Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тарихи карталар


Тарихи карталар

Сабақтың тақырыбы Тарихи карталар

Сабақтың мақсаты: 
• Білімділік: Картаның пайда болуының алғышарттары, ерте заманнан біздің күнге дейін жеткен карталардың тарихы, оларды құрастырған ғұламалар туралы білім беру.
• Дамытушылық: Картаға қарай отырып, ондағы берілген шартты белгілер арқылы картаны оқи білу, оны тақырыпты түсінуде, сабақты айтуда көмекші құрал ретінде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
• Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, өз елін, жерін бағалай білуге, қорғауға, өзге елдің тарихын, дербестігін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың көрнекілігі.
1. Дүниежүзінің саяси картасы.
2. Қазақстанның физикалық картасы.
3. Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы.
4. Ежелгі карталардың үлкейтілген суреті. 
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. 
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын «Жұмыс дәптері» бойынша өткіземін. Берілген тапсырмаларды   тездетіп тексеріп шығып, одан кейін өткен тақырыпты мына сұрақтар бойынша оқушылардың дайындығын бағалаймын.
1. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
2. Ежелгі Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірі тайпаларының түсінігі бойынша әлемнің неше бұрышы болған?
3. Сақтардың түсінігі бойынша әлем қандай құрылымнан тұрады?
4. Ежелгі түріктердің діни нанымы туралы баянда.
5. Ертедегі адамдардың түсінігі бойынша отбасы қамқоршысы кім болды?
6. Түріктер үшін қасиетті болып не есептелінеді?
7. Б.з.б. Ш-ІІ мыңжылдықтарда өмір сүрген арий, тур және сақ тайпалары Күнді құрметтеп, неліктен оның құрметіне тек жылқы малын құрбандыққа шалған?
8. Қазақтар кеңістікті тағы қалай атаған? Синонимдерін ата.
9. Үй тапсырмасын    оқушылардың сұрақтарға берген жауаптарына сүйеніп, ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың кеңістік, уақыт туралы тиянақты түсініктерінің болғандығын, негізінен олардың наным-сеніммен тығыз байланысты екендігін дәлелдеп үй тапсырмасын қорытындылаймын.
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Карта ұғымы туралы түсінік.
2. Ерте замандағы адамдардың пайдаланған карталарының сипаты.
3. Бізге дейін жеткен карта түрлері мен олардың авторлары.
4. Орта Азия мен Қазақстанды сипаттаған карталар.
5. Осы жоспарды оқушылардың дәптеріне жазғызып,   оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын қысқаша айтып кетемін. Ең алдымен «карта» ұғымына түсінік беріп, оқушыларға:
1. Сендер картаның қандай түрлерін білесіңдер?
2. Картада жердің бедері, су, мемлекет т.б. қандай белгілермен белгіленеді?
3. Картаның қажеттілігі неде?
4. Ерте дүние адамдарының өміріндегі алғашқы карталардың пайда болуының алғышарты неде? деген сияқты сұрақтар қойып, оқушылардың білімін бекітемін. Оқушылардың карта туралы түсінігін дамытып, мәтінді кезек-кезек оқыту арқылы тың ұғымдарды меңгеруге көшемін. Алғашқы қауым адамдарының өміріндегі жер-су туралы алғашқы түсініктің қазіргі ғылыми білімнің негізі болғанын атап айтамын.
Алғашқы ғылыми білім туралы адамдардың түсінігін оқушылардың өзіне мәтіннен тауып алғызып, бір оқушыға дауыстатып оқытамын.
Одан кейін оқушыларға ежелден белгілі карталар мен оның авторлары туралы қысқаша айта отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін мына төмендегі кестені толтыру ұсынылады.
СұРАҚТАР ЖАУАБЫ
Әлемде алғаш карта жасаған мемлекет.
Геродоттың кескін картасында қай елдер сипатталған?
«География» кітабын жазған, ежелгі дүние ойшылы...
Әл-Хорезмидің карта тарихы жайындағы еңбегі.
Қазак жерінің картасын жасаған швед офиқері.
Орыс ғалымы С. Ремезовтың картасы.
«Жер беті суреті» картасының авторы.
Ыстыккөлді алғаш картаға түсірген қазақтың ұлы ғалымы.
Ол үшін алдын ала дайындалған плакатты   тақтаның ортасына іліп қойып, ал тақтаның бір шетіне оның дұрыс жауаптары жазылған, алдын ала дайындалған қағаз қиындылары жапсырылады. Бұл оқушыларға қойылған сұрақтың дұрыс жауабын табуға мүмкіндік береді. Әр топтан, әр қатардан өз еріктерімен бір-бір оқушыдан шығып, дұрыс жауап жазылған қағаз киындыларын кестедегі сұраққа қарама-қарсы бос орынға жапсырады. Оқушыларды ынталандыру үшін қай қатар немесе топ көп дұрыс жауап бергенін   белгілеп отырамын.
Қазақ жері туралы карталық мәліметтер тақырыпшасы бойынша   Ұлы Жібек жолының бағыттары көрсетілген картаны және қазіргі Қазақстан Республикасының саяси картасын салыстырмалы түрде пайдалана отырып, Ұлы меридианалды жол мен Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бүгінгі Қазақстан қалаларын атап шығамын.
Ұлы меридионалды жол бойынша   қосымша дерек ретінде пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
Ә. X. Марғұлан. Бетпақдала арқылы өтетін көне керуен жолдары//Мир казаха. Жинақ. Құрастырған Е. М. Арын, Д. Ә. Марғұлан. Алматы, 1997.
Тақтада ілінген әр түрлі карталардың шартты ерекшелігі мен ортақ белгілерін аныктауға тырысады. Осы сәттерден    оқушыларды контур, атлас картамен жұмыс істеуге дағдыландырамын. Бұл тақырыпты оқығанда мектеп балаларына арналған бірнеше картаны пайдалануға болады. Соның ішінде: Қазақстан тарихы. Атлас. Ібөлім. 5-7-сыныптар. Құрастырған П. Косович. Ред. Басқарған Ж.О. Артықбаев. Астана, 2005.
Оқушыларға мына сұрақтарды қоя отырып тақырыпты қорытындылаймын.
1. Картаның маңызы қандай?
2. Бүгін сендер карта жасаған қандай авторлармен таныстыңдар?
3. Дүниежүзінің саяси картасынан Қазақстанның шекарасын анықтауға тырысыңдар.
4. Қазакстанның саяси-әкімшілік картасынан өздерің туып-өскен облыс, қала, туған аудандарды анықтап көрсетіңдер.
5. Картадан Қазақстанның 14 облысын атап көрсетіп шығыңдар.
Осы сабақты картаның маңызын баяндай отырып оқушылардың сұрақ -тапсырмаларға берген жұмыс жауаптары бойынша қорытындылаймын..
Үйге тапсырма:
1. 8-параграфты оқып келу.
2. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды   оқушылардың деңгейін ескере отырып беремін.
3. Қазакстанның картасын оқушы дәптеріне салып, оған негізгі қалаларды белгілеу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Географиялық карталар, олардың жіктелуі
Тарих және кеңістік
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Жазбаша деректер
Тарих және кеңістік
Қазақстан –әлемдігі ірі мемлекеттердің бірі
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Қазақстан қалалары
Қола дәуірінің қоныстары
Мәдениет және сауда жолдары
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5268 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык