Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Желтоқсан жаңғырығы»


«Желтоқсан жаңғырығы»
Сабақтың тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы»
Мақсаты:Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра
отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарының суреттері, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, видеобаяндар, жалаушалар, пректор.
Барысы:
Әнұраным жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны, - дей отырып әнұранды шырқаумен сабақ басталады. Ортада С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі жәймен ойнап тұрады.
Алға таман ақырындап жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас
Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -
Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.
Бүгінгі «Ұлытаулар аласармайды,
Ұлы есімдер ұмытылмайды», деген рубрикамен өтілетін «Желтоқсан жаңғырығы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып, ортада Ана отырады. Сахна сыртынан Қайраттың рухы:
Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып
Ақсауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр! – деген
Қайраттың дауысы естілді.
Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол!
Қалай болып еді өзі?!
1- жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп,орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірнсіз тағайындалған еді ғой.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан желі ызғарлы
Тәуелсіздік таңы атты.
Тәуелсіздік тірегі қайсар рухы қазақтың!
Восстание на Мангистау в 1870 г.
Желтоқсан желі – ызғарлы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған
Желтоқсан жаңғырығы
«Ұрпағының мәңгі есінде...» (Көркем - әдеби композиция)

Автор Бердигожина Аягоз Елемесовна

Ақтөбе қаласы №15 орта мектебі

Бөлім: Материалы / Авторлық бағдарлама | Көрсетілім: 2186 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар