Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Желтоқсан желі – ызғарлы


Желтоқсан желі – ызғарлы

Тақырыбы Желтоқсан желі  – ызғарлы

 Мақсаты: Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың  дүниетанымын кеңейту. 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеті: Отанды сүюге,  құрметтеуге , желтоқсандықтарға  әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін  ұғынуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының суреттері,  тақырыпқа байланысты қанатты сөздер.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан желі -ызғарлы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.  1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді. Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындаған.  Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғанаеді.

      Олай болса құрметті оқушылар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың басқа тәрбие сағаттарынан айырмашылығы бұл сол қиын замманды басынан кешіріп,  көзбен көрген ағаларымызбен кездесу өткіземіз.

            Желтоқсан оқиғасы әрбір қазақ жас азаматының ойында, олай болса құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушыларымыздың дайындаған кешін қабыл алыңыздар.

 

1 – жүргізуші: Хор: «Атамекен» әні.           

 

Гүлназ: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Қайрат, Ләззат пен Сәбира

Құрбаны болған жаланың.

 

Нұрбек:Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

 

Дариға: Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып  көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

      Осыдан 26 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

2 – жүргізуші: Хор: Желтоқсан желі

Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалд        

Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

    Шайқалды күйім,
Шайқалды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
Әлім де кеміп,
Қинады берік жанымды.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 26 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық..

1 – жүргізуші: Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіру.

      Құрметті ағайлар сол кездегі оқиғаларды өз көздеріңізбен көріп сол оқиғаға куә болып,  қазақ елі үшін ,  әділеттіліке  үшін күрестіңіздер. Біздің оқушыларымызға сол жайында бірер сөзбен айта отырсаңыздар.

2 – жүргізуші: Желтоқсан оқиғасын көздерімен көрген ағайларымызға сөз кезегін берейік.

Әрбір Жаңа жыл басында соғатын самалды Алтынкүрек желі болмаса, табиғат тозып, ескіріп, қоңырсып кетер еді. Жас Көктем есік ашып, Алтынкүрек қалай еседі – солай қасат қардың көбесі сөгіліп, суық тоң жібіп, топырақтың бауыры бусанып сала береді.

1986 жылдың 16 желтоқсанының Қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні – Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында 17 мен 18 күндері болған БОДАНДЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОЙҚЫН БҰЛҚЫНЫС нақ осы табиғаттың Алтынкүрек желімен салстырылса, артық емес.

Бейбіт қарусыз жастар: темір таяқпен, саперлік күрекпен, адам аулайтын иттермен қаруланған, өрт сөндіру машиналары және бронетранспортерлермен жарақтанған әскерге қалай төтеп берсін. Империя дертімен уланған жазалаушылар мен Алматыдағы шовинистерден құрылған жасақшылар өрімдей жігіттер мен қыздарды аса қаталдықпен басып-жаншылды. Аналарға қол көтеріп, қазақ қыздарын шашынан суйреп, итке талатып сабағандарды басқаша қалай бағаларсың?! Сөйтіп, баршамызға белгілі Желтоқсан құрбандарын – қаһармандарын айтпағанда, 99 адам нахақ сотталды.

      1 – жүргізуші: Келесі сөз Ардақ ағай өзіңізге беріледі:

Желтоқсан оқиғасы күндері ерекше “ерлік” көрсеткен МХҚ мен Ішкі істер министрлігі деректері, әрине, тым “қарапайым”. Олар не бәрі 2212-2336 аралығында ғана кінәлілерді күдірткен. Сабаздарың өз арттарын қалай ашсын?! Ал Мұхтар Шаханов комиссиясының деректеріне сүйенсек 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қамалған, 1,7 мыңдай адам дене жарақатын алған. Мұны былай қойғанда, М.С.Соломенцев, Е.К.Лигачев, т.б. “жартықұдайлар” кесапатымен тұтас қазақ халқына ұлтшылдық таңбасы басылған жоқ па? Таяу тарих М.С.Горбачев жолбасшылығы “арқасында”, міне, осындай масқара интернационализм көрінісіне куә болды.

     

2 – жүргізуші: Енді бірер оқушыға сөз берсек, жалпы өз білетіндеріңді ортаға салыңдар.

 

Сандуғаш: Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды.

Бүгіндері Желтоқсан көтерілісі жайында әркім әртүрлі ескеліктер айтады. Кейбір елге белгілі азаматтарымыз “Мен сол кезде жастардың жағында болдым” деп сайрап жүр. Ал, оған қарсы басқа кісілер “Ол партияның қол шақпары болған” деп уәж айтады. Кімге сенеріңді білмейсің.

Ақерке: Сол бір қиын қыстау күндерде тоқырау кезеңінің жан дайшаптары жоғарғы басшыларының сойылым соғып, оқиғаның анық-қанығына бармай-ақ халықты ұлардай шулатты емес пе?

Енді міне, сол күндерде зәбір көрген жастардың арман-мақсаттарының алдал екенін бүгінгі таңда кім де болса мойындап отыр. Адам жанына өмір бойы ұмытылмастай салынған таңбаға кім жауап береді?

 

Әсел: Сарапта тарих беттерін,

Парақта тарих беттерін.

Оқисың одан не қилы,

Шежірелі сөздерін.

Дүниеге паш болып,

Тәуелсіздік алған ел,

Нарықтың да қыспағын.

Жаншыла басып көтерген,

Қазақ деген елім бұл.

1 – жүргізуші: Сахнада тірі тарих. Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат туралы көрініс.

2 – жүргізуші: Сахнада: «Қазақ биі»

1 – жүргізуші: Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Кешімізге келіп қатысқан қонақтарымызға рахмет дей отырып, кешімізді  мына өлең шумақтарымен аяқтағым келеді:

            Өкінгенмен пайда жоқ өтті күндер,

            Қыршын кетті, әттең – ай, көк өрімдер.

            Еске алдық, дұға оқып бекзаттарым,

            Алладан нұр, жұмақта көгеріңдер.

            Ел тілегі енді айтпағымыз,

            Сүт бетінде қалқыған қаймағымыз.

            Әрбірің бір батырсың дастандағы,

            Желбіреді аспанда байрағымыз!!!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан желі
Тәуелсіздік таңы атты.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Желтоқсан жаңғырығы
«Ұрпағының мәңгі есінде...» (Көркем - әдеби композиция)
«Желтоқсан жаңғырығы»
«Ұрпағының мәңгі есінде...» (Көркем - әдеби композиция)
Желтоқсан желі презентация
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 16645 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык