Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Отбасы-шағын қоғам тарауын қайталау


Отбасы-шағын қоғам тарауын қайталау

Сабақтың тақырыбы Отбасы-шағын қоғам тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың тарау бойынша білім деңгейлерін тексеру, алған  
                                       білімдерін тиянақтау.
                                   2. Тарау материалдарын қайталай отырып, ой-    өрістерін,дүниетанымын,дағдыларын,пәнге қызығушылығын арттыру.
                                  3. Ерінбей еңбек етуге, болашақтың білімді, биік, парасатты азаматтары болуға              
                                      тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Конференция сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойтолғау, деңгейлеп-саралап оқыту,ойын буындарын қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Топ аттары,схемалар, шығармашылық карточкалар,ойын көрнекіліктері.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі.
                                  Табиғаттың тарылтпайық тынысын,
                                  Пәк табиғат жүректің ән-жырысың.
                                  Табиғат адам үшін жаралған,
                                  Бар қызық табиғаттан таралған.
- Оқушылар өлең жолдарында не туралы айтылған?
- Табиғат туралы айтылған.
- Табиғат дегеніміз не?
- Бізді қоршаған ортаны табиғат дейміз?
- Айналаны қоршаған ортамен таныстыратын, оның қыры мен сырын ұғындыратын қай пән?
- Дүниетану пәні.
- Олай болса, сыныпты ұстаздар, оқушылар, өнерпаздар деп үш топқа бөле отырып,сабағымызды конференция сабақ түрінде өткіземіз. Өткен сабағымызда қоғам,оның бөлшектері мектеп,отбасы және олардың мүшелері туралы оқыған болатынбыз.Бүгін осы тақырыптарды қайталап пысықтаймыз.
ІІ. Негізгі бөлім. 
- Сабағымыз екі бөлімнен тұрады.
І бөлім  «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
ІІ бөлім «Кел, ойнайық»
- 1-бөлімде ұстаздар тобы оқушылар тобына сұрақтар қойып, жауап алады.Өнерпаздар тобы өз өнерлерін көрсетеді.
- Шығармашылық топқа тапсырма: «Әке асқар тауым», «Кім болам?» тақырыптарына шағын әңгіме жазу. «Қоғамға не пайдалы,не зиян?» тақырыбына сурет салу.
- Ал,ұстаздар тобы оқушыларға сұрақтарыңызды бере беріңіздер, ал,оқушылар, сіздер сұраққа толық, нақты жауап берулеріңіз керек.
- 1-сұрақ. Отбасын неге «шағын қоғам» деп айтамыз?
- Оқушылар жауап береді.
- Өнерпаздар тобынан ата-аналар туралы білетін өлеңдерін мәнерлеп айтып беруді сұраймыз.
- 2-сұрақ. Оқушыларға ұстаздардан: Жігіттің үш жұрты бар, олар кімдер?
- Өнерпаздар тобынан туыстық туралы мәнерлеп өлең оқуды сұраймыз.
- 3-сұрақ. Оқушыларға ұстаздардан: «Халық ағасы» деп кімдерді айтамыз?
- Оқушылар жауап береді.
- Шығармашылық топтан «Әке асқар тауым», «Кім болам?» тақырыптарына жазылған әңгімелерін оқыту.
- 4-сұрақ. Оқушыларға ұстаздардан: «Кітап білім бұлағы» дегенді қалай түсінесің? Кітап қалай шықты?
- Оқушылар жауап береді.
- Өнерпаздар тобынан кітап,білім туралы мақал-мәтелдер сұрау.
Олай болса, балалар сабағымыздың 1-бөлімін аяқтадық. Бұлбөлімнен көп нәрсені білетіндіктеріңізді байқаттыңдар.
Сабағымыздың «Кел,ойнайық» бөлімі арқылы алған білімдерімізді бекітейік. Бұл бөлімде әр топқа топтық тапсырмалар береміз.
1-топ. Әр оқушы өзін кітаптың орнына қойып, «Мен кітаппын» деген тақырыпта мәтін құрастырады.
2-топ. «Венн» диаграммасы бойынша жұмыс жасайды.
-Білім ошағы                                                                                           Жанұя мүшелері,
мектеп басшылары,                                                                               мекен-жайы,
ұстаздар, оқушылар,                                                                              отбасы қоры,
кіші қызметкерлер, т.б                                                                           жанұя басшысы, т.б
 
 
 
 
 
                                                                Тәлім-тәрбие ошағы, 
                                                   Алтын орда, қоғамның бір бөлшегі.
3-топ. «Жалғасын тап» ойыны:
1. Сені өмірге әкелуші ......     ( ана )
2. Сен олардың қызынан тудың - ...... . ( жиен )
3. Жеті атаның бірі -  ...... .  ( ата )
4. Сенен үлкен тумаң (ұл ) ..... .   ( аға )
5. Сен оған немересің   ...... . ( әже )
6. Үш жұрттың бірі - ...... . ( нағашы )
7. Асқар тауың - ...... .        ( әке )
Әр топтың тапсырмалары оқылып, талданады.
Үйге тапсырма.
1-топ. «Отбасы-шағын қоғам» тақырыбына шығарма жазу.
2-топ, Кітаптың жасалу жолдарын сурет арқылы бейнелеу.
3-топ. Кітап, білім туралы мақал-мәтелдер жаттау.
ІІІ. Қорытынды.
Сабағымыздың басында шығармашылық топқа «Қоғамға не пайдалы, не зиян?»  деген тақырыпқа сурет салуды тапсыоған едік. Олай болса Нұрдәулет салған салған суреті бойынша өз ойын айтсын. (Жақсы ,пайдалы нәрселер: мектеп,кітап,отбасы, дене шынықтыру,т.б, зиянды,жаман нәрселер: арақ,темекі, анаша т.б)
Нұрдәулеттің салған суреті бойынша жаман әдеттерден жиреніп, жақсы әдеттерден үйренсек,өз қоғамымызға пайдамызды тигізіп,үлес қосқан боламыз. Біздер болашақта шығармашылықпен жұмыс істей білетін, ғылымға өз үлесімізді қосатын білімді ұрпақтар болуымыз керек. Сабағымызды Әнұранмен аяқтаймыз.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамның досы.
Отбасы – шағын қоғам.
Туған-туысқандар.
Отбасы
Кітап – рухани байлық, Кітап оқи білесің бе?
Адам және табиғат
Қыс. Қар (Абай)
Кітап қайдан шығады?
Күн шуағым отбасым
Кітап қайдан шығады
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2068 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык