Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үйсіндер мемлекеті


Үйсіндер мемлекеті

 Үйсіндер мемлекеті

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ:

  • ТАҚЫРЫП: Үйсіндер мемлекеті
  • ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
  • КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
  • МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ:
  • САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: Қызығушылықты ояту,Ой қозғау, Мағынаны ашу, Рефлексия
  • ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: «Миға шабуыл»(стратегиялық сұрақтар) . Топтық жұмыс(бірлесіп талқылау), Джиксо әдісі,Венн диаграммасын толтыру
  • ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта ,таныстырылым және кітаппен жұмыс
  • ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: үлестірме материалдар, мазмұнды сызба жұмысы.

 

Қазақстан  тарихы

 

Күні:18.10.2014ж

Сынып – 10 «Ә»

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы:

§18  Үйсін мемлекеті

Сабақтың мақсаты:

                                                                                               Жетісуда шоғырланған  Үйсін мемлекетінің хронологиялық  шеңбері, қоғамдық құрылымы туралы түсініктерін қалыптастырады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Топтық жұмыс, СТО элементтері, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, ой-қозғау, джиксо әдісі, венн диаграммасы

Күтілетін нәтиже:

         Жаңа тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істейді, ізденіс жұмыстарын меңгереді.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі: мақсат қою,топқа бөлу.

ІІ.Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі                                                  

   1.Білу.

   2. Түсіну.

   3. Қолдану

   4. Талдау

   5. Жинақтау.

   6.Бағалау.

   7.Үй тапсырмасы.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру  кезінде  мұғалім оқушылармен амандасып, ынтымақтастық атмосферасын құрады және топқа бөледі. Онда оқушыларға арнайы таратылған екі түсті  стикерге жазылған тілекті шаттық шеңбер құрып жанындағы оқушыға тапсырады. Топқа  стикердің түсі арқылы бөлу.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Білу.  Екі бөлімнен тұрады

1. Алмастырда қайта бер.

 

 

 

 

 

2. Тест тапсырмасы

Білім  тексеру

1.Қазақстанның  солтүстік  шығысында  . . . . . тайпалары  өмір  сүрген.

2.Сақтар б.з.б.  . . . . . . жылдықта Орта Азия  мен  Қазақстан  жерінде  мекен  етті.

3.Сақ  қоғамында . . . . . . сары  және  көк  түсті  киім  киген

4.Грек  македон  басқыншыларына  қарсы  күресті  . . . . . атты  сақ   басқарды.

5.Қызылордадан  300шақырым  жерден  Сақ  ескерткіштерінің  бірі  болып  табылатын   . . . . . . қаласының  орны  табылды.

6.Сақтар  төрт  түлік  мал  ішінде  . . . . . малын  аз  өсірген.

7.Сақ билеушісі Томирис б.з.б.. . . . . жылдары  өмір  сүрді.

8.Герадот  сақтарды. . . . . деп  атаған.

9.Сақ  сөзінің  мағынасы  Иран  жазбаларында. . . . . .деп  атаған.

10.Жетісу  жерінде . . . . . . тайпаларының  жиі  қоныстанатын  орталығы  болды.

Бағалау  шкаласы

1.2.3.балл-екі

4.5.6.7 балл-үш

8-13 балл-төрт

14-15 балл-бес

 Алмастырда қайта бер ойыны.

      Оқушыға арнайы таратылған ақ парақтың төменгі жағына өз тараптарынан сақтар туралы  сұрақтар жазып , жанындағы оқушыға береді, алған оқушы сурақтың жауабын жағып, жауап жағылған шетін бүктеп келесі оқушыға тапсырады.Осылайша өз сұрағы өзіне келгенде сұрақтың жауаптарын тексеріп, бағалайды

     Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша білімдерін көрсетеді.

Күтілетін жауаптары

1.Аримаспа

2. Бір  мың

3.Малшылар  мен  егіншілер

4.Спитамен

5. Шірік Рабат

6.Ірі қара

7.б.з.б. 570-520 ж.ж.

  1. Массагеттер

9.Жүйрік  атты  турлар

10.Тиграхауда

 

 

   

2.Түсіну :

-         Электронды оқулықтан тақырып бойынша видео көрсетіледі.

-          Оқулықпен және  қосымша дерекпен жұмыс жасайды.

Оқушылар видеоны мұқиятты тыңдап, кітаппен жұмыс жүргізеді.

3.Қолдану.

Екі топта Үйсін мемлекеті туралы мазмұнды сызба жұмысын жасайды.

 

4.Талдау.

 

-   Оқушылар топ бойынша мазмұнды сызба жұмысын орындайды.

 

- әр топтан бір елші, бір баяндамашыны орындықтарының артына стикер жапсыру арқылы сайлап, тапсырманы Джиксо әдісі арқылы орындайды

Баяндамашылар сызба жұмыстарын қорғайды.Әр топтан алған білімдерін талдайды.

5.Жинақтау. Сабақты бекіту:

-  Шынжыр ойыны

 

Бағалау шкаласы бойынша бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

-         Венн диаграммасы

 Оқушылар топ бойынша шынжыр ойынын ойнайды. Онда бірінші топ екінші топқа, екінші топ бірінші топқа Үйсін мемлекеті туралы сұрақтар қояды. 10 сұрақты үзбей жауап қайтару керек.

       Венн диаграммасы

Сақтар

Үйсіндер мемлекеті

 

 

 

 

  1. Бағалау.

Әр топ ішінен бір оқушы бағалау парақшасы арқылы бағалап отырады және топ ішінде бағалау жүреді.

  1. Үй тапсырмасы.

 

  Үйсін мемлекеті оқу және қосымша қаңлыларды оқып келу.

            РЕФЛЕКСИЯ:

 10 сыныбында Үйсіндер мемлекеті тақырыбында сабақ өткіздім.Оқушыларға Жетісуда шоғырланған  Үйсін мемлекетінің хронологиялық  шеңбері, қоғамдық құрылымы туралы түсініктерін қалыптастыру болды.Сабағымды бастамас бұрын оқушы белсенділігін  арттыру мақсатына үшін топқа бөліп ұйымдастыру кезеңін, яғни ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастырып алдым. Онда оқушыларға арнайы таратылған екі түсті  стикерге жазылған тілекті шаттық шеңбер құрып жанындағы оқушыға тапсырды. Топқа  стикердің түсі арқылы бөлдім.Ондағы мақсат алдымен қатысушыларды топта жұмыс жасауға жұмылдырып, жайлы ахуал қалыптастыру болған. Ұйымдастыру кезеңі ойымдағындай өтті. Білу кезеңін екі бөлім бойынша ұйымдастырдым. Біріншісі «Алмастырда қайта бер» ойыны.     Оқушыға арнайы таратылған ақ парақтың төменгі жағына өз тараптарынан сақтар туралы  сұрақтар жазып , жанындағы оқушыға берді, алған оқушы сурақтың жауабын жағып, жауап жағылған шетін бүктеп келесі оқушыға тапсырды.Осылайша өз сұрағы өзіне келгенде сұрақтың жауаптарын тексеріп, бағалады.  Оқушылар сақтар туралы білімдерін естеріне түсіре отырып, қойылған сұрақтар бойынша білімдерін көрсетті. Екінші бөлімде тест тапсырмасын орындаттым. Онда оқушылар арнайы интербелсенді тақтадан берілген сұрақтарға жауап берді.  Сол тест жағылған дәптерлерін алмастырып тақтадан берілген жауаптары бойынша тексеріп, бағалау шкаласы арқылы бағалады.  Келесі түсіну кезеңінде Үйсін мемлекеті тақырыбы  бойынша теориялық ресурс көздері ұсынылды. Оқушылар қосымша дерек пен жұмыс жасап жатқанда әр топтан бір баяндамашы, бір елші сайлап алдым. Ресурспен жұмыс жасау барысында алған мәліметтерін топта талдап, мазмұнды сызба жұмысын топ бойынша жасап шықты.  Мазмұнда сызба  барысында сызбаны топ бойынша орындаулары бойынша кедергілерді байқадым. Оқушылар сызбаны бірлесіп орындағанымен, топ арасында шетте отыратын оқушылар байқалды.Сондықтан да  топ ішіндегі баяндама шы мен елшінің орнын ауыстырып шетте отырған оқушыны сабаққа тарттым. Оқушылар ашық сұрақ, жабық сұрақ, түсіндірме сұрақ, жетелеуші сұрақ тағы басқа да сұрақ түрлерін пайдаланып топ бойынша шынжыр ойынын ойнады. Онда бірінші топ екінші топқа, екінші топ бірінші топқа Үйсін мемлекеті туралы сұрақтар қойды. 10 сұрақты үзбей жауап беріп тақырыпты алып шықты. Олардың түсініктерін кеңейту мақсатында, жинақтау кезеңінің екінші бөлімінде «Венн диаграммасы» бойынша сақтар мен үйсін мемлекетіне талдау жасаттым. Оқушылар сақтар мен үйсіндердің айырмашылықтарын, ортақ белгілерін талдап шықты. Бағалау кезеңінде әр топ ішінен бір оқушы бағалау парақшасы арқылы бағалап отырды және топ ішінде бағалау жүрді. Соңынан оқушылар стикерге кері байланыс жазып қалдырды.Негізінен сабақымды Булум таксономиясы бойынша  жасап өткіздім.Сабағым өз деңгейінде өтті.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сабақтың тақырыбы: « Үйсіндер мемлекеті »
Қаңлылар мемлекеті
Үйсіндердің қоғамдық құрылысы
Сақтар. Олардың орналасуы
Ғұндар мемлекеті. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы
Үйсіндер тарихы, орналасқан жері
Қарахан мемлекеті
Үйсіндер тарихы
Үйсіндер тақырыбын қайталау
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 9097 | Қосты: Сарсенбиева Дария Саматовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык