Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөз- мерген


Сөз- мерген

Сөз- мерген

Тақырып: «Сөз- мерген» білгірлер сайысы

Мақсаты: Танымдық қабілеттерді дамыту, ой өрісті кеңейту, тұрақты сөз тіркестері, мақал - мәтелдер және көнерген сөздердің мағынасын ашу, түсіну. Мемлекеттік тілге  деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, қазылар алқасына жауаптардың қорытындылары жөніндегі бланк, тірек, сызбалар.

1Жүргізуші

Армысыздар ұстаздар, оқушылар, қадірменді қоңақтар!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің! – дей отырып, 7«в», 7 «Б» сынып оқушыларына арналған «Сөзмерген» қазақ тілін білгірлер сайысын назарларыңызға ұсынамыз!

Ақталған ақ арманы, үміттері,
Қашан көрсең жүреді күліп тегі
Қаумалаған ағайын, аманбысың,
Аманбысың, сайыстың үміткері
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

2Жүргізуші

Шын жүйрік шабысымен танылады,

Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады
Әділғазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1Жүргізуші

Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,
Шарттарын сайыскерлер біле ме екен? – сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.

Сайысқа барлығы 8 оқушы қатысады. Сайыс үш кезеңнен тұрады. «Мықты болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр».. Жеңімпаз «Сөз мерген» дипломымен және сыйлықпен марапатталады..

Сайыстың шарты түсінікті болса, «Сөз-мерген» тіл-танымдық ойынынын бастаймыз.

2Жүргізуші

1 – кезең. «Мықты болсаң, тауып көр».

Бұл бөлімде қазақ тілі мен қазақ әдебиетіне және логикалық сұрақтарға байланысты тест тапсырмаларын орындайсыздар. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Экранда берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берсеңіздер, қоржындарыңызға 1 ұпайдан қосылады.

а)      сөзжұмбақ

1Сұрау мағынасындағы  айтылатын сөйлемді қандай сөйлем деп атайды? – сұраулы

2Мағыналары жуық, өзара мәндес сөздер тобын қалай атайды?-  синоним

3 Қазақ тілінің тіл дыбыстарын ,дыбыстар жүйесін зерттейтің саласы қалай аталады?- фонетика

4 Сөйлеуші сөйлеп тұрған мезгілден бұрын болып кеткен іс- әрекет қандай шақта болғаны?- өткен шақ

5 Адамның көңіл – күйіне байланысты  айтылатын қыстырма сөздерді қалай атайды?- одағай

6 «Кіммен? Немен?» деген сұрақтарға жауап беретін қандай септік?- көмектес септік

7 «Кімді? Нені?» деген сұрақтарға жауап беріп ,сабақты етістік жасауға негіз болатын қай септік?- табыс септік

8 Тілдегі барлық сөздердің жиынтығын, олардың мағынасын зерттейтін – қазақ тілінің қай саласы?- лексика 

9 Таза сөзінің антонимі.-  лас

ә) Шарты: берілген мақалдардың жалғасын табу

 Білекті бірді жығады Әдептілік белгісі Білімді мынды жығады Иіліп сәлем бергені Дос жылатып айтар Батыр туса – ел ырысы Адам көркі шөберек Дұшпан күлдіріп айтар Жауын жауса жер ырысы Ағаш көркі жапырақ


(Экраннан тест тапсырмалары көрсетіледі.

Тест сұрақтары

1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) ы       В) а       С) о       Д) у       Е) ә

2. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) сынып, парта    В) дәптер, қалам    С) мереке, білім    Д) қыркүйек, қоңырау    Е) кітап, оқушы

3. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Кету.     В) Жүру.     С) Жету.     Д) Секіру.     Е) Қайту.

4. Жалпы есімді табыңыз.

А) Балқаш.     В) Сырдария.     С) Бетпақдала.     Д) Тау.     Е) Жамбыл.

5. Керекті зат есімді табыңыз.

    Мен дүкеннен жаңа ... сатып алдым.

А) Сабақ.     В) Үй.     С) Көйлек.     Д) Дәптерде.     Е) Қаламның

6  Шығыс септігіндегі зат есімді табыңыз.

А) Сабақтар.     В) Табысқа.     С) Дәрігерден.     Д) Гүлді. 

   Е) Оқушының.

7 . Тұйық етістікті көрсетіңіз.

А) Жуу.     В) Ашық.      С) Күндерде.      Д) Жақсы.    Е) Кірген

8 . Күрделі сан есімді табыңыз.

А) Бесінші.     В) Екі.     С) Алты.     Д) Үш жүз жетпіс.     Е) Төртеу.

9. Күрделі реттік сан есімді табыңыз.

А) Он-он бес.   В) Екі бүтін оннан үш.   С) Он бір.   Д) Он бірінші.  

Е) Отыз тоғыздан.

10. Тиісті сан есімді қойыңыз.

    Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.

А) Екі бүтін үш ондық.     В) Екінші.     С) Екі-екіден.     Д) Екі.    

 Е) Екеу.

11. Табыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.

А) Бұны.     В) Бұлар.     С) Бұнысы.      Д) Бұнымен.     Е) Бұдан.

12. Қосымшасыз тұрған түбір сөзді көрсетіңіз.

А) Тон.     В) Көріңдер.     С) Отырғыз.     Д) Жарату.     Е) Сыйғыз.

Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. Барлығы 12тест. Тест нәтижесі бойынша ұпай саналады.

2Жүргізуші

ІІ кезең:

Енді екінші кезеңге көшеміз

ІІ кезең – «Жүйрік болсаң, шауып көр», бұл кезеңде ауызша тапсырмалар беріледі.Тапсырмаға ең бірінші қол көтерген сайыскер жауап береді. Мұнда сіздердің шапшаңдықтарыңызбен қатар, қазақ  тілімізді түсіну деңгейлеріңіз тексеріледі.

Тез жауап бер

1 «Кел, балалар, оқылық !» өлеңін кім жазды?
2 Мұхтар Әуезовтің Абай туралы роман – эпопеясы қалай аталады?
3 Ілияс,Сәкен,Бейімбетті әдебиетте қалай атайды?
4 Абайдың анасы кім?
5 Заттың атауын білдіретін сөз табы?
6 Заттың қимылын білдіретін  сөз табы?
7 Заттың санын білдіретін сөз табы?

Әр топқа 12 сұрақ қойылады

1-ші топ

1Білім алатын орын?
2Тышқан аулайтын жануар?
3 «Наследие» сөзінің аудармасы?
4Суретші не салады?
5Шөлдегенде не ішесің?
6 Қолыңа не тағасың?
7Сыныпта отырған кім?
8 Балаларды оқытатын кім?
9 «Родина»- қазақша Қалай?
10 Жаттығуды қайда жазасың?
11Адамның денсаулығын қарайтын кім?
12 «Дружба» – қазақша Қалай?

2-ші топ

1Аспанда не көп?
2Қазақстанның рәміздерін ата
3Жыртқыш аң
4Не ұшады?
5Кітапты неден жасайды?
6Біздің Отанымыз
7Республикамыздың астанасы
8Бізді тәрбиелеп өсірген кім?
9 «Гражданин» сөзінің аудармасы
10 Не ағады?
11 «Искусства» қазақша қалай?
12 Тоғайда  от сөндірмей кетсең, не шығады?

1 Жүргізуші

Осымен сайыстың ІІ кезеңі аяқталды. ІІ кезеңнің қорытындысы шыққанша көрермендерге  Жұмбақ:

2Жүргізуші

ІІІ кезең:
1)Енді үшінші кезеңге көшеміз. ІІІ кезең – «Ойлы болсаң, озып көр», Тапсырма музыка ойнайды). Бұл әнді,күйді жазған кім?

2) Грамматикалық тапсырма .Бір санды таңдап, берілген тапсырмаға тез жауап беру керек  (Төрт сұрақ)

Осымен сайыстың ІІІ кезеңі аяқталды.

Әділқазылар алқасы берілген жауаптарға байланысты бағалайды.
Қорытынды шығарылып, жеңімпаз топ анықталады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл сайысы
«Сөзмерген» танымдық ойыны
Тест тапсырмалары
СӨЗ – МЕРГЕН
Алтын қақпа
Тест сұрақтары, Фонетика
Білгірлер сайысы
Тест тапсырмалары
«Сан есім» тақырыбы бойынша
Септіктер, 4-класс
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 3401 | Қосты: Ережепова Сауле Мухамедрахимовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык