Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Cәлем саған мектебім!


Cәлем саған мектебім!

                          Cәлем саған мектебім!

1-жүргізуші:  Армысыздар ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

2-жүргізуші: Ата-аналар мен ақ жаулықты апалар! Бүгінгі «Сәлем саған мектебім!» мерекесіне қош келдіңіздер!

Тәлімгер: «Болашақ» ұйымының мәлімдемесін қабылдау.

 АӘД: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар!  Егемен Қазақстан туына қарап, сап түзеңдер! ҚР мемлекеттік туы енгізілсін!

Әнұран орындалады.

1-жүргізуші:  Әр жанұяға береке-бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Сонымен бірінші сынып оқушыларын қарсы алайық.

Би «Шөжелер биі».

1-жүргізуші:  Шашу, шашу шашайық,

                        Ақ сандықты ашайық.

                        Бұл мереке бұл тойдың,

                        Бастаңғысын жасайық.

Шашу шашылады.

2-жүргізуші: Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың – дей отырып сөз кезегі мектебіміздің директоры Сарыпбеков Лесбек ағайға, оқу ісі жөніндегі орынбасары Керімбеков Ермақан ағайға және ауданымыздан келген қонағымызға         --------------------------------------    сөз кезегін береміз.

1-жүргізуші:  Аруларнеткен сымбатты,

Ғажайып нұрға бөленген.

Көктемдей қыздар гүл атты,

Мың бұралған билеген.

Би «Қазақ биі»

Ортаға Дымбілмес, Білгіш шығады.

Дымбілмес: Ойхой, мына керемет билеген кімдер?

Білгіш: Бұл биыл мектепке келетін бірінші сынып оқушылары. Қарасаңшы, Дымбілмес, бүкіл мектеп болып қарсы алып жатыр. Сенің Дымбілмес деген атың өзіңе лайық. Ештеңе білмей жүресің.

Дымбілмес: Сен, Білгіш, көп білгішсіне берме. Кәне, айтшы, мына оқушылардың бүгін мектепке бірінші рет рет келді ғой?

Білгіш: Ия.

Дымбілмес:  Ендеше оларда мен сияқты ештеңе білмейді ғой.

Білгіш: Жоқ, олар дайындық сыныбында болды, көп нәрсені біледі.

Дымбілмес: Кәне тексеріп көрейік. Мына кісі кім?

 Ы.Алтынсариннің портретін көрсетеді.

Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин. Жазушы, ұстаз, педгог.

Дымбілмес: Оның балаларға арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

Оқушылар: Кел балалар оқылық.

1-оқушы: Кел балалар оқылық,

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.

2-оқушы: Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

3-оқушы: Сиса көйлек үстіңе,

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылға.

Өнер, білім бәрі де,

Оқу менен табылған.

 Дымбілмес: Білгіш, мына оқушылар керемет білгіш қой, тақылдап тұр өздері.

Білгіш: Көрдің бе, мен сияқты білгіш балалар.

 Дымбілмес: Ендеше тағы бір сұрақ. Мына сендер тұрған әсем үйді қалай атайды?

 Оқушылар: Мектеп.

4-оқушы: Мектеп, мектеп

Төңіректеп жүруші едім мен кеше.

Сұраушы едім,

Жылаушы едім,

Әпкем кітап бермесе.

5-оқушы: Келді, міне, қоңыр күз,

Келді қағып қоңырау.

Мектеп – ана жылы жүз,

Ашты құшақ-омырау.

Ән: «Қошақаным» орындайтын 1 сынып оқушысы Өмірзақ Еңілік.

Білгіш: Оқушылар бізге мектеп туралы тақпақ та, ән де айтып берді. Қандай білгіш балалар.

Дымбілмес: Енді не істесем екен? Ә, таптым. Мен кәзір оларды жарыстырам, олар бәрібір менен қалып қояды.

Жарыс-ойын: «Кім тез сөмкесін жинайды».

Дымбілмес бірге өз сөмкесін де жинайды, оқушыларданқалып қояды.

Дымбілмес: Шаршадым. Осы мектепте үзіліс болмаушы ма еді?

6-оқушы: Қарап алып сағатқа,

Іліп қойған жоғары.

Қоңырауды соғады,

Енді үзіліс болады!

Үзіліске қоңырау соғылады.

Би: «Жалқаубек».

Дымбілмес: Балалар, үзіліс деген қандай тамаша, мектепте ылғи үзіліс бола берсе жақсы болар еді!

Білгіш: Дымбілмес, қарашы, біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатыр. Ол кім?

Дымбілмес: Уа, мына келе жатқан Тазша бала ғой. Кәне, амандасып, қарсы алайық.

Дымбілмес пен Білгіш Тазша баламен қол беріп амандасады.

Тазша бала:  Армысыңдар ма балалар?! Бүгін осы мектепте мереке өтіп жатқанын естей сала, мен де асыға жеттім-ау.

Дымбілмес: Не, Тазша бала, «Қырық өтірігіңді» айтуға келдің бе? Кәне, тыңдайық.

 Тазша бала:  Жоқ. Мен бүгін балаларға ұстаздар жайлы айтуға келдім және жұмбақтар, силықтар әкелдім.

Білгіш: Кәне, балалар, тыңдайық, шешейік, көрейік.

Тазша бала:  Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына жатыр. «Жақсы ұстаз - мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, ұстаз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазы өмірдің нақты тұтқасын ұстану мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

7-оқушы: Қош келдің деп, балдырған,

Күліп шыққан алдымнан.

Шексіз сеніп ата-ана,

Балаларын қалдырған

 

Сипап қойып басымнан,

Кетпей жүрген қасымнан.

Құрбы – құрдастарыммен,

Достастырған асыл жан.

8-оқушы:  Жетілткен ой-сананы,

Тәрбие әр сабағы.

Алғаш сыннан өткізіп,

Қойған тұңғыш бағаны.

 

Ұстаз болу – жүректің батылдығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындыңы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

 

9-оқушы:  Сәбилік көңілмен,

Арналады бұл әнім.

Баулитын өмірге,

Ақылшым – мұғалім.

 

Тіліңді аламын,

Айтқаныңды ұғамын.

Мен сендей боламын,

Ақылшым – мұғалім.

Ән: «Ұстазым».

Білгіш: Ал балалар Тазша баланың жұмбақтарын шешейік.

Тазша бала: Қызыл, жасыл, қарасаң

Қолға кезек аласың.

Немен... әр түрлі,

Алуан сурет саласың?

 

Каналдар қазылған,

Қайланың күшімен.

Кітаптар жазылған,

Ненің... ұшымен?

Оқушылар жұмбақтарды шешеді.

Дымбілмес: Ау, Тазша бала, сен мана үлкен қоржынмен келген едің ғой.

Білгіш: Рас, рас. Қоржының ауыр сияқты. Онда не бар?

Тазша бала: Оу, мен балаларға әкелген силығымды ұмытып кетіппін ғой. Кәне әкеліңдер қоржынды.

Білгіш: Тез аш, көрейік.

Тазша бала қоржынын ашып кітаптарды алып шығады.

Тазша бала: Кәне, оқиық не жазылғанын.

Кел, балалар келіңдер,

Әліппені көріңдер.

Кәне қарап шығыңдар,

Сурет сырын ұғыңдар.

Бішлім бар да, оқу бар,

Оқығанды тоқыңдар.

Білгіш: Әкең менен анаң да,

Әпкең мен ағаң да,

Шопан, биші, азпаз да,

Ғарышкер де, ұстаз да –

Тіл сындырған әріпке,

Ашқан алғаш әліппе.

Тазша бала: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Оқушыларға «Әліппе» кітабы тартылады.

2-жүргізуші: Бүгінгі мереке әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар, оқушылар.

1-жүргізуші: Құттықтау сөздер айтылады. (11 сынып 1 сыныпқа сыйлықтарын таратады және алғашқы қадамдарымен құттықтайды және 1 сынып оқушысының  құттықтау сөзі).

2-жүргізуші: Қоңырау үні сыңғырлап,

Естілді жылы жаныма.

Күкідей әсем сылдырап,

Бөбекті жиды маңыма.

1-жүргізуші: Білімнің гүлін ашылған,

Терумен оқып жүр екем.

Бақытқа бізді шақырған

Қоңырау дауысы жыр екен

2-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Әрбір қадамдарыңызға гүл бітсін. Бүлдіршіндер білімді де білекті азамат болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын!

Мектеп табалдырығын бірінші рет аттаған жас бүлдіршіндерге алғашқы қоңырау соғылады.

1-жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп, тік тұрыңдар! Егемен Қазақстан туына қарап сап түзеңдер! ҚР-ның Мемлекеттік туы шығарылсын!

2-жүргізуші: Көз қуанып, күн сайын көркеміне,

Көңіліміз сенеді ертеңіне.

Қазақстан – алып ел, төрі – Астана,

Тағзым ғана ылайық ел төріне!

Ән: «Астана»

1-жүргізуші:  Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймын.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Күз-мереке, күз-береке
Тәрбие сағаты: Біз біріншеге келдік
Ұстаз болу жүректің батырлығы
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Геометриялық фигуралар
Ұстаз - ұлы тұлға
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 2951 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык