Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бүкіләлемдік туризм күні!


Бүкіләлемдік туризм күні!

«Бүкіләлемдік  туризм күні!» мерекесіне орай ұйымдастырылған туристік жарыс.

 

Спорттық-туристік жарыстын  міндеті мен мақсаты:

  1. кәсіптік білім беру орындарында спорттық туризмді жаңғырту;
  2. өсіп келе жатқан ұрпаққа патриоттық тәрбие беру;
  3. салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;
  4. табиғаттқа шыққандағы машықтық және өмірдегі қауіпсіздік ережелерін, әдіс –тәсілдерін үйрету;
  5. қоршаған ортаны қорғаужәне сақтап білуге.

 

  1. Жүргізушінің кіріспе сөзі:

Құрметті қонақтар, ұстаздар және студенттер! Бүгін «27-қырқүйек Бүкіләлемдік туризм күні!» осы кәсіби мерекемен құттықтай отырып  болашақ туризм мамандарының ұйымдастырылуымен «Алтын күз-2014» спорттық – туристік  жарысымызға қош келдіңіздер!

  1. Жүргізуші:

Табиғат қызығам сан суретіңе,
Бас ием сенің алып құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетіне.

Туристер  арқашан табиғатпен бірге

Төл мерекеміздің тарихына біраз шолып өтсек.

Мереке 1979 жылы Испанияның Торремолинос қаласында Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясымен бекітілді.  Жыл сайын 27 қыркүйек күні атап өтіледі.

Меркенің мақсаты - туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастықтың экономикасына қосар үлесін айту, әртүрлі елдер халықтарының арасындағы байланысты дамыту. Бұл күні туристердің слеті, мерекелік іс-шаралар мен фестивальдар ұйымдастырылады.

Қазақстан туризм күнін 1993 жылдан бері тойлап келеді. Сол жылы еліміз Халықаралық Туризм Агенттігінің құрамына кірген болатын. Осы жыл аралығында еліміз туризм саласында көшін түзеп үлгерді. Мемлекеттік даму стратегиясын жақсы жүргізгені үшін Қазақстан осы ұйымның алдыңғы қатарлы озық елдерінің қатарына кіріп Халықаралық Туризм Агенттігінің Басқарушы Кеңесіне дейін жетті.

  1. Жүргізуші: Келесі кезекте әділ қазылар құрамымен таныстырып өтейін.
  2. Жүргізуші: Ал енді жарысқа қатысушыларымыз көп күттірмей ортаға шақырып таныстырсақ қайтеді. Саяхат десе ішер асын жерге қоятын «Алау» тобын ортаға шақырайық. 2 қонақ үй-12 тобының студенттері. («Мы туристы» музыка сы сүйемелдеумен).

Команда таныстыру: атауы, эмблема, әнұраны (2мин).

1.Жүргізуші: Өте керемет, келесі кезекте үлкен үмін күттіретін топ. Жас өлкетанушыларды  мектептен тәрбиелелеп, шынықтырамыз,  болашақта туризмді дамытуға үлкен үлесмізді қосамыз деп үміттендіретін топты шақырайық.  «Ақ желкен» тобы  Дене тәрбиесі және спорт -12 тобының студенттері. («Мы туристы» музыкасы сүйемелдеумен).

  1. Жүргізуші. Жарысымыздың бірінші бөлімі таныстыру сайысының командалардың ұпайлары айтып өтсеніздер.

2.Жүргізуші: «Бірлік түбі береке» деп келесі сайысымыз «Туристік эстафетаға кезек берейік. Туристік эстафета бірнеше бөлімнен түрады «Рюгзак жинау», «Шатыр құру» «Су тасушы». (Туристік эстафетада:  Сарапшы басында және мәреге келген команданың  уақыттын  белгілейді) .

«Рюгзак жинау» топ басшысы рюгзакты жинайды. Ұсынылған заттардан саяхатқа қажетісі алынғаның  және салыну ережесін  қадағаланады.  Кем және дұрыс  салынған заттар үшін штрафты балл беріледі.

«Шатыр құру»  (сайысына 5минут уақыт беріледі, сарапшы шатырдың дұрыс құрылғандығын. уақытылы құрылғандығын қадағалайды. Уақытылы бітпесе немесе дұрыс құрылмаса штрафты балл беріледі.

«Су тасушы» тесік шелекпен командалар келесі жақтағы су шелегін толтыруы қажет және сол жерде жатын қапқа жату тиіс. Топтын барлығы  қатысады .

1 Жүргізуші:  Жарысымыздың екінші бөлімі туристік эстафета сайысының   қорытынды    ұпайлары қандай болды екен?

Тұрғанымда қиналып
Көмек берген достарым;
Өз қайғысын ысырып
Демеп жерген достарым,  деп келесі сайыс түрі  «Алғашқы медициналық көмек және тасмалдау» сайысына берейік. Бұл сайыста аяқ сыну, ашық аяқ сыну, қол сыну, бас жарақаты ситуациялық жағдайлар беріледі. Ортаға «Алау»  және «Ақ желкен» тобын шақырайық. (3+3 адам). (Музыка)

2.Жүргізуші: келесі жас туристерімізді тағы сынайтын сайыс түрі  «Қазына іздеу».  (5-10мин). Арнай карта бойынша белгілерді оқып, казына іздейді іздеу уақыты   қатысатын(4 адам).

2.Жүргізуші:  Жарысымыздың үшінші және төртінші  бөлімі «Алғашқы медициналық көмек және тасмалдау» және «Қазына іздеу». сайыстарының қорытынды    ұпайларын таныстырып  өтсеніздер.

1.Жүргізуші: Қай бір туристік жорық өзінің ерекшлігісіз өтсің алаусыз жорық жорық емес. Ендеше келесі кезекті «Ең мықты алаушы» сайысымызға берейік.  Топтын ең мықты деген алаушылары сайыстарынызды бастаныздар.

(әр топтан белгіленген алаушылар шығаду құрамы 3 адамнан кем болмауы тиіс. Сарапшы   алаудың дұрыс құрылғандығы мен сүттін қайнауын қадағалайды).

2.Жүргізуші: Мерекеміздің ең соңғы сайысы «Туристік ән жарыста» өз кезегімен жетті. Өз өнерін ортаға паш ететін  «Алау»  тобын шақырамыз қарсыалыңыздар. 

1.Жүргізуші: Келесі «Ақ желкен тобында да өнерлі қыздар мен жігіттерге толы екен ендеше солардың өнерін  тамашалайық.

2.Жүргізуші: Көптен күткен шешуші уақыт жақындады. Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде.

1.жүргізуші 27-қырқүйек Бүкіләлемдік туризм күні қарсанында ұйымдастырылып жатқан спорттық-туристік жарысымыздың жеңімпаз тобы марапатталады.

1.жүргізуші: Осымен біздің 27-қырқүйек Бүкіләлемдік туризм күні қарсанында ұйымдастырылып жатқан спорттық-туристік жарысымыз аяқталды келесі жарыстарда көріскенше хош сау болыңыздар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мен білемін, істей аламын, жүзеге асыра аламын
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» эстафеталық ойын
«Толағай» эстафеталық ойын
Спортты ал серікке ...
«Толағай» эстафеталық ойын
Әкем, анам және мен
«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы
Толағай отбасылық сайыс
Бөлім: Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 9026 | Қосты: Бекбаева Арай Жанатовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык