Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күрделі шарттар


Күрделі шарттар

Күрделі шарттар

Сабақтың тақырыбы: Күрделі шарттар

 

Сабақтың мақсаты: Күрделі шартты операторларды жазылу тәртібімен танысу, бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу

Күтілетін нәтиже: Тармақталу операторларының түрлерін, күрделі шарттардың программада жазылуын біледі

Ресурстары: Презентация, суреттер, қима қағаздар, постерлер, маркерлер, стикерлер

 

Деңгей-лері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру түрі

Нәтижесі

Ресурстары

Бағалау

Ұйымдас-тыру кезеңі

  1. Шаттық шеңберін өткізу. Оқушылар ортаға шығып, бір-бірінің қолынан ұстап, бір-біріне жақсы тілектер айтады
  2. Топқа бөлу. Туылған күнінің күні бойынша бөлу, яғни күн 3-ке бөлінсе 3-топ, 2-ге бөлінсе 2-топ, бөлінбесе 1 топ
  3. Топтың бағалау парағын жүргізу туралы түсіндіріледі

Білім

Топқа бөледі, тармақталу операторларын еске түсіреді: қосымша тармақталу операторының блок-схемасын, алгоритмдік тілде және Паскаль программалау тілінде жазылуы туралы сұрақтар қояды

Тармақталу операторларын еске  түсіреді, сұрақтарға жауап береді

І топ: Тармақталу операторлары туралы түсінік

ІІ топ: Тармақталу операторларының блок-схемасы

ІІІ топ: Тармақталу операторларының алгоритмдік тілді және Паскаль тілінде көрсету

  • Топтық жұмыс
  • Диалогтік жұмыс

 

- Постермен жұмыс

 

 

 

 

 

Қызығушылы-ғын оятады, ойлау белсенділігі артады

Топтарға тақырып бойынша қима қағаздар

Формативтік бағалау болады

Түсіну

Және, немесе, емес қызметші сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар (логикалық өрнектер) күрделі шарттар деп аталады. Паскаль тіліндегі логикалық операциялар:

And (және) логикалық операциясы бар күрделі шарт қарапайым шарттардың екеуі де орындалған жағдайда ғана ақиқат деп есептеледі.

Ал егер қарапайым шарттардың кемінде біреуі орындалса, онда or (немесе) логикалық операциясы бар күрделі шарт ақиқат деп есептеледі.

Not (емес) А=0 логикалық операциясы А¹0 шартымен бірдей.

Логикалық өрнектердегі операциялардың орындалу сатысы (приоритет) төмендегідей:

not – ең жоғарғы приоритет

* /  div  mod  and екінші приоритет

+  -    Xor  or үшінші приоритет

>  <=   =  <   >= төменгі приритет

Ізденеді, түсінеді, берілген тақырып бойынша бірнеше қарапайым шарттардан тұратын күрделі шарттардың логикалық операцияларын тауып, орындайды

Топ мүшелерінің диалогі, әңгімесі

Танымдық белсенділігі дамиды, тыңдау мәдениеті қалыптаса-ы, өз ойын толық, анық жеткізе алады

Тақырып бойынша презен-тация, кестелер, суреттер

Формативтік бағалау болады

Қолдану

Кейбір есепте үш және одан да көп тармақ, яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеруге тура келетін кездер болады. Бұған мысал ретінде квадрат теңдеу ax2+bx+c=0, (a¹0) түбірлерін табатын программа құру

І топ – квадрат теңдеуді математикалық жолмен шешуді көрсетеді;

ІІ топ – квадрат теңдеудің блок-схемасын сызады;

ІІІ топ – квадрат теңдеуді Паскаль программалау тілінде программасын жазады

Берілген тапсырмамен топ мүшелерінің бірлескен жұмысы

Ынтымақтас-тықпен жұмыс істеуге үйренеді

Постерлер, маркерлер, стикерлер

Формативтік бағалау болады

Талдау

Есепті шығаруда программа денесін құрылып, айнымалылар сипатталынады. Программаның орындалуын аяқтайтын белгі қойылады; a,b,c айнымалылары енгізіледі

Егер а=0 болса,

А)онда b¹0 болмаған жағдайдағы тиісті түбін есептелініп, экранға шығарылады және белгі арқылы программаның орындалуы аяқталады;

Б)Қарсы жағдайда егер D>0 болса, онда теңдеу түбін есептеп, экранға шығарылады. Қарсы жағдайда «түбірлері жоқ» мәліметі экранға шығады.

Айнымалылар: a, b, c – айнымалылар,

х1, х2 – теңдеу түбірлері,

D – теңдеудің дискриминанты,

Программаның орындалу нәтижелері:

a, b, c мәндерін енгіз: 2 3 6

Теңдеудің нақты түбірлері жоқ

a, b, c мәндерін енгіз: 1 5 6

х1= -2.00  х2= -3.00

a, b, c мәндерін енгіз: 1 4 4

х= -2.00

Топтық жұмыс оқушылар орындарында ақылдасады. Соңында бір оқушы тақтаға орындайды

Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыпта-сады

Фактілер, операция-лар, шешімдер

Топ мүшелері бірін-бірі бағалайды, формативтік бағалау болады

Өз қабілетіңе байланысты деңгейлік тапсырмаларды орында. Қандай шешу жолдарын ұсынасың?

 

           
   
   
 

 

 
  • күрделі                                                           - орташа                                                         -  жеңіл
  1. 2х(5х – 7) = 2х2 – 5                                    1) 5х2 + 4х – 1 = 0                                           1)  3х2 + 5х – 2 = 0,  а, в, с = ?
  2. (х + 4)2 = 4х2 + 5                                        2) 23х2 – 22х + 1 = 0                                       2)  9х2 – 6х + 1 = 0,  а, в, с = ?

 

Синтез

Логикалық өрнектердегі операциялардың орындалу сатысының (приоритет) дұрыс тізбесін жаз:

+     *       not      >       and

/      div     _        <=       =

or     <      mod    >=

 

Мұғалім түзейді, қорытындылайды

Оқушылар өз пікірін айтады, талқылайды

Топтық жұмыс

Сыни ойлау

Ойын дәлелдеуге дағдыланады

 

Топтар өздерін бағалайды. Бірін-бірі бағалайды

Бағалау

Бағалайды

Біз сабақта не білдік? Нені түсінбей қалдық? Өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс парағын толтырып, пікірін жазады

Бірлескен бағалау

Өзін-өзі және бірін-бірі бағалап үйренеді

 

Мұғалім қорытынды баға жасайды

Логикалық типтерге қолданылатын операциялар:

And (және) – коньюнкция, логикалық көбейту

Or (немесе) – дизьюнкция, логикалық қосу

Not (емес) – терістеу

Xor модулі бойынша көбейту

Паскальдағы логикалық операциялар мәндері

 

Операция 1

Операция 2

Нәтиже

Not

And

Or

Хоr

False

True

False

False

True

True

-

-

False

True

False

True

True

False

-

-

-

-

-

-

False

False

False

True

-

-

False

True

True

True

-

-

False

True

True

False

a, b, c нақты сандары берілген. ax2+bx+c=0 теңдеуінің нақты түбірлерін тап. Егер түбірлері жоқ болса, «түбірлері жоқ» мәліметін экранға шығару керек.

     label 1;

     var a, b, c, x1, x2, D:real;

     begin  write (‘a, b, c мәндерін енгіз:’);

     readln(a, b, c); if a=0 then

          if b<>0then begin x1:=-c/b; writeln(‘x=’,x1:4:2); goto 1; end

                else  begin   D:=sqr(b)-4*a*c;

                if D=0 then

                begin x1:=-b/(2*a);  writeln(‘x=’,x1:4:2); goto 1; end

                else

                if D>0 then begin

                x1:=(-b+sqrt(D))/(2*a);  x2:= :=(-b-sqrt(D))/(2*a); 

                writeln(‘x1=’,x1:4:2, ‘x2=’,x2:4:2); end;

     1:end.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Күрделі шарттар
Тармақталу алгоритмдерін программалау
Паскаль – программалау тілі
Паскаль – программалау тілі. Тілдің алфавиті
Паскаль
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Информатикадан 9 сыныпқа арналған бақылау жұмысы СТО арқылы
IF…Then құрылымы
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 5353 | Қосты: Байгонысова Азизат Маратовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык