Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 4662 |
|
|
|
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Қазақстан - өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар мемлекет екенін ашып көрсету;
Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттілігін баса айту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жүйелі ойлауын қалыптастыру.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: саяхат, іздену, зерттеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу
Ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1-тапсырма. Қоғам қайраткерлерінің ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуі неліктен?
2-тапсырма. Білім беру саласындағы реформалар. Интернет беттерінен мәліметтер қарау.
А) 1999 ж. Республика парламенті «Білім туралы заңның» өзгерген редакциясын қабылдады. Оның мәні неде?
Ә) 2004 ж. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» қабылданды. Оның мәні неде?
ІІІ. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау.
А) Жаңа сабаққа зейінін аударту.
Ә) Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Оқушыларды топқа бөліп, топ басшысын сайлау. «Білім» кемесі арқылы «Болашақ аралына» жету.
І - топ мүшелері. Арман таулы аймаққа барады. «Алғашқы рет» ойыны.
Е. Хасанғалиевтын «Атаменкен» әні орындалады.
Тапсырма: Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін атаңдар.
1) 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
2) 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды, кейін өзгерістер енгізіліп, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
3) 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасы қабылданды. Әнұран 1992 жылы 11 желтоқсанда бекітілді.
4) 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
5) 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі жарыққа шықты.
6) 1991 жылы 2 қазанда алғашқы қазақстандық ғарышкер Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарышқа ұшты.
7) 1992 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан халқының тұңғыш форумы өткізілді.
8) 1992 жылы қаңтарда Қазақстанның алғашқы алтыны шығарылды.
9) 1991 жылы Қазақстанның Европа Қауымдастық Ынтымақтастық Ұйымына мүше болды.
10) 1992 жылы қазанда Қазақстанның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүшелікке қабылданды.
ІІ - топ мүшелері. Таудай мақсат жотасына сапар шегеді.
Тапсырма: 1997 жылы қазандағы – Президент Н. Ә . Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауына талдау. Интернет бетінен мәліметтер қарау
Қаралған мәселелер:
1) «Қазақстан барысын» қалыптастыру.
2) Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. Дамыған 50 мемлекеттің ішіне кіру.
3) Нарықтық экономиканы құру.
Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
1) Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2) Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
3) Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
4) Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл – ауқатын дамыту.
5) Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
6) Инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту.
7) Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
ІІІ - топ мүшелері. Білім мен ілім шыңына сапар шегу.
Тапсырма: Терминдік сөздермен жұмыс.
1) КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.
2) КОКП – Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы.
3) ТЖМК – Төтенше Жағдай Жөніндегі Мемлекеттік Комитет.
4) БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы.
5) ЕҚЫҰ – Европа Қауымдастық Ынтымақтастық ұйымы.
6) ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
7) ШЫҰ- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
8) Референдум- Бүкілхалықтық дауыс беру
9) КОКПОК- Кеңес Одағының Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті
ІҮ-топ мүшелері. Қайсарлық пен қайраттылық мүйізіне сапар шегеді.
Тапсырма: Қазақстанда көппартиялық жүйенің болғандығын сипатта.
Кесте толтыру
№ Атауы Жылы Жетекшісі Мақсаты
1. ҚСП (ҚазСоц. партия) 1991 ж.
7 қыркүйек А. Әлімжанов. Еңбекшілерді әлеуметтік жағынан қорғау.
2. ҚРП (Қаз. Респ. партия) 1991 ж. қыркүйек С.Ақатаев
Ұлттық этникалық топтарды жан – жақты дамыту.
3. ҚХКП (Қаз. Халық Конгресс партия) 1991 ж.
5 қазан О. Сүлейменов,
М. Шаханов. Ел өмірінде саяси аяны кеңейту.
Ұлттық саяси күштер құру.
4. ҚКП – (Қаз. Ком. партия)
1991 күзде Б. Төлепбаев, кейін
С. Әбілдин.
Ғылыми социализм ұстанымдарына негізделген әлеуметтік қоғам орнату.
5. ҚДПП – Қазақстаның Демократиялық Прогресс партиясы 1991 ж. қараша А. Докучаева. Экономикалық бостандыққа жету.
6. ҚӨП – Қазақстанның Өрлеу партиясы
1995 ж. қаңтар А. Жағанова Әлеуметтік жағынан қорғалмаған халық топтарының мүддесін қорғау
7. ҚАП- (Қаз Агр. партия) 1995 ж. У. Сәрсенов Ауыл еңбекшілерінің әлеуметтік –экономикалық және саяси мүдделерін қорғау.
8. ҚДП (Қаз. Дем. партиясы) 1995 ж. жазда Т. Жөкеев Азаматтық қоғам орнату .
9. ҚОП (Қаз. Отаншыл партия) 1999 ж.
14 қаңтар Хасен Қожа- Ахмет Ұлттық рухани ынтымақтыққа рухани тәрбиелеу жолымен жету.
10. «Нұр Отан» демократ. партиясы 2007ж 8тамыз Патриоттық сезімді қалыптастыру мен өзіру
V. Үйге тапсырма беру.
Барлық топ мүшелеріне берілетін тапсырма:
1) "Ел ордасы - Астана" тақырыбында слайд жасау.
2) Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Ғасырлар тоғысында " еңбегіне талдау жасау.
VІ. Оқушыларды бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |