|
|
Желтоқсан желі
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Желтоқсан желі
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік алғанына 22 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз!
Құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізде жеміс тілейміз. Салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспіз!
Егеменді еліміздің еңсесі көтеріле берсін, құрметті көпшілік!
Ал, енді еліміздің осы егемендікке қолы оңайлықпен жетпегенін өздеріңіз де білесіздер.
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» дегендей, талай нәубәтті бастан кешірген қазақ тәуелсіздік жолында да тағдыр тауқыметін тартты емес пе?
«Желтоқсан желі» әні орындалады.
1 Желтоқсан бірде
Ел тосқан түрде
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ
Әдеттен жырақ
Көрінді шын-ақ айбарлы.
Қайырмасы:
Тоңдырды мені
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы
Солдырды гүлді
Оңдырды нұрды
Көңілде мұңлы із қалды.
2 Жоғалтып нуын
Жоғалтып қуын
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен
Аңырап бөкен
Өріске бөтен ауысты.
Мұғалім:
Қазақ жастарының 1986 жылы желтоқсанда Алматы және Қазақстанның бірқатар басқа облыстарында бой көтерулері ұлтшылдық сипатта болған емес. Мұның өзі Конституция кепілдік берген және қайта құру жариялаған азаматтық және саяси айқындаманы еркін білдіру құқығын пайдаланудың алғашқы әрекеті еді.
Жастар наразылығының тереңге бойлаған тамырлары тұрмыстың төмен деңгейінде, әлеуметтік әділетсіздік пен әміршіл-әкімшіл жүйеніің кемшіліктерінде жатқан болатын. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Геннадий Васильевич Колбин Жасырын және халықты қорлайтындай түрде тағайындау жастар қозғалысына түрткі болды.
КӨРІНІС.
Сол кезде бір оқушы мінбеге шығып былай айтады:
(сахнаға мінбе сияқты биік зат қойылып, оған бір оқушы шығып):
- Біз, осында жиналған жастар тобы, не себептен пленум осындай шешімді қабылдады? Не себептен Дінмұхаммед Қонаевты орнынан босатты? Неліктен Колбинді сайлап отыр? Неге бұл шешім халықтан жасырын түрде қабылдайды? – деген сұрақтар қоя отырып, пленум шешімі жөнінде түсінік берулерін талап етеміз және біз бұл шешіммен келіспейтінімізді білдіреміз.
Сол кезде сахнаға милиция киімін киген адамдар шығып, мінбедегі оқушыны жұлқылап түсіріп, біреуі «Тараңдар!» - деп айқайлайды. Мінбеге шығып сөйлегісі келген басқа оқушылардың кеудесінен итеріп, мінбеге жолатпа деген жан жақтан да жиналғандарды қуып, ұрып-соға бастайды, жігіттерді тепкілейді, қолдарындағы мылтық, сапер күректермен ұрғылайды. Жан-жақтан жарық түсіріп, сахнаны қараңғылап, машиналардың дауыстарын шығарады. Адамдардың айқайлаған, қыздардың шыңғырған дауыстары, «нашақор», «маскүнем», «я тебе покажу, сволочь», «нацист» деген дауыстар шықты. (сахна жабық).
Ән «Қара бауыр қасқалдақ» (сахна жабық).
Мұғалім:
Келіссөздің бейбіт жолын таба алмауы шерушілердің тәртіп шеңберінен шығуына себеп болды. Осы тәртіпсіздікті басу кезінде тәртіп қорғаушылар өрескел, сорақы әрекеттерге барды. Ұсталғандарды ұрып-соқты, жеңіл-желпі киінген оларды қала сыртына апарып тастады, қақаған қыста қыздарды мұзға, қарға отыруға, жігіттерді шешінуге мәжбүр етті.
Демонстрацияны қуып-тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, қызмет иттері пайдаланылды.
Қақтығысулар қайғылы зардаптарға әкеліп соқты. Екі жақтан да адамдар шығыны болды. Көптеген адамдар түрлі жарақат алды.
Оқиғаға қатысушылардың қылмысты істерін қозғағанда заңсыздыққа жол берілген. Тергеу қысқа мерзімде, үстірт және айыптауға айқын бейімділікпен жүргізілді.
Сондай әділетсіздікке айғақ болған сот үкімінің бірі – Қайрат Рысқұлбеков ісіне қатысты қозғалған іске байланысты Қайратқа тағылған айып – жасақшы өліміне қатыстылығы.
(Сахна ашылады). Сот мекемесі.
Айыпталушы, қорғаушы, айыптаушы және басқа адамдар сот үкімін күтуде. Қайраттың анасы да бар «сот келе жатыр» деген дауыс шығады. Бәрі орындарынан тұрады.
Сот үкімін оқиды.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атынан
ҮКІМ
Қазақ ҚСР Жоғарға Сотының қылмыстық істер жөнінде сот алқасы мына құрамда.
Төрағалық жасаушы – Қазақ ҚСР Жоғарғы Сотының мүшесі Е.П.Гробарин.
Қазақ ҚСР Жоғарғы Сотының халық заседетельдері – А.Т.Түсіпбеков пен Л.Н.Юсупова.
Хатшылар – Ж.Тагай мен Қ. Бұқанбаеваның хатшылық етуге мемлекеттік айыптаушы – Қазақ КСР прокуратурасының бөлім бастығы, Юстиция аға кеңесшісі – Е.Д.Баймұхаметовты,
Қоғамдық айыптаушылар Ж.М.Жұмабаев, М.Талысбаева, Ә.С.Оразовты, ақтаушылар – М.Әлиайдаров, З.И.Исаев, С.Әлімғазиева және жәбірленушілер – Г.П.Савицкая, А.Е.Савицкий, Г.Г. Ибраимов, А.А.Алмабековты қатыстыра отырып,
Қазақ ҚСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін, Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың кезінде Қазақ ҚСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 289, 301 – баптарына сәйкес сот алқасы үкім етеді.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып, мынадай қылмыстық жазаға тартылсын. Қазақ ҚСР Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ ҚСР қылмыстық кодексінің 173 – 1- бабы бойынша ең жоғары – өлім жазасына, атуға кесілсін...
Қазақ ҚСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 314 – бабына сәйкес үкім түпкілікті болып есептеледі, коссациялық тәртіппен қайта қарауға және шағым жасау жолымен өзгертуге жатпайды.
Төрағалық етуші (қолы) Е.П.Грибарник,
Халық заседательдері (қолдары) А.Т.Түсіпбеков,
А.Ф.Гаукова.
(6 маусым, 1987 жыл.)
Қайрат басын ұстап отыра қалады. Анасы «О, жатарушы Жан Анам, не жазып едім, мен саған!» деп еңіреп жылап, екі қасын көкке көтерген күйі талып қалады. Кейбіреулері «верное решение, справедливость, восторжествовала» деп қуанып, бірін-бірі құттықтайды.
«Ал Қайратты милиция әкетеді, Қайрат кетіп бара жатып «Мен жаламен кетіп бара жатырмын, Мама!» - деп айқайлайды.
Сот Қайратқа:
- «Ақтық сөзіңді айт!»
Қайрат:
Осы айтылған ақтық сөз
Туың болсын әрдайым
Мойныма алып жаланы
Мен болайын құрбаның.
Бас алғы сол болсын
Басыңа түскен қатердің,
Ақтық сөзді енді мен
Сотқа да бір айтайын:
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
«Еркек тоқты – құрбандық»
«Атам десең, атыңдар!»
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген, қош бол жандарым
Көре алмай мен өтермін.
Қош аман бол, артымда
Ағайын, туған азамат!
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым, саған аманат!
(сахна жабылады)
Ән «Желтоқсан желі».
Шайқалды күйім,
Шайқалды миым,
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
Әлім де кеміп,
Қинады берік жанымды.
Қайырмасы:
Тоңдырды мені
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді
Оңдырды нұрды
Көңілде мұңлы із қалды.
Бабалар өлер
Балалар келер
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала
Түрленер қала
Бұтаққа жаңа бүр шығып.
Қайырмасы: сол
Оқушы:
Жабулы қазан жабулы күйінде қала берер ме еді. Егер Мұхтар Шаханов СССР Халақ демократтарының І- съезінде қулық қолданып, демократиялық күштерді алғашқы жазалау жайын жайып салмағанда. Міне осыдан бастап жағдай басқаша бет бұра бастады. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиуымының Алматы қаласында 1986 жылы желтоқсанның 17 – 18- інде болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде комиссия құрылды.
Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова сынды «құйынға түскен ғұмырлар» мен басқа жазықсыз қудаланған адамдар ақталып, оқуға не жұмысқа қайта кіруге мүмкіндік алды.
Аққа қанша күйе жаққанмен түбінде әділеттің жеңіп, салтанат құратыны ежелден белгілі қағида.
Иә, ақиқат жолы қашан да ауыр. Астана жастары бастап берген демократиялық жаңару жолы елдік пен егемендікке бастаған жол болғандығы күмансыз.
Оқушы:
Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ,
сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке,- деп Төле би бабамыз айтқандай 1991 жылы халқымыз көптеген аңсаған Тәуелсіздіктің таңы да атты.
Оқушы:
Мен –қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске-
Айта бергім келеді, айта бергім.
Гимн орындалады.
- Қолымызда Тәуелсіздіктің көк Туы, Елтаңбамыз тағы бар, халықтың басын біріктірер киелі де қасиетті шаңырағымыз және бар.
- Көк байрақтың астында көп ұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда басқарып отырған тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев нені де болса елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін» деп ант берді.
- 1995 жылы 30 тамызда ата заңымыз –жаңа Конституцияның қабылдануы егеменді еліміздің өміріндегі елеулі оқиға болды.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылдың 10-желтоқсанында Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып жарияланды. Ал, Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
- ...........Қазақстан БҰҰ-на мүше болды.
- ...........Тараз сынды тарихи қаласының 2000 жылдың мерейтойын тойлады.
- Тәуелсіздікке қолы жетік, еңсесі көтерілген еліміздің кейбір жетістіктерге де қолы жете бастады.
- Бүгінгі таңда еліміздің Тәуелсіздік алғанына 22 жыл толып отыр.
Барлық оқушылар сахнаға шыға бастайды. Қолдарында шар, гүл, көгілдір жалаушалар. Тілектер айтылады.
- Той тойға ұлассын!
- Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
- Ұзағынан сүйіндірсін!
- Аршындай бер, армандай бер, тәуелсіз Қазақстаным!
- Өркениетті ел болсын, менің Қазақстаным!
«Менің Қазақстаным» әні.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |