен тазаруы үшін қанша км жерге ағуы керек?

         Бұл есептің нәтижесінде, суға төгілген мұнай тек суды ғана улап қоймай, сол суда кездесетін өсімдіктер мен балықтарды жойып, суды пайдаланған адамның да уланып, ауру болып жатқанын оқушылардың санасына жеткізу міндеті тұр.

         Адам баласының қанатты достары – құстарды қорғау мәселесімен қатар олардың әкелер пайдасына да тоқталып кеткен жөн.

         Есеп. Бір қараторғай күніне бір рет ұшып келгенінде балапандарына 9 г шегіртке (3 шегіртке, әрқайсысы 3 г.) әкеп отырады. 2 қараторғай бір күнде 360 г. шегірткемен, ал бір айда осы 2 қараторғай 10800 г. шегірткемен  балапандарын асырайды. 1 айда 1000 қараторғай қанша кг шегіртке жояды?

         Есеп. Жаз бойына 1 тышқан 1 кг астық жесе, ал 1 үкі жаз бойына осындай 100 тышқанды жейді екен. Сонда 1 үкі қанша астықты сақтап қалады?

         Табиғат байлығының құрамды бөлігінің бірі – орман екені белгілі. Орман – мол өнімнің негізі, мол сулы өзендерінің жәрдемшісі. Алайда, жылдан-жылға ормандар жойылыпбара жатыр.

         Оқушыларды орманды қорғау, оның байлықтарын тиімді пайдаланумәселесін айтып өтіп, орманның пайдасын көрсететін мына есепті шығаруға болады.

         Есеп. Орманның 10 000 гектары тәулігіне 50-100 тоннаға дейін оттегін бөліп шығарса, онда орманның 1 гектары тәулігіне қанша оттегін бөліп шығарады? Ал орманның 1 гектары 200 адамды 1 сағат оттегімен қамтамасыз етсе, онда орманның 10 000 гектарын қанша адамды 1 сағат оттегімен қамтамасыз етеді?

         Табиғат аруы – шырша, жыл сайын әр отбасында жаңа жылдың келуін паш етеді. Егер орта есеппен  10-15 адамға 1 шыршадан орнатылады деп алсақ, онда жаңа жыл қарсаңында Тараз қаласының 332 мың халқына орта есеппен 22130 шырша кесіледі екен. Ал Қазақстанның 17 миллион халқына 1133000 шыршаның кесілетінін балалардың өздеріне есептетуге болады.

         Табиғатта көптеген өсімдіктердің гүлдері бар екенін білеміз. Осы гүлдер арқылы балаларға уақытты анықтауды үйретуге болады. Мысалы, итмұрын гүлі таңғы 4-5-те ашылып, кешкі 7-8-де жабылады, ал өгейшөп гүлі ертеңгі 9-10-да ашылып, кешкі 5-6-да жабылады. Ал тұңғиық гүлі таңертеңгі 6-7-де ашылып, кешкі 6-7-де гүлін жабады екен. Өсімдіктер әлемі үшін көптеген насекомдардың тарапынан да едәуір пайда тиеді. Еңбекқор тіршілік иесі – құмырсқаның пайдасын анықтау үшін мынадай қызықты есеп шығаруға болады.

         Есеп. Құмырсқа илеуі бар аймақтың ағашында 13037 зиянды және 2061 пайдалы насекомдар болады. Бір илеудің құмырсқалары бір аптада 51120 насекомды жойған. Оның ішінде зиянды насекомдардың 99,7 пайызын, пайдалы насекомдардың 0,07 процентін, айтарлықтай мағынасы жоқ насекомдарды құмырсқа жойған деген есептерді де шығартып, өзіміз күнделікті көріп жүрген құмырсқаның ерекше пайдасын көруге болады.

         Бұл келтірілеген мысалдар арқылы табиғаттың алуан сыры бар екенін, оларды толық ашуға математика пәнінің көмектесе алатынын оқушыларға жеткізе аламыз.

         Терең білімді, қабілеті мол математика пәнінің мұғалімі әрбір кез сыныптан тыс жұмысты табиғат қорғаумен байланыстыра отырып жүргізсе, оқушыларды жүйелі түрде табиғатты аялауға тәрбиелеуге елеулі үлес қоса алады.

                           


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика және экология
Бізді қоршаған әлем
Қоршаған ортаның ластануы
Табиғатым-тағдырым
Табиғатты қорғау негіздері
Суды қорғау
Суды қорғау
Деректер бойынша есептер құрастыру
Табиғат – біздің екінші үйіміз.
ЭЕМ да есеп шығару кезеңдері: есептің берілуі, алгоритмі, тәсілі.
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3481 | Қосты: Ауелгазина Куралай Кудайбергеновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык