Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мемлекеттік Рәміздер


Мемлекеттік Рәміздер

Мемлекеттік Рәміздер

Тақырыбы: Мемлекеттік Рәміздер
Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер, слайд
Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе бөлім:
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Балалар көңіл – күйлерің қалай?

«Мектеп – кеме, білім - теңіз» дегендей бүгінгі күні «Білім» теңізінде әрі қарай жүзу үшін:
1. Еңбекқорлық
2. Білімпаздық
3. Ұйымшылдық қасиеттері бойымыздан әрқашан табылуы тиіс.

Бүгін міне сіздерге «Ешқашан жалықпайық», «Білім алу жолында талмайық», «Бір – бірімізге дос – бауыр деп қарайық» дегім келеді. Сонда ғана өз отанымыздың нағыз азаматы бола аламыз.
Олай болса біз отан деген сөзді қалай түсінеміз? Отан деген не? Деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
- Өте жақсы балалар. Өз ойларыңды ортаға салдыңдар. Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келеді.
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
2. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
3. Қазақстан көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады?
4. Қазақстанның астанасы қай қала?

9. Рәміздерге нелер жатады?
10. ҚР туында не бейнеленген?
- Міне балалар,  бүгінгі сабағымызда Мемлекеттік Рәміздерге көбірек тоқталамыз. Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Мемлекеттік Рәміздер» деп аталады.
Ақпараттар легі
Президент Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді.
Мемлекеттік Рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр.
Еңселі Елтаңба.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.          Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
1-оқушы: Әділхан

Алтын қанат көмкерген

Шаңырақ бар, уық бар-

Әсем бейне сен көрген

Жай бейне емес, ұғып ал!

2-оқушы: Қарақат

Көгілдір ту аясы-

Бейбіт дала елесі.

Шаңырақ- жұрт панасы,

Уықтар- күн сәулесі.

3-оқушы: Бақытбек

Сүйсіндірген өзіңді

Түсіне біл таңбаны:

Аңызда ұшқыр, төзімді

Пырақ- халық арманы.

Жоғарыда түсер көз

Бес тармақты жұлдызға,

Ал «Қазақстан» деген сөз

Таныс барлық ұл-қызға.

4-оқушы. Нұрсұлтан

Тұғырлы туымыз.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман-есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
1-оқушы: Малика

Айнымайды аспаннан                      Оны халық қашанда          

Біздің тудың бояуы                          Биікке іліп қояды.                             

       

 2-оқушы: Әмір

Жанатын да өзі отша

Жалын шарпып бетіңді                   

Туымыз да қазақша
Сөйлеп тұрған секілді.

3-оқушы: Жанасыл

Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын.

Астында оның қалқыған

Қыран құстың бейнесін

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білерсің.

4-оқушы: Нұрсауле

Еске белгі-ұрандар

Сары алтындай сақталған,

Күн, шұғыла, қыран да

Алтын түспен апталған.

Сол жағында матаның

Қызыл түсті жолақ тік:

Мұратындай атаның

Әсем өрнек ол ұлттық.

5-оқушы: Нұрсұлу

Өзіңдікі туың да,

От пен ауа суыңда.

Жаса қазақстаным,

Белді бекем буын да!

6-оқушы: Жалғас

    Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын!
  Асқақтаған Әнұран.
 Кез келген мемлекеттік Рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Ережесі: Берілген сөздерден басқа сөздер құрап айту.
Елтаңба - ел, таңба, таң, аң 
Байрақ - бай, ай, қар, ар
Әнұран - ән, ұра, ұн, нан
2. Ойын «Жауабын тап»
Ережесі:
Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керек
Елтаңба – не бейнеленген? (шаңырақ,тұлпар, Қазақстан, егін, жұлдыз)
Ту – қандай? (көгілдір, төртбұрышты, әдемі, белгілі)
Әнұран – не істейді? (шырқайды, айтады, жаттайды)
 Қорытынды: Мемлекеттік Рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Ендеше сіздерді өз Отанымыздың алдында ант қабылдауға шақырамын.
Ант
   Мен, өз Отанымды сүюге, қадірлеп, қорғауға, Мемлекеттік Рәміздерді, тілімізді құрмет тұтуға, үлкенге - ізет, кішіге - құрмет көрсете отырып, елімнің көркейіп, дамуына өз үлесімді қосуға ант етемін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Менің Отаным - Қазақстан.
Мемлекетті рәміздер.
Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы.
«Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым
Мәтінді пішімдеу
Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтанышым
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Шағын жинақты мектептердің 3,4-сыныптарына арналған қазақ тілінен сабақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4026 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык