Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сілтілік металл- натрий.


Сілтілік металл- натрий.

Сілтілік металл- натрий.

Қысқа мерзімді жоспарлау

                                                                                                                                 

Сабақтың тақырыбы: Сілтілік металл- натрий.                                                                              Мақсаты: Сілтілік металдардың қасиеттері жайлы білімдерді меңгерту.                                                            Міндеті: 1. Жай заттар және олардың қасиеттері туралы білімді арттыру;

2. Тәжірибеде көргенін қорытындылап, жүйеге келтіре білу;                                                                                           3. Табиғатта таралуы мен қолданылуы жайлы өз ойын жеткізе білу.    

Күтілетін нәтиже                                                                                                                                                                        1. Жай заттардың қасиеттерін химиялық формулалармен бейнелеуді біледі;                                               2. Теориялық білімді практикада қолдана біледі;                                                                                                      3. Топпен жұмыс жасау арқылы өзіндік ойды жеткізе біледі.                                                                      Сабақтың түрі: Аралас сабақ.                                                                                                                                                                                         Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.                                                                                                           Сабақтың әдісі:  Психологиялық ахуал; Топқа бөлу;  ой шақыру;  «Соңғы пікір», «Талдау картасы»,   сұрақ-жауап,    баяндау.                 

Көрнекіліктер: Х.Э.П.Ж, стикер топтамасы, смайликтер топтамасы,слайдтық көрсетілімдер,видеороликтер.

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, химиялық реактивтер,химиялық ыдыстар.

Пәнаралық байланыс: физика,георафия,сурет.

Сабақтың эпиграфы:

         Ақылды жетілдіру үшін, жаттағанша ,ойлану қажет.

                                                                                                            Р.Декарт

 Сабақтың барысы.

                        

Кезеңдері

 

Жұмыстың түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

 

 

Сәлемдесу

Түгендеу

Сыныптағы психологиялық ахуал

 

 

 

 

 

Топқа бөлу.

Оқушыларды «салат» ойыны арқылы жеміс атаулары бойынша бөлемін.

Сәлемдесемін.

Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.

«Жеміс салаттары» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

Құрметті оқушылар қазір біз сіздермен «Жеміс салаттары» жаттығуын өткіземіз. Бірінші оқушылар шеңберге тұрып, жеміс атаулары бойынша саналады: алма, алмұрт, өрік, шабдалы,шие. Олардың берілген команда бойынша орын ауыстырулары сұралады, әуелі алмалар, сосын алмұрттар т.б.

жеткізесіз. Осылайша жалғаса береді.

Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындықтарын түсіндіремін.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

Оқушылар шеңбер бойымен ойынды ойнай отырып,көтеріңкі көңіл-күймен сабаққа деген жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылады.

 

Топ басшысын сайлайды.

 

 

Жаңа сабақ

ІІ.«Ой шақыру»

стратегиясы

 Теңіз суы арқылы құтыда хат келді. Хатта жұмбақ жазылған:

Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуіміз де өткір, кез келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін сілтейді, тындырады деп өсек айтады. Мінезі тастай онша маңызды жұмыс істемейтін Латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартай істемеген жұмысы жоқ: аспаз да болды, шыны да жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рәнтай мен Сартай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді, қызбалы. Бағына қарай жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді. өздері автоматты сигнал беру жағында жұмыс істейді. Мен және 5 ағайындыларым кім?

Оқушылар «ой шақыру» стратегиясы бойынша жеке ойланып,содан соң  жұппен,топпен талқылайды.

Әр топтан оқушылар өз ойларымен бөлісіп,жасырынған элементтерді анықтап,периодтық жүйеден көрсетеді.

 

ІІІ   Қызығушылықты ояту.

 

 

Интерактивті тақтадан өтілетін сабақтың тақырыбын ашу үшін құрастырылған сөзжұмбақ шешкізу.

 

Куббизм әдісі арқылы топтарға жаңа сабақтың тарауларын бөліп беру.

 

Барлық оқушылардың сабаққа қатысуын қамту.

 

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сөзжұмбақ шешеді.

 

 

 

Әр топ бөлінген тарау бойынша жеке,жұппен және топ бойынша жұмыс жүргізді.

 Барлық оқушы жаңа сабақты өздері түсіндіру барысында сабаққа түгел қатысты.

Бекіту

Тәжірибелік жұмыс

Бірін- бірі бағалау.

 

 

Интерактивті тақтадан тәжірибелерді көрсету.

Тәжірибенің бағалауымен таныстырады.

«А» - хим.реак. теңд. аяқтамады.

«В» - хим.реак.теңд.дұрыс аяқтамады.

«С» - хим.реак.теңд. дұрыс аяқтады.теңестіруде қателесті.

«Д»- хим.реак.теңд. дұрыс аяқтап теңестірді.

Натрийдің сумен әрекеттесуін тәжірибе арқылы көрсетеді.

Оқушылар жазып болғаннан кейін бір - бірімен жазғандарын салыстырады.

Топбасшыларының бірін-бірі бағалауы мен топтық бағалауына сүйене отырып бағалау.

«А» - 1 ұпай

«В» - 2  ұпай

«С» - 3 ұпай

«Д»-  4 ұпай

Оқушылар тәжірибеде көрген реакция мен құбылыстарды дәптерге химиялық формулалар арқылы реакция теңдеуін жазады.

 

2Na+2H2O = 2NaOH+ H2

 

 

 

Сабаққа қатысуларын айта отырып бағалады.

Қорытындылау

Бес жолды тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топқа Бес жолды тапсырма таратады.

Бес жолды тапсырманы түсіндіріп айтады.

  1. Зат есім                                     
  2. Сын есім
  3. Етістік
  4. Сөйлем
  5. Синоним

 

Топта өзара бірлесіп жұмысты жазады. Әр топтан бір оқушы қорғайды.

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма

 

 

« Сілтілік металл-натрий» туралы ойтолғау.

Арал теңізінің эклогиялық жағдайы туралы мәлімет жинау.

Дәптерге түртіп алады.

Кері байланыс парағы

 

Смайлктер арқылы

i?id=253611196-49-72&n=21i?id=89560151-58-72&n=21

 

Оқушылар  смайлктерді  плакаттың  екі бағанына  іледі.

Оқушылар  смайлктерді плакаттарға   іледі.

 

 

                          


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
8-сыныптағы химия пәнінің негізгі тақырыптарын қайталау.
Химиялық реакция типтері. Қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу реакциялары
Табиғаттағы, химиялық реакциялар тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
Сілтілік металл -натрий
Натрий және калий
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы
Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Кальций және оның қосылыстары
Лалагүл тұқымдасы
Оттегі-химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы.
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 2316 | Қосты: Шекербекова Дана Талгатовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык