Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көкөністерден салат дайындау


Көкөністерден салат дайындау
Сабақ тақырыбы: Көкөністерден салат дайындау.
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға көкөністің маңызын, қолдану ерекшеліктерін айтып өту. 
Дамытушылық:еңбекті ұйымдастыра отарып, денсаулыққа пайдалы көкөніс түрлерінмен таныстырып, дүниетанымын,  өз бетінше еңбектену қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: шеберлікке, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
 
Сабақ түрі: көкөніс туралы білімдерін жинақтау.
Сарамандық жұмыс
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Ас мәзірі туралы мақалдар айту.
1. Таңғы аста тастама, кешкі асқа қарама.
2. Асыңа тойғызбасаң да, ақ тілегіңе тойғыз.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру, үй тарсыпмасын пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі:
Адам ағзасына қажетті бүкіл энергия тамақпен келеді. Оның ішінде көкөніс пен жеміс-жидектің пайдасы өте көп. Себебі олар дәруменге бай. Дәрумен жетіспегендіктен кейбір адамдар ауруға шалдығады. 
Салат бір немесе бірнеше көкөніс түрлерінен, жаңа піскен, тұздалған немесе ұайнатылып пісірілген маринатқа салынған, көкөніс пен піскен ет, жұмыртқа қосып жасайтын салқын тағам.
 
Нұсқау картасы «Білезік» салаты
№ Азық-түлік мөлшері
1 Картоп 2 дана
2 Сәбіз 2 дана
3 Қызылша 1 дана
4 Тауық еті 1 аяқ
5 Жаңғақ 150 гр
6 Майонез 1 банка
7 Тұз, бұрыш Дәміне қарай
 
Нұсқау картасы «Нәзік» салаты 
№ Азық-түлік мөлшері
1 Қызылша 1дана
2 Сәбіз 2 дана
3 Мәйіз 100 гр
4 Жаңғақ 150 гр
5 Сарымсақ 1 бөлік
6 Сыр 150 гр
7 Майонез 1 банка
 
Салатты дайындау технологиясы «Білезік» салаты
Ыдысқа стаканды төңкеріп қою.
1 қабат - жан-жағына айналдыра картопты үккіштен өткізу.
2 қабат - майонез жағу сәбізді үккіштен өткізіп салу
3 қабат - майонез тауық етін турап салу
4 қабат - майонез қызылшаны үккіштен өткізу
5 қабат - жаңғақпен әсемдеу
 
«Нәзік» салатын дайындау технологиясы
1 қабат - Үккіштен өткізілген сәбізді мейізбен араластырып бетіне майонез жағу.
2 қабат – сырды үккіштен өткізу, сарымсақты да үккіштен өткізіп бетіне себелеу.
3 қабат – қызылшаны үккіштен өткізіп, бетіне майонез жағу.
4 қабат – сәбіз бетіне жаңғақ қою.
 
Мұғалім сөзі:
Сарамандық жұмыс. Салаттарды технологиялық карта бойынша дайындау керек. 
Біз салат жасауды 5 сыныптан бастап үйрендік. Бүгін салаттың жаңа түрін және әсемдеуді үйрендік. Енді дәмін татып қараймыз. 
Бағалау. Оқушылардың жасаған жұмыстарын бағалау.
Үй тапсырмасы: үйде салат жасау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жас көкөністен салат дайындау.
Жомарт күз
Әдібай Табылдиев «Күз кереметі»
Көкөніс.
Өсімдік- тірі организм.
Көкөністерді азыққа пайдалану.
Әлібек, бұл-көкөністер
Дүкендер
Жеміс. Тұқым. Көкөніс.
Салқын көжелер.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8276 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык