Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жас көкөністен салат дайындау.


Жас көкөністен салат дайындау.

Жас көкөністен салат дайындау.

Қарауыл гимназиясының технология

пәні мұғалімі Жумабекова Жанна Боранбаевна.        

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға  тақырыптың  мазмұнын  ашып, көкөністен жасалған тамақ дайындалу  тәсілін түсіндіру. Алған білімдерін  практикамен ұштастыру,.

Дамытушылық: Алған білімдерін  практикамен ұштастыру, оқушылардың шеберліктерін, ой-өрісін,ұшқыр қиялын,аспаздық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Аспаздық өнерге баулу арқылы,оқушыларды өмірге икемділігін,эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.Оқушыларды еңбекке деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеп, ұқыптылыққа, жұмысты өз бетімен орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: теориялық, практикалық.

Әдіс- тәсілдері: Интербелсенді  оқыту  технологиясы.

Көрнекіліктер: презентация, қанатты сөздер, жұмбақтар шешу.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі.

 а) оқушылардың  сабаққа  әзірлігін  реттеу.

2.Өткен  тақырып  бойынша  (1-слайдтан) 1 тапсырма-сұрақ  арқылы.

1.Тамақ дайындайтын адамға қандай гигиеналық талаптарды орындау керек?

2.Көкөністер не үшін қажет?

3.Көкөністерді қандай топтарға бөледі?

4.Көкөністерді алғашқы өңдеу дегеніміз не?

5.Қандай дәрумендерді білесің?

Жаңа сабақ .

 Кіріспе.

Салат көкөністердің бірнеше  түрлерінен дайындалатын салқын тағам,ол қаймақпен,майонезбен,тұздықпен қатталады.Құрамына қарай салаттың жай және құрама түрлері болады.

Жай салатты жасағанда көкөністерді дөңгелектеп,тілімдеп,шыбықша етіп,ал құрама салатты  текше пішіндеп,майда тілімдеп турайды,сондай-ақ

ет,балық,жұмыртқа және т.б. қосылған салқын тағам.Салат құрамында шикі қияр,қызанақ,қызылша,картоп,сәбіз,маринадталған,тұздалған

(ашытылған қырыққабат) және күрделі әрі ұзақ өңдеуден өткен  өнімдер (шұжық,ысталған балық,консервілер) қосылуы мүмкін.

  1. Жаңа тақырып бойынша жоспар құру.

  «Асхана»  ойынын  ойнайық.

 Оқушылар  үш топқа  бөлінеді:

1.«Береке»- асханасы.  

  1. «Дастархан»- асханасы.

3.«Өте дәмді»-асханасы.

Даяшыны тағайындау.Әр ,топ  жасаған салаттарына ат қойып, қорғайды..Қандай дәрумендерден тұратынын сипаттап айту.

Даяшы.Келген қонақтардан тапсырыс алу.

1.Шай,кофе,шырын сусыны,винегрет салаты т,б.салаттар түрі.

  Жаңа  тақырып  бойынша  сұрақтарға пысықтау беріледі.

           Техника қауіпсіздігін сақтау ережесі.

1.Сулы қолмен элертр тоғын ұстама.

2.Пышақ,шанышқы,қасықтармен ойнама.

3.Пышақпен  жұмыс істегенде абай бол.

            Тазалық талаптары:

1.Отырған орнымызды таза,жинақы ұстау.

2.Әрбір оқушының өзінің алжапқышы,орамалы болуы керек.

3.Столда дастархан болуы керек.

4.Тағам жасар алдында қолымызды жуып,тазалап алуымыз керек.

2-слайдтан.«Көкөністен жасалған  винегрет»  салаты.

 19- сарамандылық  жұмыс.

Ингридиенттер: Картоп-50г,Қызылша-46г,Сәбіз-20г,Тұздалған қияр-30г,Пияз-40г,Аскөк-10г,Өсімдік майы-30г.

  Жаңа сабақты қорытындылау.

3-слайдтан2-тапсырма.  «Тапқырлық»

                     Кел, балалар,ойнайық,

                     Ойнайық та, ойлайық.

                     Қандай жұмбақ болса да,

                     Шешпей оны қоймайық - деп жұмбақ шешіп көрейік.

  1. Құрғақ жерде сақтайсың

    Онсыз тамақ татпайсың   ( тұз )

  1. Сүйегі бар, қаны бар

    Бірақ емес жануар           ( балық )

3.Мен болмасам егер де,

   Көзің жақсы көре ме  ?

   Жетіспесем ағзаңда

   Бойың биік өсер ме ?    ( А дәрумені )

  1. Менсіз жүйке шаршайды,

    Ашуланып, саларсың кеп айқайды.

    Қан азайып, әлсірейді жүрегің,

    Асқазаның ас қорыта алмайды.   ( В дәрумені )

  1. Мен болмасам бойыңда,

    Тісің дұрыс өспейді,

    Ішкен асың бойыңа

    Жөнімен тарап сіңбейді.      ( С дәрумені )

  1. Мен жетіспей қалғанда

   «Мешел» болып өсесің,

    Қаңқаң қисық болғанда

    Өкінумен өтесің           ( Д дәрумені )

 1.Дайындалған  салатты  ыдысқа жасап салу, көркемдеу.

  1. Топ жетекшілері даярлаған салаттарын қорғайды.

3.Үйге  тапсырма беру: Салат түрлері туралы мағлұмат жинау.

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Өзіңді таны»
Пысықтау.
Дені саудың –тәні сау
Көкөніс.
Көкөністерді азыққа пайдалану.
Әлем халықтарының асханасы
Әлібек, бұл-көкөністер
Жемістер. Көкөністер
Көкөністерден салат дайындау
Салқын көжелер.
Бөлім: Уроки / Технология | Көрсетілім: 8674 | Қосты: Жумабекова Жанна Боранбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык