Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстанның экономикалық дамуы


Қазақстанның экономикалық дамуы

Қазақстанның экономикалық дамуы

1. Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ауылының жағдайы, патша үкіметінің отаршылдық саясатымен бірге капитализмнің ене бастауы, сауданың дамуы туралы түсінік беріледі. 
Дамытушылық: 
Оқушылардың азаматтық сана-сезімі, танымдық қызығушылығы, белсенділігі дамытылады, патша үкіметінің отаршылдық саясаты туралы түсінігі тереңдетіледі.
Тәрбиелік:
Саяси саналылыққа, елжандылыққа тәрбиеленеді.
2. Сабақ түрі:  аралас сабақ
3. Сабақ типі:  жаңа білімді меңгерту
4. Сабақ әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап, жарыс сабақ
5. Сабақ формасы:  топтық 
6. Пайдаланылатын педагогикалық технология: СТО.
7. Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, жұмыс дәптері
     8.  Көрнекілігі:   карта, тірек-сызбалар
9. Пәнаралық байланыс: география, қаржы
 
Сабақ барысы:
 
     І. Ұйымдастыру.
- Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.
- Оқушыларды топқа бөлу, назарын сабаққа аудару
               ІІ. Тірек –сызба арқылы үй жұмысын қайталау.
1. §21. ХІХ. 60-70 жылдары қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі «Ой қозғау» әдісі бойынша оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі:
                    1. ХІХ ғ. 60 -70 ж. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесі қандай болды?
2  Шаруалар көтерілісінің себептері?
3. Торғай, Орал өңіріндегі көтерілістер, оның салдары?
4. 1870 ж. Маңғыстау түбіндегі көтеріліс, оның салдары?
5. Шаруалар көтерілісінің маңызы қандай?
 
ІІІ. Жаңа сабақ: §22 Қазақстанның экономикалық дамуы
 
Жоспары:      1. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару 
2. Қазақ ауылының жағдайы
3. Капитализмнің дамуы 
4. Сауда және қалалар 
 
Мағынаны тану кезеңі
1. Ресейдегі 1861ж. 19 ақпан «Ереже». Ресей патшасы ІІ Александр 1861 ж. 19 ақпанда бұрын орыс помещиктерге тәуелді болып келген шаруаларды тәуелділіктен босату туралы «Ережеге» қол қойды. Ол заң бойынша шаруалар бұрынғыдай помещиктің басыбайлы адамы болудан құтылды. Шаруалар азаматтық құқыққа және «кесінді жерлерге» ие болды. Бірақ «Ереже» бойынша жердің меншікті иесі болу үшін құн төлеуге тиіс болды, тапқан табысы құн төлеу мен салыққа жұмсалды. Патша үкіметі шаруаларды басыбайлы құлдықтан құтқарғанымен, олардың жағдайларын жақсартуға асықпады. 
 
(Интерактивті тақтадан тірек – сызба арқылы түсіндіру)
 
 Хронологиялық кесте 
Уақыты Жүргізілген іс – шара Нәтиже
ХІХ ғ. 60 ж Ресейден шаруаларды  қоныс аударту басталды.
ХІХ ғ. 70 ж Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс – украин шаруаларын қоныстандыру жаппай етек алды.
1855-1893ж.ж Ақмола облысына 11 мыңдай орыс шаңырағы жайғасқан тұрғыны бар 24 село ұйымдастырылды. Ақмоладан 250 мыңнан астам десятина, Семейден 33 мыңнан астам десятина егістік жері тартып алынды.
1868 ж «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» жаңа ереже қабылданды. Жан басына 30 десятина жер берілді. 
1868 -1880 ж.ж. Жетісу өлкесінде 2 мыңнан астам қоныстанушы  жаңа қоныстанушы орналасты.
 
1883 ж Жетісу облысына жаңадан келушілерді, сондай-ақ Шығыс Түркістаннан  қоныс аударған дүнгендер мен ұйғырларды орналастыру туралы жаңа ереже бекітілді.   Жан басына 10 десятина болып белгіленді. Орыс шаруалары салықтар мен міндеткерліктерден 3 жылға босатылды 
1889 ж. 
13 шілде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерге өз еркі мен қоныс аударуы және және бұрынғы қоныстар жағдайын қарастыру» жөнінде жаңа заң қабылданды. Жан басына шаққанда 15 десятина жер берілді.  Бұл құқықтық талапта Тобыл, Том губерниялары, Жетісу , Ақмола,  Семей облыстары қоныс аударатын аймақ болып белгіленді 
1884 – 1892 ж.ж Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде                37 қоныс құрылды.
                                                                                      
                    Шаруаларды қоныстандыру патша үкіметінің отаршылдық саясатының да бетін ашты. Келімсектерге көшпелі қазақтардың жерін тартып алып беру, тұрақты қоныстарынан ығыстыра бастауы -  жергілікті қазақ ауылдарының мүддесімен ешқандай санаспайтындығын көрсетті.                                                               
 
2) Қазақ ауылының жағдайы
 (ХІХ ғ. ортасындағы қазақ ауылының жағдайы тірек – сызба арқылы түсіндіріледі)
 
ХІХ ғ. ортасынан бастап қазақ жеріне капиталистік қарым – қатынастардың тарала бастауы қазақ ауылының шаруашылық өміріне, әлеуметтік жағдайына әсерін тигізді. 
 
3) Капитализмнің дамуы
Реформадан кейінгі жылдарда өндірілген күштердің қауырт даму жолына түсуі, бүкіл Ресейлік нарықтың орталықтануы -  капиталистік қатынастардың ұлттық аймақтарда кеңейіп, дамуына жол ашты.  
1. Тірек – сызба арқылы түсіндіремін.
Сауда орталығына айналған кейбір қалалар халқының саны сырттан келгендермен де толығып отырған. 
Кейбір қалалар туралы мәліметке сүйенсек ,мысалы Семей қаласында ХІХғасырдың ортасында 89 ташкенттік саудагер тіркеліп, тұрақталып қалған. Халықтың негізгі бөлігін көпестер құрады. Көпестердің 50 пайызы-татарлар, 2-орында-орыстар, ал қазақтардан 55 кісі ғана көпестік атаққа ие болды. 
Сонымен қорыта келгенде, ХІХ ғ.соңында Қазақстанның экономикалық жағдайында болған көптеген өзгерістермен таныстық. Олар: 
1. Қазақ жеріне қоныстанушылардың көптеп келуі
2. Қазақ ауылдарында отырықшы жер шаруашылығының етек ала бастауы
3. Сауданың дамып, қалалардың көбеюі
4. Қазақ жұмысшыларының қалыптаса бастауы. 
ІV. Бекіту 
         Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында шығармашылық тапсырма беріледі. 
1.  3 топқа «Мал саудасы», «Мата саудасы», «Құрал саудасы» шарттары бойынша айырбас саудасын жүргізу тапсырылады. Әр топ берілген тапсырма бойынша саудагер роліне еніп, айырбас саудасын жүргізу керек. Сауда бағасы өз топтарының  келісуіменен тағайындалады. Сонымен бірге, бұл ойында сабақ айтуда көп іркілетін оқушыға рольдік тапсырма берудің маңызы зор. Себебі, ол шәкірт басқа қырынан танылуы да мүмкін. 
2. «Қоржындағы түйіншектер» ойыны. Қоржыннан сұрақ алып, жауап беру арқылы түйіншекке ие болу. (Түйіншек ішінде әр сұраққа 5 ұпай бар)
1. Бөкей ордасында тұңғыш жәрмеңке қай жерде ашылды? (Ішкі ордада, 1832ж)
2. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» жаңа ереже қай жылы қабылданды? (1868ж)
3. Ақмола облысы қазақтарының пайдалануынан 1855 – 1893 ж аралығында қанша десятина жер тартып алынды? (250 мыңнан аса)
4. Верный бекінісі қашан салынды? (1854 ж)
5. Қапал бекінісі қай жылы құрылды? (1847 ж)
6. Айырбас саудасында көбіне не жүрді? (Ісек)
7. ХІХ ғ – ХХ ғ.басында Қазақ жерінде қанша қала пайда болды? (19 қала)
8. Ауыл шарушылығы шикізаттарын қандай кәсіпорындар іске асырды? (тері, май)
9. 1844 – 1892 ж орыс, украин шаруаларының қанша қонысы болды? (37)
10. Қазақстанда 1902 ж қарай жұмысшы қанша болды? (30 мың)
1. Кесте толтыру (дәптермен жұмыс)
Жылдар Өндіріс Сауда
  Автор орындығы
                 «Қазақстанның Ресейге қосылуы, менің ойымша...» ( 3 топтан бір – бір автор шығып                берілген тақырып бойынша жоба қорғайды)
6. Сиқырлы таяқша 
Таяқшаны жағалата отырып, бір сөйлемнен әр оқушының қорытынды пікірі тыңдалады. 
V. Бағалау (Белсенді қатысқан жеке оқушыларды, жалпы топты)
VI. Үйге тапсырма §22. (Эссе жазып келу)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ХІХ ғасырдың 50- 70 жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт- азаттық көтеріліс
ХҮІІІ ғасырдағы сауданың дамуы
Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
Қазақ-Қытай қарым-қатынасы. Абылай хан
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы
ХІХ ғ 80-90 жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар
Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланысы
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Қазақстанның Ресей құрамына қосылуынан кейінгі жағдайы және отарлық езгінің күшеюі
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 15583 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык