Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 5544 |
|
|
|
Жанды математика
Жанды математика
ТҮСІНІК ХАТ:
Әр халық өзінің жас ұрпағын білімді, қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, әділ болып өссін деп армандайды. Бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірибесінен сыннан өткен салт-дәстүрлерді, педагогикалық әдіс-тәсілді пайдаланып келеді. Бірақ математика сабағын халық педагогикасымен байланыстырудың өзіндік қиын жақтары бар. Оның басты себебі оқулықтың ішіндегі мысалдар мен есептердің көп еместігі. Дегенмен, халқымыздың ертегілерінде, аңыз әңгімелерінде, шешендік тапқыр сөздерінде, ойындарында, салт-дәстүрінде математикамен байланысқан тұстарын көптеп байқауға болады. Бағдарлама “Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына” сай оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптарды сақтайды. “Математика” оқулығына қосымша білім беруге бағытталған.
МАҚСАТЫ:
ОҚУШЫЛАРҒА ҚАЗАҚТЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ, АТА-МҰРАСЫ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРЕ ОТЫРЫП, МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЫҚЫЛАСЫН АРТТЫРУ, ЕСЕПТЕУ МАШЫҚТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ, ЕЛІН, ОТАНЫН СҮЙЕТІН ҰЛТЖАНДЫ, БІЛІМДІ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУ
МІНДЕТТЕРІ:
САНДАР СЫРЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК БЕР;
БАЙЫРҒЫ ҚАРА ЕСЕПТЕР, ҚЫНЫР ЕСЕПТЕР,
ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ
КЕҢІРЕК ОЙЛАНУЫН, ТАПҚЫРЛЫҒЫН ТАЛАП ЕТУ, ЖЕТІЛДІРУ;
КӨНЕ ХАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ, ҚАЗАҚТЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ
МӘДЕНИЕТІ ЖАЙЛЫ МАҒЛҰМАТ БЕРУ;
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӨЛЕҢ, МАҚАЛ-МӘТЕЛ, ЖҰМБАҚ,
ЖАҢЫЛТПАШ, САНАМАҚ, ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚ АУЫЗ
ӘДЕБИЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ, ОЙЫН, ТІЛІН ҰСТАРТУ;
ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР МАЗМҰНДЫ ЕСЕП ОЙЫНДАР
НЕГІЗІНДЕ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТУ, ЕРІК-ЖІГЕРІН ДАМЫТУ.
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:
Пән сабақтарын жүргізу барысында фигуралардың қасиеттерімен танысқанда, ребустар құрастырғанда бейнелеу пәнімен, әр түрлі қызықты есептерді шешуде қазақ тілі, ана тілі, халық ауыз әдебиеті, дүниетаным пәндеімен тығыз байланыс орнайды.
БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Математиканы қажетті салада қолдана білу мүмкіндіктеі жөнінде түсініктерін қалыптастыру, заттарды санаудың, кесіндінің ұзындығын өлшеудің және амалдың нәтижесі ретінде жай түсінік бее отырып, салыстыу, ажырату, жай есептер құру;
Амалдадың мән-мағынасы аталарын, есепте тәсілдеі, жай есептер құрудың тиімді жолдарын пайдалана білу;
Өз ойынан есеп, шифрлау, ребстар құрастыру;
БОЛЖАМЫ:
Егер бұл бағдарламаның мақсат, міндеттері орындалса, онда ұлттық сана-сезім оянған, математиканың қоғамда алатынорнын білетін, құрметтейтін, ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, эстетикалық талғамы жоғары, еңбекқор, ар-ожданы мол тұлға шығуы мүмкін.
НӘТИЖЕ:
Ұлттық негізінде құрылған тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың бар мүмкіндіктерін ашып туады, шығармашылық іс-әрекетке талпынысын туғызады, оларды тапқырлыққа, байқампаздыққа, шапшандыққа, іздемпаздыққа тәрбиелейді
Бұл бағдарлама төмендегідей бөлімдерден құрылған:
ТІЛ - ОЙ КӨРКІ
ДАНАНЫҢ СӨЗІ – АСЫЛ ТАС
АСЫЛ ҚАЗЫНА
ТОҒЫЗ ТОЛҒАН, ОН ОЙЛАН
Жанды математика» курсының білім мазмұны:
Мазмұны Міндетті деңгейі Мүмкіндік деңгейі Сағат саны Көрнекілігі Пәнаралық байланыс
І бөлім ТІЛ - ОЙ КӨРКІ 7 сағат
- Сандар қасиеті
- Санамақтар
- Математикалық мақал-мәтел
- Жаңылтпаштар
- Жұмбақтар
- Өлең-есептер Сандар қасиеті жайлы мағлұматтар алады, матема-тиканың халық ауыз әдебиеті-мен байланыс-тылығын түс-нетін болады.
Сандар қасиетінің қыр-сырын ашады,
математикалық өлеңдер, жаңылтпаштар
шығарады, олар жайлы ізденеді 1
ІІ бөлім ДАНАНЫҢ СӨЗІ - АСЫЛ ТАС 7 сағат
-Қазақтың 3 санының сыры
-Қазақтың 5 санының сыры
-Қазақтың 7 санының сыры
-Қазақтың 9 санының сыры
-Қазақтың 40 санының сыры
-Математика мәдениеті
-Сандар әлемінде
/ертеңгілік/ 3, 5, 7, 9, 40
сандарының сырын түсінеді
Қазақтың ұлы математиктері жайлы
мағлұмат жинау, сандар сырынан
деректер жинау, жаттау
ІІІ бөлім АСЫЛ ҚАЗЫНА 6 сағат
- Байырғы өлшем бірліктері
- Ұзындық өлшемдері
- Салмақ өлшемдері
-Сыйымдылық өлшемдері Байырғы өлшем бірлікер жайлы
түсінетін болады
Олар жайлы деректер жинау, мәтіндермен
оларды қолданған тұстарына
көз жеткізу
Мазмұны Міндетті деңгейі Мүмкіндік деңгейі Сағат саны Көрнекілігі Пәнаралық байланыс
ІҮ бөлім ТОҒЫЗ ТОЛҒАН, ОН ОЙЛАН 17 сағат
- Қызықты есептер
- Ребустар
- Қыныр есептер
- Әзіл есептер
- Логикалық есептер
- Сөзжұмбак
- Байырғы қара есептер
- Есептер мен ертегілер
- Математика еліне /ертеңгілік/ Есептер арқылы математиканың
өмірден алратын орны,қоғамды дамытудағы
рөлін түсінетін болады
Оқушылар кеңірек ойлана біледі
Оқушының тек есепті шығаруға бағытталған іс- әрекеті есептердің мазмұнында
жасырын жатқан заңдылықтарды
ұғынуға ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы жүзеге асуы тиіс
1 Карточкалар, ребустар, сөзжұмбақ-тар
Билер, шешендер суреттері, ертегі
кейіпкерлері, ойын түрлері
Дүниетану
қазақ тілі, дене шынықтыру, бейнелеу өнері
«ЖАНДЫ МАТЕМАТИКА»
пәнінің
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Пәннің негізгі түйіні
Жанды математиканы неге оқытады?
Жанды математика нені оқытады?
Жанды математика қалай оқытады?
Жауапты ретімен қарастырайық
Математикалық ұғымдар басқа ғылымдар да кең қолданылады, яғни бұл пән өмірдің қажетінен туындап отыр. Бұл пән оқушының ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытады.
Сабақта әр материалдың шығу тарихын, өмірдегі пайдасын қысқа және қызықты түрде айта отырса, оқушылар жан – жақты білім алады.
Жанды математика оқыту – оқытудың дидактикалық принциптерін басшылыққа ала отырып оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты:
Барлық оқушыларды математика ғылымына негіз болатын білімдер жүйесімен қаруландыру және алған білімін практикада қолдана білудің іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру.
Әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойының дамуына шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Оқушының математикалық мәдинеттілігін, сауаттылығын қалыптастыру, оқушының математикаға деген ынта ықыласының тұрақты болуын қамтамасыз ету, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Жанды математика оқыту.
• Түсіндірме – бейнелеу
• Әңгімелеу
• Лекция
• Проблемалап баяндау
• Эвристикалық әдіс (оқушының толымдық қызметін ұйымдастыру)
• Зерттеу
Оқушының білім – білік дағдысына қойылатын талаптар
Сандар қасиеті мен сырын білу;
Халық ауыз әдебиет үлгілерін математикамен ұшастыра білу;
Байырғы халық өлшемдері жайлы мағлұматты есте сақтау оларды үлкен кісілердің сөзінен, әдеби шығармадан, сөздіктерден кездестіре отырып,
жинақтай жүру;
Ұлттық мазмұны бар математикалық есептерді меңгеру;
Ақ-қараны ашқан билер, тауып айтқан шешендер сөзіндегі сұрақтарға, есептерге дұрыс жауап беру, ой қорытындысын жасай білу
Оқушылардың қолданатын әдебиеттері
Қ.Әубәкірқызы. Математика оқулығы. Алматы, “Рауан” 1995 ж.
Бастауыш мектептің 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші сыныптарына арналған байқау оқулықтары.
С.Елубаев, С.Елбаева “Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер”
Мұғалімнің қолданатын әдебиеттері
“Соқыр теке” Алматы, “Өнер” 1990 ж.
“Билер сөзі” Алматы, “Қазақ универсиеті” 1992 ж.
Қызықты есептер жинағы
Қызықты есептер. Бастауыш мектеп журналы, 2004 ж. №1
Қазақ халқының есептері. Бастауыш мектеп журналы, 1998 ж. №2
Байырғы өлшеуіштер мен қазақ есебі. Бастауыш мекеп журналы
Халық ойындарының педпгогикалық астарлары. Бастауыш мектеп журналы ,1995 ж. №9, №10
С.Елубаева. “Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер”.
С.Елубаева. “ Бастауыш кластарда математикадан жүргізілетін кластан тыс жұмыстар” Алматы. “Мектеп” 1985 ж.
Б.М.Қосанов, Р.Қ.Өміртаева “Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар” Алматы, “Атамұра” 1998 ж
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |