Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2657 |
|
|
|
Сақтардың мекендеген жері, Сақ қоғамы
Сабақтың тақырыбы Сақтардың мекендеген жері, Сақ қоғамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақтар туралы алғашқы мәліметтер,сақ тайпаларының қоныстануы, сақ қоғамы туралы жан-жақты түсінік беру ;
Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, жазбаша жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу және түгендеу.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1.Карточка бойынша сұрақтар.
№1. Көшпелілік деген не?
№2. Көшпелілердің баспанасы туралы не білесің?
№3. Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін ата.
№4. Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілі не болды?
№5. Көшпелі мал шаруашылығы үшін ертедегі тұрғындар малдың қандай түрлерін таңдаған?
2.Зымыран сұрақтар.
1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты? ( шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықта)
2. Көшпелілер нені киелі санады? (Ошақты)
3. Жылы қоралары бар тұрақты орын қалай аталады? (Қыстау)
4. Қыс жақындағанда қоныстанатын қыстауға жақын жайылым қалай аталады? (Күзеу)
5. Жайлау деген не? (малды алысқа ұзатып жаятын жайылым)
ІІІ Жаңа сабақ.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз §14. «Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы»
Сабақтың жоспары:
1. Сақ туралы алғашқы мәліметтер
2. Сақ тайпаларының қоныстануы
3. Сақ қоғамы
Дәптермен жұмыс. Тақтадағы мәліметтерді дәптерлеріне жазғызу.
Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі.
Сақтар – б.з.б. І мыңжылдықта орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған.Жалпы,, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар. « Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында құдіретті еркектер деп түсіндірсе, ал иран жазбаларында жүйрік атты турлар дейді. Ежелгі грек авторлары « азиялық скифтер» деп атады.
№ Сақ топтарының аты Мекендері
1. Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында
2. Шошақ бөрік киетін сақтар ( тиграхауда) Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда
3. Хаома сусынын дайындайтын сақтар
( хаумаварга) Мургаб аңғарында өмір сүрді
Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар аргиппейлер, исседондар, массагеттер деп атаған. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде , Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген.
Сақ қоғамы: 1. жауынгерлер
2. абыздар
3. егіншілер мен малшылар
деп аталатын үш топтан тұрды.
Сақ жауынгерлері – қызыл және сары-қызыл
Абыздар – ақ
Малшылар мен егіншілер - сары мен көк түсті киімдер киген.
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.
А) Тарихи диктант. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
Тиграхауда сақтары осы күнгі ташкент қаласы аймағында.......................................және Жетісу жерінде өмір сүрген.
Тайпа көсемі .............. атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы .................шешті, ........... реттеп отырды.
Ә) Ойлан тап!
1. ГЕТАССАМ
2. ТОДРОГЕ
3. ЙАРАДАПАРА
4. РАДЗЫБА
5.НОБАРСТ
Б) Семантикалық карта.
Дұрыс жауапқа «+» таңбасын қою керек
Сақтар Мургаб аңғарында Арал теңізінің маңында Сырдарияның орта ағысында
Сақ - парадарайа
Сақ - тиграхауда
Сақ - хаумаварга
Киімдерінің түсі Сары мен көк түсті Қызыл және
сары қызыл ақ түсті
Сақ жауынгерлері
абыздар
малшылар мен
егіншілер
В) Ребус. Берілген суреттерден тайпаның атын табу керек.
Г) Белес. Бұл бөлімде өткен материалдар бойынша сөздер беріледі. Берілген сөздердің қасына дұрыс жауабын қоюы тиіс.
1. Дайлар, аргиппейлер, исседондар, массагеттер-
2. Аңшылық, терімшілік, балық аулау-
3. Жайлау, күзеу, көктеу, қыстау-
4. Тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі-
5. Қазғыш таяқ, шоқпар, қашау, бифас-
1. Ежелгі кезең
2. Сақтар
3. Көшпелі мал шаруашылығы
4. Кәсіп
5. Еңбек құралдар
Д) «Кім тапқыр?» Бұл бөлімде оқушылар шашылған әріптердің ішінен бүгінгі жаңа тақырыбымызға байланысты сөз құрауы керек.
Күн диаграммасын толтыру
Г) Күн диаграммасын толтыру
Ү. Қорытындылау.
Біз бүгін Қазақстанда мекендеген,қазақ халқының ата тегі болған сақ тайпасы туралы мағлұмат алдық.Қазақ халқы үшін желтоқсан айы айтулы даталарға толы.17 желтоқсан демографиялық жаңару күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Алматыдағы жаңа алаңда тәуелсіздік монументі тұр. Сол монументте қанатты барсқа мінген “Алтын киімді” сақ жауынгерінің үлгісінде жасалған ескерткіш тұр. “Алтын адам” сақ мәдениетінің бірегелі үлгісі.ол Есік қорғанынан 1969-1970 жылы табылған. Осы жауынгер сақ тайпалары қазақ халқының негізін қалаған.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру. § 14 оқып келу. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру
ҮІІ. Оқушыларды бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |