Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 8819 |
|
|
|
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сақтар туралы тарихи деректер,сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы туралы жалпы білім беру.
Сабақтың міндеттері:
А) оқушыларға сақ туралы алғаш мәліметтер, сақ тайпаларының қоныстауы, сақ қоғамы туралы мәлімет беру;
Ә) қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыстану дағдысын дамыту;
Б) оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, топпен жұмыс, картамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі мен жабдығы: тақырыптық карта, интербелсенді тақта, кесте, сақтар туралы суреттер
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың барысы:
І.Үйымдастыру кезеңі:
А)оқушыларды түгендеу;
Ә)оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Көшпелі бақташылық-шаруашылықтың негізгі түрі
1. Көктемгі жайылым қайда орналасқан?
2. Малшылар қыс жақындағанда қай жерге қоныстанған?
3. Көшпелілердің баспанасы туралы әңгімелеп бер.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту:
Мини-тест
1. Көктемгі жайылым қалай аталады?
А)жайлау Ә)көктеу
Б)күзеу В)қыстау
2. Киіз үйдің негізі:
А)уық Ә)кереге
Б)шаңырақ В)ағаш қаңқасы
ІҮ. Жаңа сабақ:
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Жоспары:
1. Сақ туралы алғаш мәліметтер
2. Сақ тайпаларының қоныстануы
3. Сақ қоғамы
Сақтар-біздің бабамыз,
Ақыл-ойлы данамыз
Тарихи дерек іздеп біз,
Көне дәуір тамырын,
Терең іздеп табамыз.
Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек-рим авторларының шығармалары.Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндер мен грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Геродот пен Страбон айтуға болады.
Сақтар б.з.д. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. «Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында «құдіретті еркектер » деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында «жүйрік атты тулар»дейді.Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер»деп атады.
Грек авторлары Ктесий «сақ әйелдері ержүрек келеді,соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп,ұрысқа араласады»деп баяндайды.
Сақ тайпаларының қоныстануы:
№ Сақ топтарының аты Мекендері
1 Теңіздің арғы жағындағы сақтар
(парадарайа) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында,Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында
2 Шошақ бөрік киетін сақтар
(тиграхауда) Сырдарияның орта ағысы,Тянь-Шаньда,Жетісуда
3 Хаома сусынын дайындайтын сақтар(хаумаварага) Мургаб аңғарында өмір сүрді
Арал теңізінің сотүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар,аргипейлер,исседон,массагеттер деп атайды.Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген .
Сақ қоғамы жауынгерлер,абыздар,малшылар мен егіншілер деп аталатын үш топтан тұрады.Жауынгерлерге ежелгі үнді-ирандық тілінде «ратайштар»,яғни «арбада тұрғандар» деп атаған. Абыздардың танымал белгісі болып тостаған мен айрықша бас киімдері саналады. Малшылар мен егіншілердің «сегізаяқты» деп аталатындары да болған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді.
Сақ жауынгерлері қызыл және сары-қызыл,абыздары ақ,ал малшылар мен егіншілер сары мен көк түсті киімдер киген. Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп,қастерлеген,сыйлаған.Сақ әйелдері тайпа көсемі болып та сайланатын.Мысалы,сақтарды патшайым Томирис басқарды.
Гректерді сақтарды аса жоғары құрметтеп,оларды әлемге ең әділ,ең шыншыл халық деп есептеген. Ежелгі грек географы Страбонның айтуынша,сақтар жақсы шбандоздар болған.Олар «садақпен,қылышпен және қола балталармен қарулаған,сауыт киген».
Ү.Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру:
Анаграмма шешу:
Д А И Т А Х Р А Г У-тиграхауда
Т Е Р О Г О Д-Геродот
а қ с-сақ
Ы Б А З-абыз
С А С Т Е Г М А-массагет
А у м а х г а в а р-хаумаварга
Оқулықпен жұмыс:
Мин-тести:
1.Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады?
А)сақтар Ә)массагеттер
Б)азиялық скифтер В)дайлар
2.Иран жазбаларындағы «сақ»сөзінің мағынасы
А)тиграхауда Ә)массагеттер
Б)парадарайа В)жүйрік атты тулар
3.Сақ қоғамында ақ түсті киім кигендер
А)патшалар Ә)жауынгерлер
Б)малшылар В)абыздар
Сәйкестендіру тесті:
Дұшпанға қатал
Досқа адал
Геродот массагеттер
Абыздар ақ түсті киім киген
Картамен жұмыс:
Нашар оқушылармен жұмыс жасау
Картадан сақтардың орналасқан жерін көрсет: Тиграхауда, Хаомаварга, Парадарайа
ҮІ.Бекіту:
«Таза тақта» ойын
ҮІІ.Бағалау:
Оқушыларды білімдеріне сай бағалау
ҮІІІ.Үйге тапсырма беру:
№14 Сақтардың мекендеген жері.Сақ қоғамы (оқу,мазмұнын айту)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |