Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сақтардың мекендеген орны Сақ қоғамы


Сақтардың мекендеген орны Сақ қоғамы

Сабақтың тақырыбы Сақтардың мекендеген орны Сақ қоғамы

Сабақтың мақсаты:  Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі туралы баяндау.

Міндеттері:.

 Білімділік: Сақ топтары және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік бере отырып,  сақ қоғамындағы басқару ісі, қоғамдық құрылысының ерекшелігі туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен картамен жұмыс істеуге үйрету, ой қорыта білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Сақтарды ер жүрек ретінде сипаттай отырып, сақтардың дүниежүзілік  өркениетке қосқан үлесін анықтау, оқушыларды отаншылдыққа, ерлікке, батырлыққа үйрету.

 Оқыту технологиясы:

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың типі: жаңа білімді өз бетімен игерту

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап. бағытталған оқыту.

Пәнаралық байланысы: Дүние жүзі тарихы.

        Сабақта қолданылатын әдістер:

  • Іздендіру әдісі.
  • Зерттеу  әдісі.
  • Синтездеу
  • Проблемалық түсіндіру әдісі.
  • Сыни ойлау әдісі.
  • Қорыту

        Күтілетін нәтиже:

   - оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.

   - алған білімін жүйелей алады.

   - оқушының ізденіс  нәтижесі анықталады.

   - өз ойын, пікірін ашық айта алады;

Сабақққа қажетті материалдар:

  1. Т.Тұрғұлұл, Қ. Құнапина, М. Мәженова «Ежелгі Қазақстан тарихы» оқулығына әдістемелік нұсқау.
  2. Б.Адырбек, Ә.Көпекбай «Ежелгі Қазақстан тарихы» жұмыс дәптері
  3. Ж. Артықбаев, Ә. Пірманов Қазақстан тарихы \Энциклопедия\ Атамұра 2008ж

 Құрал-жабдық:  ватман , маркер, фломастер,  

 Көрнекілігі: «Сақ дәуірі» картасы , қима қағаз, тірек сызба.

Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта туғызу:

    1. Оқушыларға ұнайтындай мүмкіндік туғызу.

    2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

    3. Ойлануға уақыт беру.

    4. Жәрдем беру.

    5. Сын тұрғысынан ойлауды бағалаңыз.

      Сабақты жүргізудің формалары:

      1. жеке                    3.топтық

      2. жұптық               4.ұжымдық

         Сабақ барысы:

     I Ұйымдастыру кезеңі:

1) оқушыларды түгендеу.

2) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

3) топтарға бөлу \2 топ\

 

II. Үй тапсырмасын сұрау:

Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себебі неде?

Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты?

Көшпелі өмір салтының отырықшы тіршіліктен айырмашылығы қандай?

Көшпелі мал мал шаруашылығының түрлерін ата?

Ерте кезде Қазақстан аумағында өмір сүрген тұрғындар қалай аталды?

 

 

III.  Жаңа сабақты баяндау.

Жоспар:

  1. Сақ туралы алғашқы мәліметтер.
  2. Сақ тайпаларының қоныстануы.
  3. Сақ қоғамы.

 

ғ ұ н

                                                         

 

Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы тегі

Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары екендігін айтады.

 

 

 

Сақтар б.з.б. бірінші мыңжылдықта Орта Азия, Қазақстан , Шығыс Түркістан жерін мекендеген.

 

Мына

өзендер

атыра

бында

 

                                             Сырдария    

 

                                                            Әмудария                         

 

                                                                       Ертіс, Есіл               

              

                                                                                           Нұра    

 

                                                                                 Жетісу өңірі

 

\Картадан сақтардың мекендеген орнын көрсету\

        Жалпы, сақ тайпалары атауының мағынасы парсы жазбаларында  құдіретті еркектер деп түсіндіреді, ал иран жазбалрында жүйрік атты турлар атты турлар дейді. Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер» деп атады.

      

Деректерде

Қалай атады?

Ирандықтарда

Сақтар

Еуропада

Скифтер

Грек деректерінде

Даилар, массагеттер, исседондар т.б

Парсы деректерінде

Хаомоварга, тиграхауда, парадарайа

 

2. Сақ тайпалрының қоныстануы.

 

        Ғалымдар Қазақстанның ертедегі тұрғындарының қоныстанған жерлерін анықтады. Олардың бір тобы Жетісуда , Тянь-Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды.

 

Сақ топтарының аты

Мекендері

1

Теңіздің арғы жағындағы сақтар

\парадарайа\

Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында

2

Шошақ бөрік киетін сақтар \тиграхауда\

Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шаньда, Жетісуда

3

Хаома сусынын дайындайтын сақтар \хаумаварга\

Мургаб аңғарында өмір сүрді.

  1. Сақ қоғамы.

     Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты. Мұны археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді. Сақ патшалары құдіретті билеушілерге айналды. Олар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келісімдер жасасты, елшілер тағайындап, әскерді басқарды. Патша билігін баласына мұрагерлікке қалдырып отырды.

      Халықтың басым көпшілігін қатардағы қауымдастар -  малшылар құрады. Халық жиналысының, яғни тайпаның барлық ересек ер адамдары жиылысының рөлі күшті еді, ол көсемдерге  де ықпал жасады. Тайпа мүшелері өз жиналыстарында тайпа көсемін сайлады. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды.

Сақ қоғамында өмір сүрген тайпалар

 

 

Жауынгерлер

Абыздар

 

Малшылар мен егіншілер

 

 

 

    Жауынгерлерді ежелгі үнді-ирандық   тілінде  «ратайштар», яғни «арбада тұрғандар» деп атаған. Абыздардың танымал белгісі болып тостаған мен айрықша бас киімдері саналды. Малшылыр мен егіншілердің «сегізаяқты» деп аталатындары да болған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді.

Сақ жауынгерлері қызыл және сары-қызыл, абыздар ақ, ал малшылар мен егіншілер сары мен көк түсті киімдер киген.

   Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемі болып тасайланатын.

 IV. Жаңа сабақты қорытындылау:

Топтастыру стратегиясы

                                                                                             үйсін

Топпен жұмыс:  А3 формат таратылады.

I топ   Сәйкестілігін тап:

Сақтарды ертедегі тарихи деректерде қалай атады?

II топ. Сақ қоғамының әлеуметтік құрылымы

\кесте толтыру\

 

Сақтардың әлеуметтік топтары

Бір-бірімен қандай

айырмашылықтары бар?

Немен айналысты?

Жауынгерлер

 

 

Абыздар

 

 

Малшылар мен егіншілер

 

 

I топ 

 Тайпа көсемі атқарған қызметтері

1..................................................................................................................................................

2.................................................................................................................................................

3................................................................................................................................................

4................................................................................................................................................

5................................................................................................................................................

 

II топ.

«Сақтар»  туралы жазған авторларды кестеге түсіру.

 

Сақтар туралы жазған авторлар

 

1

 

2

 

3

 

4

 

Қорытынды:

   Скиф - сақтар Шығыс Еуропа , Батыс және Орталық Азия кеңістігінде тараған, жарқын мәдениетті туғызды. Сонымен қатар сақтар заманында әлемдік өркениетке өзіндік үлесін қоса білген жауынгер де, батыр халық болған. Гректер сақтарды аса жоғары құрметтеп, оларды әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық деп есептеген.

 

 V. Үйге тапсырма:

1. 12-параграфты оқу.

2. Ойтолғаныс  жазу  «Сақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі»

VI. Бағалау кезеңі:

Бағалау кестесі.

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы бойынша

Талқылауға қатысуы

Топ жұмысына араласуы, қатысуы

Тақырыпқа байланысты ой қозғауы немесе мазмұндауы

Жалпы әрекетін бағалау.

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

VII. Кері әсер парағы.

 1.Бүгін мен не үйрендім?

 2.Маған не ұнады?

3. Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сақтар
Сақ қоғамы
Сақтар
Сақтар. Олардың орналасуы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері, Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы
Сақтар
Сақтардың мекендеген жері, қоғамы
Cақ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5871 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык