Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ток күші. Амперметр. Кернеу. Вольтметр.


Ток күші. Амперметр. Кернеу. Вольтметр.

Ток күші. Амперметр. Кернеу. Вольтметр.

Сабақ жоспары

Күні: 15.01.2015 жыл

Сыныбы:  8 «Г»

Пәні:  Физика

Сабақтың тақырыбы:

 Ток күші. Амперметр. Кернеу. Вольтметр

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға ток күші мен оны өлшейтін құрылғы, электр кернеулігі мен оны өлшейтін құрылғылар жайлы мағлұмат беру.
  • Оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып, есептер шығару жолдарын үйрету.
  • Оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасап, таным белсенділігін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашу.
  • Оқушылар пәнге деген қызығушылықтарын топпен жұмыс жасау арқылы ояту.
  • Оқушылар топта жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге тәрбиеленеді.

Негізгі  идеялар:

Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі.

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасмалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайд:  I=.

Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ток күші Ампермен (А) өрнектеледі:  1 А= .

Ампер – негізгі бірліктердің бірі. Оны тәжірибе жүзінде тогы бар екі параллель өткізгіштің өзара әрекеттесу күштері бойынша анықтаған француз ғалымы А. Ампердің құрметіне осылай аталған.

Овал: АТок күшін өлшейтін құралды амперметр деп атайды. Амперметрдің шартты белгісі:

 

Амперметрлерде екі қысқыш бар: «+» және «-»

Токты тудыратын электр өрісінің жұмысын токтың жұмысы деп атап, оны А әріпімен белгілейміз.

Тізбектің берілген бөлігіндегі заряд бірлігінің орын ауыстыруы үшін токтың атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп атайды. U=.

SI жүйесінде кернеудің өлшем бірлігі тарихта бірінші болып ток көзін ойлап тапқан итальяндық ғалым А. Вольтаның құрметіне Вольт (В) деп аталады.

1 В=.

Овал: VЕгер өткізгіш бойымен 1 Кл заряд орын ауыстырғанда, 1 Дж-ге тең жұмыс істелсе, онда тізбек бөлігіндегі электр кернеуі 1 В-қа тең  болады. Өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшеуге арналған құралды вольтметр деп атайды. Вольтметрдің шарт белгісі: 

 

Күтілетін нәтиже:

  •  Ток күші мен кернеу туралы және олардың өлшем бірліктері мен шарт белгілірі туралы мағлұмат алады. туралы мағлұмат алады.
  • Ток күші мен кернеуді қандай құрылғының көмегімен өлшеу керектігі жөнінде үйренеді.
  • Топта бағалай алатын болады
  • Сыни ойлауы дамиды

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекі құрал жабдықтар

2 мин

І. Сабақ барысы:

1.Оқушылармен сәлемдесу

2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

3. Түгелдеу

4. Топқа бөлу (қызыл, жасыл, сары)

 

1.Оқушылар берілген түстерге қарай топтарға бірлеседі.

Қызыл, жасыл, сары түсті қағаздар

10 мин

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Электр тогы дегеніміз не?

Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшінқажетті және жеткілікті шарттарға не жатады?

3. Электр тогы қалай байқалады?

4. Қандай құрылғыларды ток көзі деп атайды?

5. Электр қозғаушы күші деп нені айтады?

2. Оқушылар мұғалімнің берген сұрақтарына жауап береді.

 

17 мин

ІІІ.Тапсырма

Ролдерге бөлініп, «Жигсо» әдісі арқылы оқулықтағы «Ток  күші. Амперметр. Электр кернеулігі. Вольтметр» тақырыптарын  3 ге бөліп береді.

Оқушылар 5 ролді: лидер, баяндамашы. Хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтайды.

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бағалау парағын жүргізеді.

Әр оқушы өзіне жүктелген ролдің міндеттерін атқарады. Дәптерге керек анықтамалар мен формулаларды жазып отырады.  Топ пікірлерін тыңдау.

Оқулық

12 мин

5. Тапсырма

Жеке жұмыс. Есептер шығару. Қосымша материалдардан

№1. Егер 20 Кл заряд өткізгіштің 20*10-2 м2 қимасы арқылы 10 с  ішінде өтетін болса, ток күші неге тең? І=2А

№2.  Қыздыру шамы арқылы 0,4 А  ток өтеді. Бір секундта шамның көлденең қимасы арқылы еркін зарядтардың қандай мөлшері өтеді? q=0,4 Кл

Оқушылар мұғалімнің берген есептерін  орындап, жұпта бір-бірін критерий қою арқылы бағалайды.

Дәптер, қалам

Критерий:

1.Тапсырмалардың толықтығы

2. Есептің берілгенінің дұрыс құрылуы

3. Нәтиженің дұрыстығы.

3 мин

6.Тапсырма

Кері байланыс

Не үйрендім, не қиын болды, сұрақ

Ақ парақ, қалам

1 мин

Үй тапсырмасы

 

Оқулықтан «Ток күші. Амперметр. Кернеу. Вольтметр» тақырыбын оқу.

Қосымша материалдардан іздену

Оқулық, интернет, дидактикалық материалдар

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
Ток күші.Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Ток күші Амперметр
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Электр кедергісі
Электр тогы
Тұрақты ток заңдары
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 4823 | Қосты: Карашаева Сауле Жарасбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык