Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы


Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы

Сабақтың тақырыбы Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: ІХ-ХІІ ғасырларда ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу.
• Дамытушылық: Тарихи тұлғаға мінездеме беріп, оны өз ойымен корытындылай білуге дағдыландыру. Тарихи тілмен сауатты сөйлеуге үйрету. Ғылымға дұрыс баға беруге дайындау.
• Тәрбиелік: Біртуар ғалымдардың бойындағы жақсы қасиеттерді, үлгіні оқушылардың өз бойларына қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Қазақстан картасы.
2. «Қазак елінің ежелгі ғалымдары» деген буклет. Әл-Фарабидің т.б. ғалымдардың портреті.
3. Қанатты сөздер жазылған плакат.
 Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасы: оқушылардан Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы және оны картадан көрсетуді тапсырамын. Тақырыптың соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша оқушылардан ауызша сұраймын. Ұлы Жібек жолының Қазакстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызы зор болды. Көшпелілер отырықшыланып, тұрақты мекендерін салды. Өзара сауда байланысы нәтижесінде шаруашылықты игерудің түрлі әдіс-тәсілдерімен бір-бірімен алмасты. Қалалар өркендеп гүлденді деп, үй тапсырмасын қорытындылап жаңа тақырыпқа көшемін.
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Қазак елінің ежелгі ғалымдары.
2. Әл-Фарабидің өмір тарихы.
3. Әл-Фараби - энқиклопедияшы ғалым.
Ең алдымен тақтада ғылым, білімнің маңызын ашатын қанатты сөздерге тоқталып, оқушылармен мағынасын талқылаймын.
«Шын білім әрдайым ақиқат, анық болатын білім».
            Әл-Фараби.
«Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі - жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас».                                                                                                                       М.Сагди.
«Жер үстінде адам өмір еткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер».
Жаңа тақырып жоспарындағы бірінші тақырыпша туралы оқулықта жазылмағанымен,   қосымша үйден дайындап келген «Қазак елінің ежелгі ғалымдары» деген буклет пен кестенің көмегіне сүйеніп түсіндіріп шығамын.
Буклеттегі ежелгі ғалымдардың портреттерін көрсетіп, өмір тарихы, ғылым жолындағы еңбектеріне тоқталамын.
Ғалымдар, 
туған жылы, жері Ең 
басты еңбегі Не туралы
 айтылған?
Жусіп Баласағүн (1030-1090) қарахандар мемлекетінің астанасы Баласағүнда дүниеге келген. «Құтадғу білік» («Құтты білік» -қалай бақытты болу жайындағы ғылым) деген дастанды жазды. Саясат жүргізу, мемлекет баскару, әскери іс, адамдардың өмір сүруі, қайткенде әділетті, бақытты, ақылды, қанағатшыл болу сияқты адамдардың касиеттері жөнінде айтылады.
Махмұт Қашкари, толык аты-жөні Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед - XI ғасырда Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауындағы Барыскан қаасында туған. «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілінің сөздігі) еңбегін жазды. Орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың сөздеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарын тауып, ғылыми талдау жасаған. Мұнда түркі тайпаларының шығыстан батыска қарайғы географиялык картасы берілген.
Қожа Ахмет Йасауи 1104 жылы Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген. «Диуани хикмат» (Даналык жайындағы кітап). Шығармада өзінің бала күнінен 63 жасқа дейінгі өмірін баян етеді. Сонымен қатар қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, экономикасына қатысты бағалы деректер келтірілген.
 Әбу Райхан Биру «Астрономиялык Ол дүниенің гелио
ни Мұхаммед Ибн кілт», «Асыл тас қентристік жүйе
Ахмед (973-1050). тар», «Өткен бу сін Коперниктен
Ежелгі Хорезмнің ындардың ескерт 500 жыл бұрын,
астанасы Қият қа кіштері», «Үндіс денелердің жерге
ласынын іргесін тан», «Масуд таб тартылысын Гали-
дегі ауылда дүние лиқалары». лейден чсөне Нью-
ге келген. тоннан 600 жыл
бұрын айтқан.
Бұдан кейін негізгі тақырып, ғұлама ғалым әл-Фарабидің өмір тарихына, ғылымға қоскан үлесіне тоқталып, оқушыларға тақырыпты кезек-кезек оқытамын. Оқушылардың түсінігін тексеру үшін, төмендегі тірек сызба кестесін толтыртамын.
Әл-Фараби
Оқушылар оны алдымен жеке, сосын жұппен, содан кейін топтасып орындайды. Қойылатын талап -тірек кестені барынша көп толтыру болып табылады. Одан кейін тірек кестеге толтырылған сөздерді окушыларға мазмұнына қарай, түрлі түсті маркерді пайдалана отырып, топтастыру ұсынылады. Әл-Фарабидің өмір тарихына, ғылым жолындағы еңбегіне қатысты жоспар кұру тапсырылады. Біз төменде үлгі ретінде мына жоспарды ұсынамыз.
1.  Әл-Фарабиді дүниеге әкелген отбасы.
2.   Әл-Фараби білім жолында.
3.   Өл-Фараби - энқиклопедияшы ғалым.
4.  Осы үлгідегі жоспар бойынша сабақты қорытындыланады.
Бекіту: Ол үшін темендегі кесте толтырылады.
ІШІНЕ СЫРТЫНА

 «Ішіне» және «Сыртына» деген бағанға  үйден бүгінгі сабаққа қатысты және қатысты емес сөздерді дайындап алып келіп, кезек-кезек араластырып оқушыларға оқытамын. Оқушылар «Ішіне» бағанына бүгінгі сабаққа қатыстысын жазады, ал қатысты еместерін «Сыртына» бағанына толтырады.
Бағалау:
Үйге тапсырма:
    24-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсымалар бойынша дайындалып келу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Отырар мен Түркістан, Ғылымда жолы бір дастан
Ғылым мен білімнің дамуы
Көне дәуірдегі Қазақстан жеріндегі ежелгі этникалық үдерістер
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Тарихи карталар
Ежелгі түркі жазулары
Ортағасырлық Қазақстан қалалары
Орта ғасырлардағы қазақ даласында туған тарихи шығармалар және қазақ жерінен шыққан даналар
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3954 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык