Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәуелсіздік –тұғырың биік болсын!


Тәуелсіздік –тұғырың биік болсын!

Тәуелсіздік –тұғырың биік болсын!

Сабақтың тақырыбы: « Тәуелсіздік –тұғырың биік болсын! »

Сабақтың мақсаты:

а) Қазақстан Республикасы туралы      түсініктерін кеңейту.Отан өзінің    тұратын, өмір сүретін жері   ретінде түсіндіру. Егеменді ел    жетістіктері туралы таныстыру.

  б) Туған елі, Отаны туралы оқушының   сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік   қорын молайту, есту сақтау қабілетін  дамыту.

   в) Оқушының еліне деген сүйіспеншілік,    мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, ой-түйіндеу, сипаттау,    мәнерлеп оқыту, топпен жұмыс.

Көрнекіліктер: қазақ ел рәміздерінің суреттері,Н.Ә.Назарбаевтың

                            суреті, плакатка жазылған нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Амандасу.

- Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

ІІ. Кіріспе.

а) Тарихқа тоқталу.

     Алматы қаласы. 1986 жылдың 17 желтоқсанында таңғы сағат 8-де Брежнев алаңына (қазіргі Жаңа алаң) жастардың алғашқы тобы келді. « Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын!», « Қазақстанды әркімге билетпейміз!» т.б ұрандар жазылған. 17-нен 18-не қараған түні алаң айнала қоршауға алынды. Жастардың жүздерінде үрейдің ізі де білінбейді. Бір кезде өрт сөндіретін машиналар көрінді. Жастардың үстіне су шашып, жаңбырдай боратты. Милиционерлер әуелі шерудің алдыңғы сапында жүрген қауіпті белсенділерін күшпен алып кетіп жатты.Күрек, сойыл, арсылдаған иттер пайдаланылды.

   Бұл оқиға тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік бостандық әкелді.

Жазықсыз жазаланғандар:

  Қайрат Рұсқұлбеков

  Асанова Ләззат

  Мұхамеджанова Сәбира

  Әбдіқұлов Мырзағали

  Тәшенов Түгелбай

       Желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләззат Асанова мен Қайрат Рұсқұлбеков.Бұл екі қаһарманды айта кетпеу мүмкін емес.

Ләззат Асанова Алтынқызы қазақ жастарының ішінде көтеріліске белсене қатысқандардың бірі.Ол республика алаңына «Қазақтар! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен шықты.

         Қайрат небәрі 21 жыл ғұмыр кешті.Ол батыр ғана емес, ақын да еді. Ол түрмеде көз жұмды.

Келесі өлең шумақтары Қайраттың өміріндегі соңғы күндері шығарған өлең жолдары.

 Елбең, елбең жүгірген

Елбелек атқа семірген

Арғымақ мінген жаратып

Ну сауыт киген темірден

Алатаудай балалар!

Аруағыңмен жебей көр.

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар

Ермек тоқты құрбандық

Атам десең  атыңдар.

(1 минуттік үнсіздік)

Тәуелсіз ел атандық

Биік даңқың

Бар әлемге әйгілі

Мәлім атың

Ата-баба қанымен

Келген бізге

Тәуелсіздік құт болып.

Қонды елге.

1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ мемлекетінің тәуелсіздік күні деп жарияланды. Қ.Р Тәуелсіздік күні деп алтын әріптермен жазылды. Сондықтан да 16 желтоқсан бүкілхалықтық мереке.Тұрғылықты халық үшін теңдесі жоқ аса маңызды тарихи оқиға.

1992 жылы 4 маусымда Қ.Р Жоғарғы Кеңесінің сессиясында елімдің рәміздері қабылданды.

-Балалар Қ Р рәміздерін атаңдаршы:

- Әнұран, ту, елтаңба.

ә)Сабағымызды әрі қарай 3 топқа бөліп сайыс түрінде жалғастырамыз.

1.Топпен танысу

2. Бәйге (әр топқа 5 сұрақтан қойылады)

3.Математикалық ойын

4.Үй тапсырмасы

5. Ұяшықты таңдау

 

1.1-топ «Ту» тобы, ұраны: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол». өз тобы туралы мағлұмат береді.

                Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

   Мемлекеттік Жалауымызда алтын күні алаулаған зеңгір көк аспан бейнеленген. Сол көк аспан төсінде қалықтаған дала қыраны. Қырық құс қазақ халқының дархан да бітімшіл, бейбіт көңілің шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік Жалаудың авторы – Шәкен Ниязбеков атамыз.                                                                   

Ту

                                        Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

Көк аспанда-қызыл күн,

Көк аспанда –жас қыран.

Естілгендей біздің үн.

Сол ғарыштың астынан.

Жанатындай өзі отша,

Жалын шарпып бетінді

Туымыз да қазақша

Сөйлеп тұрған секілді

Туымызға  жас тұнған

Бір қарамай өтпейміз

Сол көк тудың астында

Көгереміз,көктейміз

 

2-топ «Елтаңба» « Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

Елтаңба

       Елтаңба жобасына 245 сурет, 67 хат-пікір ұсынылды. Солардың ішінен Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібековтың үлгілері ең таңдаулы деп танылып, қазіргі Қазақстанның Елтаңбасы болып бекілтілді.      

      Елтаңбаның негізгі идеясы – шаңырақ. Шаңырақтың екі жағында қос қанатты ай мүйізді ат суреті. Есік қорғанынан табылған алтын адамның бас киімінен алынған образ. Жылқы халық үшін ең қастерлі жануар болғандықтан, елтаңбада самғап бара жатқан тұлпар өркениетке көтеріліп бара жатқан елімізді бейнелейді.

Елтаңба

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл-таңба елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жер күші.

Қара щаңырақ-ел күні

Асқақтаған тұр мұңы

Елтаңбасы-елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

3-топ «Әнұран» тобы: «Қасықтап жинағаныңды шөміштеп төкпе»

      2006 жылдың 7- ші қаңтарында еліміз жаңа Мемлекеттік Гимнің қабылдады. Мемлекеттік Гимнінің сөзі мен әні бәрімізге белгілі атақты ақын Жұмабек Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні. Ән мәтіннің кей тұстары өзгертілген. Өзгертулерді еңгізген еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Әнұран айтылады.

 

 2.Бәйге

Ту тобына

  1.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді? (1992)
  2.  ҚР бірінші президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
  3. Ел таңбаның  авторлары (Жандарбек Мәлібеков, Шота  Уалиханов)
  4. Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
  5.  Мәдениет жалпы орта мектебінің директорының есімі кім? (Атабаева Динара)

Елтаңба тобына

  1. ҚР бірінші конституциясы қашан қабылданды? (1993ж)
  2. Ән ұранның авторы (Н.Ә. Назарбаев, Ш.Қалдаяков, Ж.Нәжімединов)
  3. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т.Әубәкіров)
  4. Қазақта неше жүз бар?
  5.   Мәдениет жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасарының есімі (Ташбулатова Т.И.)

Әнұран тобына

  1. ҚР екінші конституциясы қашан қабылданды? (1995)
  2. Тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)
  3. Кіші жүздің биін ата? (Әйтеке би)
  4. Тарихтың атасы (Геродот)
  5. Мәдениет жалпы орта мектебінің тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарының есімі (Худайкулов А.А.)

3 Математикалық ойын:

 

Ту тобына                                               

1)3800/2+91  =1991        ( Тәуелсіздік алған жыл)          

2)996*2+3  =1995       (Жаңа конституция қабылданған жыл)

3)(45*2)/90 =1           (1 желтоқсан ҚР  тұңғыш  Президенті күні)

 

Елтаңба тобына

  1. 4000/2-8   =1992   (ҚР Рәміздері қабылданған жыл)
  2. 800*2+393 =1993 (ҚР ұлттық ақшасы нарыққа енген жыл)
  3. 575/23  =25        (25 қазан республика күні)

 

       Әнұран тобына

  1. 980*2+1  =1961                       (Әлемде тұңғыш ғарышқа ұшқан жыл)
  2. 2800+105-919=1986            (Желтоқсан қырғыны болған жыл)
  3. (15*3)-29 =16                    (16 желтоқсан тәуелсіздік күні)      

 

 

  1. Үй тапсырмасы

Ту тобы:

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем !

Елтаңба тобы:

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!

Әнұран тобы:

Ер еңбегі шалқып, тасқан.
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!

  1. Ұяшық тандау.

Допты жоғарыдан түсірмей, мәреге барып ұяшық тандайды.

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

  1. Ойымды жалғастыр.

Туған жердей жер болмас... (туған елдей ел болмас)

  1. Логикалық сұрақ

Екі әке, екі бала 300 теңгені тең етіп 100 теңгеден бөліп алды. Ол қалай? ( атасы, әкесә, баласы)

  1. . Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл неше жыл? (23 жыл)
  2. Қазақтың өлшем бірлігі шақырым деген не? (1км)
  3. 640 саны 5-ке бөліне ме? (иә, 128)
  4. Логикалық сұрақ

Үйдің әр бұрышында бір – бір мысық отыр. Әрқайсысына 3 мысық қарсы отыр. Үйде барлығы қанша мысық отыр? (4)

  1. Қазақтың өлшем бірлігі құлаш деген не?
  2. . Желтоқсан оқиғасына биыл неше жыл?(28 жыл)
  3. . Ойымды жалғастыр.

Көсем ел бастар...

(Шешен сөз бастар)

 

Бағалау

Қорытындылау

Жүргізуші: «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқы  үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы білімді жастар – сіздердің қолдарыңызда» деген ағалық сезімін ақтай біліңдер


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Менің Отаным –Қазақстан
«Менің елім - Қазақстаным»
Менің Отаным - Қазақстан.
Тәуелсіздік таңы атты.
Тәуелсіздік белестері.
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Тәуелсіздік – ел тірегі
Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған
Шағын жинақты мектептердің 3,4-сыныптарына арналған қазақ тілінен сабақ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3940 | Қосты: Толық аты жөніңіз (міндетті): | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык