Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қош бол,бастауыш!»


«Қош бол,бастауыш!»
Экранда кештің тақырыбы «Қош бол,бастауыш!» Музыка ойнап тұр.4-сынып оқушылары қонақтарды қарсы алады.
Музыканың сүйемелдеуімен экрандағы сөз өзгереді: «4 А телеканалы» Осы кезде балалар «4 А телеканалына қош келіпсіздер»

Экранда «Балдәурен» жазуы.Екі жүргізуші үстелге жақын келіп қағаздарын жайып, отырады.

Алина:Қайырлы күн!
Тілек:Эфирде «Балдәурен» әдеби -музыкалық телетоптамасы
Алина:Студияда Галиев Тілек
Тілек: және Алина Шаймерденова
Алина:Бүгінгі күннің негізгі жаңалығы 4 «а» сыныбында өтетін «Қош бол, бастауыш» тақырыбында өтетін кеш жайында болмақ. Т.Кенжебаев атындағы орта мектепте біздің арнаулы тілшімізТолыбаева Арайлым сыныпқа барып мән жайды біліп қайтты.Олай болса репортажға назар аударайық.
Арай: Қайырлы күн,құрметті көрермендер! Біз Т.Кенжебаев атындағы орта мектептің №3 кабинетінде тұрмыз.Мұнда 4-сыныпты бітірушілер және олардың ата-аналары жиналыпты.Мұнда мен бірнеше оқушыдан сұхбат алуға мүмкіндік алдым. (Экраннан 1-2 оқушыдан сұхбаты тыңдалады)
Керемет! Маған оқушылар 4-сыныпты емес 11-сыныпты аяқтап жатқандай боп көрініп кетті.Олар сондай көңілді! Барлық қиындықтар артта қалды деп ойлай ма екен?!Ал, ол олай емес, сыныптастар! Барлығы енді басталады!
Тілек!...
Тілек: рахмет Арай! Алина,(1-сыныптағы суреттер слайдпен көрсетіледі).
алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған кезің есіңде ме? Баста біз 20 едік.10 қыз,10 ұл.
Алина: 7 айдың ішінде бізді бірінші сыныпта оқып, жазуға үйретті.
Әліппемен де қоштастық.Тағыда сурет салуды,тігуді,спортпен айналысып,
ән айтуды үйрендік,ағылшын тілін меңгердік.Осының бәріне үйреткен біздің ұстаздарымызға мың алғыс және басымызды иеміз.Олай болса ұстаздар өздеріңізге арналған музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар!
«Мұғалім ол біздің» туралы әні
Тілек:Біз 4 жыл еңбек еттік.Ал 4 жыл дегеніміз-2 904 сабақ,102 сынып сағаты,
2433 у-шумен өткен үзілістер,тау болып оқылған кітаптар мен жазылған дәп-терлер,мән-мағанаға толы ертеңгіліктер мен кештер,байқаулар мен жарыстар,
сондай –ақ ұрсысып қайта татуласқан кездеріміз қаншама десеңізші.
Алина:Әрине,бәрі есімде! Маған әсіресе ұстаздар күніне өткізген ертеңгілік есімде қалыпты (суреттер)
Оқушылар ұстаздарға арнап тақпақтар оқиды және ән орындалады.
Тілек:Алина,білесің бе ағылшын тілін Қазақстанда былтырдан бастап 1-сыныптан бастап оқитын болды ғой.
Алина: Иә,қазір үш тілге қатты көңіл бөлінуде.Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Отан апайдың біздің сыныпта өткізген сабағынан үзінді түсіріп,
сұхбат алып келген тілшіміздің репортажына назар аударайық.Анел...
Анел Отан апайдан ағылшынша сұрақтар қойып,жауап алады.
Ағылшынша бір ән орындайды.
Тілек: Бүгін спорт жаңалықтарына тоқтала кетейік.Оны сіздермен таныс-тыратын Нұрлан.(Экранда спортзал)
Нұрлан: 4 жыл ішінде біз көптеген жетістіктерге жеттік.Дене шынықтыру сабағында біз денемізді шынықтырып қана қоймай,спорттық секцияларға қатысып,жарыстарға бардық.Осындай жетістікке жеткізген ең алдымен апайымыз Гүлмәриям апайды сөзге тарттық.
-Бастауышқа сабақ берген қиын ба?
-Сыныптағы қай оқушыны нағыз спортсмен деп айта аласыз?
-Болашақта біздің сынып оқушыларынан жетістіктер күтесіз бе?
-4 «а» сыныбына қандай тілек тілер едіңіз?
-Сұхбатыңызға рахмет.Алина..
Алина:Рахмет Нұрлан! Саған спортта жетістіктерге жете беруіңе тілектестік білдіремін,ал Гүлмариям апайымызға музыкалық сәлем жолдаймыз.
Тілек:Бүгінгі жаңалықтар топтамасын ауа райы мәліметімен аяқтаймыз. Сөз кезегін Жәмиляға береміз.Арнамыздан алыстамаңыздар,жаңалықтардан соң «Денсаулық» бағдарламасын тамашалаңыздар. (Экранда «Ауа райы»)
Жәмиля:Бүгін кешке мерекелік көтеріңкі көңіл күй мен күлімдеудің әсерінен жылы болады.Арасында бастауышпен қоштасатындықтан миымызда жеңіл үсік жүріп өтеді.Болжам бойынша жазда ашық күндер де,жаңбырлы күндерде болады.Ұлдар мен қаздардың бойлары да,ойлары да өседі.Ал 5-сыныптың күзі біздің оқушылар үшін терлеп еңбектенудің арқасында дымқыл,жаңбырлы болады.Тер –ол көз жасы емес.Ауа райын өзгертіп алмау үшін жазда:күнде оқы,көбейту кестесін қайталап жүр дегім келеді.Көңіл қойып тыңдаған-дарыңызға рахмет!
Экранда «Денсаулық»
Ақерке:Сәлеметсіздер ме,құрметті көрермендер! Сіздермен бірге
«Денсаулық» бағдарламасының жүргізушісі мен Ақерке.Бүгін бізде қонақта дәрігер Майра апай,себебі бүгінгі бағдарламамыз бітіргелі отырған түлектердің денсаулығы жайлы болмақ.
Майра апай:Сәлеметсіздер ме?!
Ақерке:Дені сау адам ғана жақсы жұмыс істеп,жақсы оқи алады және оған өмірде жеңілірек болатыны белгілі..Егер ауырсаң сабақты қалдырасың сыныптастарыңнан қалып қоясың.Мен осы 4 жыл ішінде ауруға берілмеген немесе ауырып сабақтан қалмаған оқушылар жайында білдім.Олар Жәмиля мен Алина,Нұрзила .Байқайсыз ба 4 жыл ішінде оқушылар кәдімгідей өсті.
Диаграммаға қарап көрейікші. Әр жыл әр түстермен көрсетілген.Ол әрбір оқушының әр жылдағы өсу динамикасы.Біз спортпен айналыстық,топсеруенге шықтық,жазғы сауықтыру лагерінде болдық.(суреттер) Алда жазғы демалыс келе жатыр.Айтыңызшы денсаулығымызға пайдасы болатындай жазды қалай өткізуіміз керек?
Майра апайдың әңгімесі:
Негізгі мақсат- ең алдымен күн тәртібін сақтау.Демалысты дұрыс өткізе білу керек.Түрлі қозғалыс ойындары,спорттық жарыстар,таза ауамен қыдыру, қозға-
лыс еңбектері сіздердің мықты болып өсулеріңізге жақсы әсерін тигізеді.Суға шомылуда пайдалы.Бірақ естеріңізде болсын шомылуға тек үлкендермен бірге барыңыздар.Көкөністерді,жемістерді көбірек пайдалану өсіп келе жатқан сіз-дердің ағзаларыңызға өте пайдалы.Сонымен қатар тазалық сақтау ережесін: тамақтанар алдында қолдарыңызды жууды,ертеңерте,кешке қарай жуынуды әдетке айналдыруды,тістеріңізді міндетті түрде тазалауды,жемістерді жуып жеуді ұмытпаңыздар.Тағыда айтарым денеңізді шынықтырумен қатар,милары-
ңызды тынықтыруды да ұмытпаңыздар.Есте сақтауды жаттықтыру керек,ол үшін күнделікті кітап,журнал оқу,жаңаны білуге құштар болу.Сонда ғана сіз
5-сыныпқа дайын болып келесіз.
Ақерке:Әңгімеңізге рахмет! Біздің балалар сіздің айтқан кеңесіңізді орындайды деп ойлаймын.Бізде қонақта болған мектебіміздің дәрігері Майра апай.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Арнамыздан алыстамаңыздар біздің бағдарламамызды КТК өнерлі серілері жалғастырады. Сіз үшін Майра апай Дина ән салып береді.
«Сергіту сәті»
КТК серілерінің өнері :3-4 интермедия. Қыздар биі
Алина:Құрметті ата-аналар! Біз студиямызға қайта ораламыз.
Экранда «Ата-аналар сіздер үшін» тақырыбындағы өзекті мәселе
Оқушы: Ата, ата, арман деген не?
Қария: Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.
Қария: Дос табу оңай ма?
Оқушы:Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
Қария: Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.
Қария:Үйдегі алтын қазығың кім?
Оқушы:Ата, үйдегі алтын қазық – бала.
Қария: Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.
Қария: Өмір сүру үшін не қажет?
Оқушы:Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет.
Қария: Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
Қария:Адамға ақыл беретін кімдер?
Оқушы: Ата, ана тілі ғой ақыл беретін.
Қария: Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады.
Оқушылар ата-аналарына арнап өлеңдер оқиды,ән айтады.

Мерекелік концерт:
-«Қазақ биі» орындайтын 4 а сынып қыздар тобы
-Халық әні орындайтын Нұрғали Санжар
-«Улыбка» орындайтын Абубакир Анел
-«Қыз бен жігіт» айтысы Аблақат пен Айсәуле
Алина:Мерекелік концертімізді ұйымдастырушы Талғат ағайға ду шапалақ.
Тілек:Құрметті көрермендер! Педагогикалық кеңестің қаулысы бойынша 4 а сыныбының барлық оқушылары 5 сыныпқа көшірілгені жайлы, сондай-ақ
біздің сынып жетекшімізбен таныстыру үшін «Балдәурен» студиясына Т.Кенжебаев атындағы орта мектептің директоры Ардақ Мұхаметжанқызы қонаққа келіп отыр.(2-3 сұрақ қойылады.)
Тілек:Апай ,көңіл күйіңіз қалай?
Алина:Сізге бүгінгі ертеңгілігіміз ұнады ма?
Тілек: 4 «а» сынып оқушыларына не тілер едіңіз?
-Ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтеді
-Сыныпты жаңа сынып жетекшімен таныстыру рәсімі.Ант қабылдау (әзілмен)
-1-сынып оқушыларына бастауыштың кілтін ұстату.Ант қабылдау
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Мерекеміздің салтанатты сәті басталады.Қазір сіздер «5-сыныпқа өту үшін ант» қабылдайсыздар.Т .Кенжабаев атындағы орта мектептің орта буынына өте отырып,өзімнің жолдастарымның алдында,еңбек-шіл мұғалімдеріміздің алдында құрметпен ант етемін:
Қуандық:
Тақта алдында, ең мықты қақпашы сияқты берілген қандай тапсырма, сұрақтар болсын оң құлағыммен қағып алуға ант етемін!
Денис:
Мұғалімдердің ашуын 100 градус Цельсияға дейін көтермеуге тырысамын деп ант беремін!
Санжар:
Мектеп каридорында тез және жылдам жүремін,бірақ жылдамдығым 60км/сағ. аспайтындай етіп жүруге ант етемін.
Алижан:
Мұғалімдердің үмітін ақтау үшін мықты және керемет білім алуға ант етемін!
Нұрлан:
Білім теңізінде тек «жақсыға» және «өте жақсыға» жүзуге,тіпті білімнің терең түбіне дейін жетуге ант етемін!
Барлығы:
- Мұғалімімізді ұятқа қалдырмауға ант етеміз!

1-сынып оқушысы қыз бала: О, мынау қандай керемет!
1-сынып оқушысы ер бала: Сіз кімсіз, ал сіз кімсіз? Менде сіздер сияқты болғым келеді және сіздер сияқты жетістіктерге қол жеткізіп, мектептің атын шығарғым келеді.
Аблақат: Інішек, ұмтылысын жақсы екен. Олай болса, «Бастауыштың білім кілтін» табыс етейік.
Жәмиля: Бұл кілт аркылы сендер ұмтылған нәрселерінін барлығына қол жеткізесіндер!
1-сынып оқушысы қыз бала: БІЛІМ АЛУҒА, ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУҒА, ОТАНДЫ КОРҒАУҒА, ТІЛІМІЗ БЕН САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ САҚТАУҒА,
1-сынып оқушысы ер бала: МӘДЕНИЕТТІ БОЛУҒА, ҮЛГІЛІ БОЛУҒА, ЕРІНБЕЙ ЕҢБЕК ЕТУГЕ, МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАҢКЫН КӨТЕРУГЕ, (бәрі) АНТ ЕТЕМІЗ!!!
Қорытынды: «Ұстазым» әнімен аяқталады
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ерте жастан ағылшын тілін үйрету
Менің досым
Соңғы қоңырау» мерекесі
Бастауышпен қоштасу.
​Бастауышым - балбұлағым.
Бастауышпен қоштасу
«Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу кеші
«Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу
Қош бастауыш.
Mектепалды даярлық тобының қоштасу кеші
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 7832 | Қосты: Исмаилова Бағлан Әбдрәсілқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык