Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Астана-менің көзіммен


Астана-менің көзіммен

Астана-менің көзіммен

                             Матақ ауылы № 15 орта мектеп

Ғылыми жұмыстың тақырыбы:

«Астана-менің көзіммен»

        

 

 Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ      дамуы

                          бар саяхат маршруттары                  

 Секциясы:    Этномәдениеттан

 Орындаған:                 Едіге Дамира

                                3-сынып оқушысы

  Жетекшісі:         Айтбекова Алмагул

                           бастауыш класс  мұғалімі

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . .   5 -бет

Негізгі бөлім

Есіл өзенінің  ерекшелігі. . .  . . . . . . . .                                                 6 -бет

Бәйтеректің шығу  тарихы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .               7 -бет  

Ғажайып ғимараттарға сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . .                         8-9-беттер

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .    10- бет

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  11-бет

Андатпа                        

 Қазақстанның астанасы, бас қаласы – Астана. Мен осы  ғылыми жұмысым арқылы Астана қаласы – жас қала, көркем қала екеніне көзім жетті.Астана келбетінде еліміздің болашағы жатыр.

 

  Столица Казахстана является главным городом страны. Изучая эту тему я узнала,что Астана – самый молодой и красивый город.  В нем мы видим светлое,будущее Казахстана.

Мақсаты::       Астана қаласының әсем,биік үйлерімен танысу арқылы қаланың ерекшелігін білу..Өз еліне,туған жеріне деген патриоттық,сезімді ояту арқылы өз ауылын көркейтуге үлес қосу.

Жұмыстың мақсатына жетуге қойылған міндеттер:

  • Астана қаласы туралы фото-суреттермен танысу.
  • Қаланың әсем,биік ғимараттары жөнінде деректер жинастыру.
  • Астана қаласына саяхат жасау арқылы,қаланың әдемілігіне көз жеткізу.

Күтілетін нәтиже –еліміздің бас қаласына деген қызығушылықты арттыру.

  Астана - болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!

Кіріспе

     Астана-ертегідегідей таңғажайып қалаға ұқсайды.Биік,әдемі зәулім үйлердің өзі астаналық тұрғындарға өте қолайлы.Астанаға қызығып,көшіп келушілер өте көп.Халқының саны жылдан-жылға көбеюде.Сондықтан ең үздік үлгімен салынған үйлер саны да көп.Қала жан-жағынан дамуда.Аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар бірінен соң бірі пайдалануға беріліп,халыққа қуаныш сыйлауда. Астанаға барлық ел қызығушылықпен қарайды.Ендеше, Астана әрқашанда әлем назарында.

   Астананың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» дегендей Астанаға сән беріп тұрған барлық ғажайып ғимараттар туралы менің ғылыми жұмысымда айтылған..Олардың барлығы еліміздің мәдени мұрасы.  Астананы тану-қазақ ұлтын танып,білу дегеніміз.  Осыны  барлық бала білуі тиіс.                                                                              

      Негізгі бөлім

  Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.Астана — ғаламшардағы ең суық астаналардың бірі, Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдан жылы, Канада астанасы Оттавадан суық.Әлемдегі астана аталатын астаналар тек қана Қазақстан астанасы — Астана қаласы және Оңтүстік Корея астанасы — Сеул қаласы.

 Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.Астана – қазақтың қасиетті Алтын ордасы, Елбесігі, Жерұйығы!

1998 жылы 6 – мамырда Ақмола Астана болып  аталды. Міне осындай әдемі, әуезді әрі ауқымды атау – Астана атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді.

 Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.

                

 

Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан.

 

  Осы Бәйтерек қандай мағына береді, оған неге Бәйтерек деп ат қойған?

Бәйтеректің шығу тарихы, мағынасы өте тереңде жатыр.

Ол бірінші – “Астана – Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген,  Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады

             

.Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы. Ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы – өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай.

                

 «Қазақ елі» монументі дәл осылай аталатын жаңа алаңның ортасында бой көтерді, ол Астананың символдық мәнге ие нысандары – Бейбітшілік пен келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Өнер университетімен бірегей ансамбль құрып тұр. “Қазақ Елі” монументінің жалпы аумағы 16 гектар. Ал негізгі ескерткіштің биіктігі тәуелсіздік алған жылдың символы ретінде 91 метрді құрайды.

Тәуелсіздік сарайы.Үш этаждан тұратын Сарайдың өзіндік архитектуралық ойынан шығады. Бірінші этажда бір мезгілде 3100 адамды орналастыратын жиналыс залы бар. Тәуелсіздік сарайының ерекше мақтанышы болып үшінші қабатта орналасқан Астананың тарихына арналған мұражай «Астана кеше, бүгін, ертең…» табылады. Мұражай Қазақстанның жаңа астанасының бүкіл қалыптасу тарихын көрсетеді.

           

Президент саябағы Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорданың жанында орналасқан. Паркте «Самұрық құс», «Төменгі алаң», «Үлкен каскад», «Грот», «Көл – қайнар көз» атты бес су бұрқақтары кешені, сегіз жасанды тоған мен каналдар бар. Саябақтың орталық бөлігі көп адамның қатысуымен өтетін салтанатты шараларды өткізуге арналып салынған, 1 мың автокөлікке арналған тұрағы бар.

 «Думан» ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры – 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда. Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады.

       

Қазіргі таңда белгілі өзіміздің Астанамызда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар осы шаңырақ астында бірге, ынтымағы, бірлігі жарасып тұрып жатыр.

 

 

   Азия ойындарына арналып ТМД-да теңдесі жоқ спорт кешені салынды. Астананы бүкіл әлем таниды Біз осындай қалаларымыз үшін мақтануымыз керек.

Қорытынды

  Бұрын, Астана қаласының ерекше сымбатты қала екенін мен теледидардан, кітап-журналдардан көріп жүретінмін.Осы ғылыми жұмысыммен барғанымда оған мен көз жеткіздім.  Астана қаласына дүниедегі ешқандай қала жетпейтін сияқты.  Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың  ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға  егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп  жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкінкіндік болса, барлық оқушылар сынып-сыныппен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барып оның әсемдігін тамашаласа деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келген қазақ баласына тән қасиет.. Біздер ержетіп,терең білім алып, бас қаламыздай қалалар тұрғызуға өзіндік үлестерімізді қосуымыз керек.

  Сөзімнің соңында, жұмысымды мына өлең жолдарымен аяқтаймын:

Бастау ап жаңа ғасырдан,

Қарыштап өскен жас қала.

Туған ел даңқын асырған,

Астана, шіркін, Астана ! .

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Қазақстан әйелдері» журналы 10/2005ж 7-13-беттер

«Қазақстан әйелдері» журналы 8/2008ж 1-2-беттер

Ана тілі оқулығы «Алматы» баспасы 3-сынып 2010ж 79-82-бет

«Ұлан» балалар журналы

«Мөлдір бұлақ журналы» 6/2010ж7-бет

«Балдырған» журналы  12/1999 3-4-бет

 Интернет желісі 

http://www.ustaz.kz/kk/okushijumisi.html

http://19.astana-mektep.kz/

№15  орта мектептің    3- сынып оқушысы                              Едіге Дамираның ғылыми жоба жарысына ұсынған  «Астана менің көзіммен» атты зерттеу жұмысына

Пікір

Едіге Дамираның шығармашылық жобасына ұсынылған «Астана менің көзіммен» тақырыбындағы еңбегі ғылыми тұрғыдан көп қызығушылық туғызады.Дамира жалпы еліміздің бас қаласы Астана туралы мағлұмат бере отырып, сұлу шаһар,тұнық әсем аспанда қалықтаған әсем әндей Астанадағы “Есіл” тұрғын үй кешені, Парламент ғимараты,Байтерек,салтанатты Ақорда,сәулеті келіскен сол жағалау сырт келбеті өзгеше Бейбітшілік келісім сарайы,”Думан” ойын-сауық орталығы сынды Астананың көркіне көз тоймас ғажайып ғимараттармен таныстырған. Қазақстанның жаңа астанасының келбетінде терең саяси, рухани және философиялық мән жатыр екенін көрсеткен.. Бұл жай ғана қазіргі заманғы мегаполис қана емес, біздің мемлекетіміздің қайта тууының, жаңару мен Қазақстан халқының терең де дәл руханилықты иелену белгісі екенін айқындай білген.. Астана қазақстандықтардың барлық буынының арманы, үміті мен келешегі байланысқан қала деу барысында көптеген әдебиеттерді пайдаланған, Арнайы осы ғылыми жұмыс нәтижесін көру үшін Астана қаласына барып, бақылау, сипаттау әдісін пайдаланып, эксперимент жасап, зерттеу жұмысын жүргізген.

«Астана менің көзіммен» тақырыбына жазылған Едіге Дамираның зерттеу жұмысын жоғары бағалап, Көктас ауылының № 4 орта мектепте өтетін Ғылыми жоба жарысында қорғауға ұсынамын. Дамираның келешегі кемел болып, алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жетістіктерге қол жеткізетініне сенімдімін.

 Бастауыш сынып мұғалімі:               Акимова С.Қ


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астана. Көмекші есімдер.
Ел ордамыз – Астана
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Жайнай бер, жас Астана
Қазақстанның елордасы - Астана
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Сөйлем мүшелері
Астана – Бәйтерек
Елорда ашық сабақ
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 5620 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык